Информационное письмо



бет20/61
Дата10.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#454513
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61
Көркем мәтінге лингвистикалық талдау

Бақылау сұрақтары:

  1. Мәтіннің негізгі категориялары қандай?

  2. Мәтіндегі подтекст категориясы.

7 дәрістің тақырыбы: Қарсы мәндес сөздердің стильдік қолданысы.



  1. Қарсы мәндес сөздердің стильдік қолданысы.

  2. Поэзия тілінде қарсы мәндес сөздердің қызметі.

  3. Прозада қарсы мәндес сөздердің жұмсалуы.

Дәрістің мақсаты: Мәтіндегі қарсы мәндес сөздердің стильдік қолданысын түсіндіру.

Қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарды, адамның сан алуан қасиеттерін қарама-қарсы ұғымда бейнелейтін әрі поэтикалық қызмет атқара алатын құралдардың бірі - мағыналары қарама-қарсы антоним сөздер болып табылады. Антонимдер қолданыс тұрғысынан ұлттық тілімізде, оның ішінде көркем шығарма тілінде, синонимдермен бір қатарда тұратын құбылыс болып табылады. Бұлай болуы да заңды, себебі олардың мағыналық табиғатының өзі тіл реңділігін туғызуға арналған дейді кей ғалымдар. Антонимдер дүниедегі заттар мен құбылыстардың сапасын, қасиетін, көлемін, мөлшерін салыстырып және қарама-қарсы қоюдан шығады. Сонымен қатар, өлім мен өмір, жақсылық пен жамандық, білім мен білімсіздік сияқты кереғар ұғымдарды көрсету арқылы ақынның философиялық ой түйінін, өмірге көзқарасын білдіреді. Адамзат баласы дүниеге келгеннен бастап өмірдегі қарама-қайшылықты байқай бастайды және бұл заңдылық екенін аңғарады. Шынында да өмір бар жерде өлім де бар, жақсы бар жерде жаман бар, қуаныш пен қайғы бірге жүреді. Яғни дүниедегі құбылыстардың барлығын егіздеп, қарама-қарсы қоя отырып қана тани аламыз. Ал тілде осы қарама-қайшылықтарды көрсететін сөздерді антоним деп атайды. Жалпы кез келген жазушының тілінде антоним сөздерді қолдануы арқылы шығарма тілінің көркемдігін ширата түседі. Прозалық шығармадан гөрі поэзияда антонимдердің жұмсалу аясы кең. Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Поэзияда антонимдер шендестірудің бір тәсілі ретінде қолданылады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше мәнерлі болып бейнеленеді.

Антонимдер қайшылыққа толы өмір шындығын дәл суреттеуде ғана емес, бәлкім өмірден де күрделі жан дүниеміздегі кереғарлықтар мен арпалыстардың, сезім құбылыстарының жарыққа шығуына да өз үлесін қосып отырады.

Антонимдердің стильдік мүмкіндіктері халық ауыз әдебиетінде де назардан тыс қалмаған. Мысалы,

Мінген атың құла ғой,

Сен үлкен де, мен кіші,

Кезегіңді ала ғой.

Сендер көп те, мен жалғыз,

Білгеніңді қыла ғой,

Бір баланы кемсінсең.

(Қобланды батыр)

Осы мысалда үлкен-кіші, көп-жалғыз антонимдері шендестіре отырып, жырдың әсерін күшейте түскен. ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде де антонимдер ойды көркемдеп жеткізуде жиі қолданылады. Бұқар жыраудың туындыларына үңіліп көрейік:

1. Арғымақтың жалы жоқ,

Жабылар жалыменен теңелер.

Жақсылардың малы жоқ,

Жамандар малыменен теңелер.


  1. Алла деген ар болмас,

Ақтың жолы тар болмас.

Тар пейілді кеңімес,

Кең пейілді кемімес.

  1. Құбылып тұрған бәйшешек,

Қурай болар солған соң.

Ақиық қыран төмендер,

Екі қанат талғанда,

Сөге көрме, Абылай,

Мен пақырда сән бар ма,

Уақытым мұндай болғанда.

Бұқар жырау бір-бірінен алшақ, қарама-қарсы ұғымдарды өзара шендестіре, салыстыра келіп, өзінің философиялық ой толғамдарын жеткізеді. Арғымақ пен жабы, жақсы мен жаман деп шендестірумен бірге егіздеу де бар. Тар пейілді, кең пейілді деп қарама-қарсы қоюда, адамның пейілі, ниеті жаратылысынан, қанмен сіңген қасиеті өзгермейді дегендей ой айтады. Бәйшешек пен қурайды салыстыра отырып, әр нәрсенің дәуренінің өтпелі екенін, уақыты жеткенде соларын астарлап айтып өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет