Информационное письмо



бет19/61
Дата10.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#454513
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61
Көркем мәтінге лингвистикалық талдау

Бақылау сұрақтары:

  1. Мәтін категориясы дегеніміз не?

  2. Мәтіндегі грамматикалық және мағыналық категориялардың қызметі.

6 дәрістің тақырыбы: Мәтін талдаудың лингвистикалық категориялары.



  1. Мәтіндегі мағыналық категория.

  2. Көркем мәтінді талдаудағы басқа да категориялар.

Дәрістің мақсаты: Мәтін талдаудың лингвистикалық категорияларымен таныстыру.

Мәтіннің ең негізгі категорияларының бірі хабар беру (информативность). Көркем шығармадағы бүкіл баяндалатын оқиға деген эмоциясы т.б. тікелей автордың түпкі ойына байланысты. Көркем мәтін көркем образ, идеялық - эстетикалық информацияны жасаушы ретінде ерекшеленеді. Көркем мәтін кез- келген информациялық белгі - хабарлаушы болып табылады. Лексика - сөз, хабар берудің негізгі көзі, яғни сөз мәлімет берудің негізі. Мұда кілт, яғни түйін сөздердің және өте жие қолданылатын лексиканың үлесі жоғары деңгейде тұрады. Мәтіннің өні бойында автор ойды ұстап тұрған әрі мәлімет беретін тірек сөзге көбірек айналып соғып, қайталайды.

Мәтін түзетін тілдік единицалардың функциясы мәтін ішінде айқындалып қызмет етіп тұрады.

Мәтіндегі тағы бір көрінетін категория - подтекст категориясы, яғни қосымша мағына жасау техникасы.

Подтекст деген фонемендік нәрсе, құбылыс деуге болады. Әдебиетшілердің көңіл қойып зерттеген бұл мәселесіне тілшілер кейін ғана назар аудара бастады. Подтекст ХХ ғасыр әдебиетінің жетістігі ғана емес, ол кез келген көркем шығарманың жазылғаныша, уақытына қарамастан бұрыннан келе жатқан түсінік. Подтекст мәтін категориясы ретінде психологиялық прозаның авторлық позициясын эмоционалды, бағалаушы фактор. Подтекст болу үшін түгел мәтін жасалуы қажет. Подтекст туралы былай деуге болады: ойды жеткізуді сөзбен емес, немесе тікелей айту емес, ерекше тұспалмен оқушы өзінің көңіл көзімен аңғаратын тұстар болады. Мәселен, сипаттамалы суреттеу, кейіпкерің мінез-құлқын баяндау, ауа - райын суреттеу. Суреттеу контексінің мақсаты - алдын ала болатын оқиғаны болжамдау, оқушысын дайындау.

Мәтін адамның жан - жақты көрінуіне оның жеке тұлға ретінде толық ашылуына мүмкіндік береді. Көркем шығарманың эстетикалық әсері - түрлі әлеуметтік мәдени факторларға, әрі жеке стильге байланысты.

Мәтіннің прагматикалық бағыты оның құрылысымен байланысты болады. Қандайда болмасын сөйлеу актісі белгілі бір адресаттың моделіне есептелген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет