Информационное письмо


Дәріс 10 Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану



бет15/33
Дата15.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470835
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Жанартылған билим УМКД

Дәріс 10
Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

  1. Білім салалары

  2. Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ)

  3. Сандық видеоны қолдану, аудио және подкастинг, Wiki беттері

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдану қажет. Осы тарауда ұсынылған ақпарат мұғалімдерге оқыту барысында ғылыми жетістіктерді пайдалану, оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсетуге арналған.


Дәріс 11
Талантты және дарынды балаларды оқыту

  1. Мұғалiмнің оқушының талантты немесе дарынды анықтау жолы

  2. Талантты және дарынды балаларды оқыту ерекшелігі

Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл - ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Тәжiрибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпымектептік саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті. Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердiң мұғалiмдерi өздерін «дарынды бақылаушылар» ретiнде көрсетуге тиіс (Eyre and Lowe, 2002).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет