Ескерту: - қолданылған инеге қайтадан қалпағын кигізуге, инені майыстыруға және сындыруға, ауыстыруға тыйым салынады.
- қолданылған шприцтерді, инелерді, системаларды су өткізбейтін, тесілмейтін бір реттік медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинаауға және жоюға арналған контейнерге салу қажет.
ФЛАКОННАН ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ СОРЫП АЛУ
Мақсаты: дэрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті,
мақта шариктерін, қолгапты, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті,
флакондагы дәрілік ерітіндіні, еріткішті, 70% спиртті, лотокті, қауіпсіз жоюга арналган контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрігер тағайындаған дәрілік затты қолға алып, ем тағайындайтын парақпен салыстырыңыз.
2. Дәрілік заттың атын, дозасын, көңіл қойып оқыңыз сақталу мерзімін және сыртқы көрінісін тексеріңіз
3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз. Қолғапты киіңіз.
4. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).
5. Зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті алып, флаконның алюминий (күміс тәрізді) қақпағының ортанғы бөлігін ашыңыз.
6. Тері антисептигіне суландырылған мақта шаригімен флаконның резеңке тығынын сүртіңіз. Оны кептіріңіз.
7. Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз: II саусақты иненің канюлясында, I, III және IV саусақтарды – цилиндрде, V саусақты – шприц поршенінде ұстаңыз.
8. Шприцті 900 бұрышта ұстап отыра, флакон тығынының ортасын инемен тесіп, флаконға инені 0,5-1,0 см енгізіңіз, сол қолмен флаконды ұстаңыз.
9. Флаконның түбін жоғары қаратып көтеріп, сол қолдың II және III саусақтары арасында ұстай отыра, IV саусақ – канюляда, I және V саусақтарды шприцтің цилиндрінде ұстаңыз. Оң қолмен дәрілік ерітіндіні қажет мөлшерде сорып алыңыз.
10. Шприцті сорып алған дәрілік ерітіндісімен флакон инесінен алып тастаңыз, инъекцияға арналған инені шприцке кигізіп, оны бекітіңіз.
11. Шприцті сол қолға тік қалыпта көз деңгейінде инесін жоғары қаратып ұстаңыз: V саусақ – шприц поршенінде, II саусақ - иненің канюлясында, I, III және IV саусақтар – цилиндрде).
12. Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, ІІ және ІІІ саусақтармен цилиндрдің жиегінен ұстаңыз. Иненің өткізгіштігін тексеріп, ауаны және 1-2 тамшы ерітіндіні шығарыңыз. Инеден қорғаныш қақпағын алмайды.
13. Дайындалған шприцті және тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.
14. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |