Инъекция. Иненің шаншу әдістері Пәні


Инъекция әсерінен пайда болатын асқынулар, алдын алу



бет7/8
Дата03.09.2022
өлшемі0.62 Mb.
#460159
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
иньекция, иненің шаншу әдістері

Инъекция әсерінен пайда болатын асқынулар, алдын алу.
I. Жергілікті:инфилтрат, абсцесс. иненің тромбозы, флебит, тканнің некрозы, гематома. 

II. Жүйелі: ауалы эмболия, майлы эмболия, сепсис, анафилактикалық шок, вирусты гепатит, ЖИТС. 

Инфильтрат -тері астылық және бұлшықет ішілік инъекцияларынан соң, инъекция жасаған жерде болатын қатаюдың пайда болуы. Егер
• Инъекция өткір емес инемен жасалса;
• Бұлшыкет ішілік инъекцияға кыска ине колданса;
• Инъекцияның орны дұрыс болмаса:
• Бір орынға жиі инъекция жасалса;
Суық ерітінділер қолданса, инъекция жасаған жерде қолға сезілетін инфильтрат пайда болады. Инфильтрат болған жерге жылытқыш компрестер және қыздырғыш қою қажет.
Абсцесс -пиогенді мембранамен жан жағындағы ткандерден шехтелген жұмсақ ткандердің іріңді кабынуы. Себебі асептикамен антисептика ережелерін сақтамауға байланысты. 

Медикаментозды эмболия майлы ерітінділерді тері астына немесе бұлшықетке салғанда кан тамырларына түсіп,оны бітеп қалады,соның» салдарынан тканің некрозына алып келеді. 

Некроздың белгілері-инъекция жасаған аймақта ауру сезімі үдеп, ісініп ,жергілікті және жалпы дене қызуы көтеріледі. Егер май көк тамырда болса, кан ағымымен ол өкпе қан тамырларына барады.Өкпе қан тамырларының эмболиясының белгілері: кенеттен пайда болатын тұншығу ұстамасы, жөтел, ентігу, тахикардия, қан қысымының төмендеуі, дененің жоғарғы бөлігінің көгеруі(цианоз), кеуденің қысылу сезімі. Тіпті өлімге алып келуі мүмкін. 

Майлы ерітіндіні саларда сақталуы қажет ереже:ампуланы алдын ала жылыту, салған кезде орнын дұрыс таңдау және "қан тамырына түспегендігіне көз жеткізу мақсатында итергішті тартып көру. Қан пайда болған жағдайда ол жерге салуға болмайды. Басқа жерге немесе инені сәл ары қарай не бері қарай тартып, тағы да тексергеннен кейін ғана салған жөн. Итергішті тартьш көргенде қан болмаса ғана салуға болады. 

Ауалық эмболия көк тамыр ішіне инъекция жасағанда немесе ерітінді кұйғанда ауа кету салдарынан пайда болуы мүмкін. Бұл аскынуда майлы эмболия сияқты қауіпті болып табылады. Клиникалық белгілері де соған ұқсас. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет