Сұрақтары:
-
ДК құрамына қандай негізгі блоктар кіреді?
-
Микропроцессор дегеніміз не және оның атқаратын қызметі қандай?
-
Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында не орналасады?
-
Дискіні форматтау не үшін қолданылады?
-
Винчестер дегеніміз не?
-
Монитор, жүйелік блок, пернетақта, принтер құрылғыларының атқаратын қызметін атаңыз?
-
Жұмыс үстелінің негізгі төрт объектісін атаңыз?
-
«Пуск» бас мәзір командаларының қызметін атаңыз?
-
Терезе түрлерін атаңыз: анықтамалық, сұқбаттық, қолданбалы бағдарламалық және қалталық.
-
Жаңа таңбашаны қалай құруға болады?
-
Блокнот мәтіндік редакторында құжатты қалай құруға болады?
-
Графикалық құжат қалай құрылады?
-
Құрылған құжатты C:\Student қалтасына қалай сақтауға болады?
-
Сақтау және Қайта сақтау командаларының арасында қандай айырмашылық бар?
-
Архиватор-бағдарламасының қызметі.
-
Диск дефрагментациясы дегеніміз не?
Сауалнамалар: «Компьютердің аппараттық және программалық жабдықтамасы. Операциялық жүйе (ОЖ)» тақырыбын «Информатика» сауалнамалар жинағынан қараңыз.
Бағалау: 5- мин
Оқытушы білім дағды құзыреттілігін сараптайды.
Оқытушы студенттің практикалық жұмысын, қатесін тексереді. Кейін оқытушы әрбір студенттің жетістігі мен кемшілігін атап өтіп студенттің екі құзыреттілігі (біліктілігі және практикалық дағды) бойынша журналға баға қояды.
№4 тақырып. Қолданбалы программалық жабдықтама. Mәтіндік процессорлар
Мақсаты: Мәтіндік құжатты құруды, сақтауды, өңдеуді және пішімдеуді (колонтитулды кірістіруді, орфографиялық тексеруді, мәтінді өңдеуде белгілеуді, ауыстыруды және іздеп табуды) оқып-үйрену. Құжаттармен жұмысты жеңілдететін және тездететін арнайы функцияларды оқып-үйрену: автоауысу, автомәтін. Мәтіндік редактордың үлгілерін оқып-үйрену. кестені құруды, оны өңдеуді және кестеде есептеулер жүргізуді оқып-үйрену. Графикалық объектілермен жұмыс істеуді оқып-үйрену.
Оқытудың міндеті: Құжатты безендіру, пішімдеу және мәтінді өңдеу, сонымен бірге колонтитул қою, автоауыстыру, автомәтін, сақтау және мәтіндік үлгілерді енгізудегі практикалық біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру. MS Word мәтіндік редакторын өз кәсіптік деңгейінде қолдану мүмкіндігін қалыптастыру.
Ұйымдастыру кезеңі: 5-мин.
Студенттердің сабаққа қатысуын тексеріп, келмеген және дайындалмаған себептерін айқындап, жаңа сабаққа назар аударуын ұйымдастыру.
Құзыреттілікті қалыптастыру саны: біліктілік және практикалық дағды.
Тақырыптың негізгі сұрақтары – 45 мин:
-
Мәтінмен жұмыс істеу, сақтау, пішімдеу және өңдеу.
-
Бірнеше құжаттық терезелермен жұмыс істеу. Алмасу буферінің қызметі. Іздеу және ауыстыру.
-
Офографиялық тексеру (синонимдер, антонимдер). Автоауыстыру және автомәтін. Автоматты түрде құжатты сақтау.
-
Мәтінді өңдеу (кадр және үлкен әріп (буквицы)).
-
Тізімдер. Колонтитул.
-
Үлгілермен жұмыс істеу.
-
Библиографиялық безендіру.
-
Кестелер (кесте құру тәсілдері, кесте құрылымын өзгерту және оны өңдеу, кестеде есептеулер жүргізу). Берілгендер бойынша диаграмма тұрғызу.
-
Графикалық объектілерді енгізу және онымен жұмыс істеу (сурет, клип, фигурлар, диаграмма, SmartArt, WordArt, формула, символ).
Үзіліс -10 мин.
Оқыту және сабақ беру әдістері: типтік және ситуациялық есептерді шешу
Құзыреттілікті қалыптастыру әдістері:
-
ДК-де тестілеу (студент берілген тақырып бойынша минимальді білімді және дағдыны тексеруге арналған теориялық сұрақтардан, негізгі анықтамалардан тұратын тестке жауап беруі тиіс);
-
ДК-де практикалық жұмыстың нәтижесін тексеру (студент сабақта нақты дағдыны алу үшін жеке тапсырмаларды орындауы тиіс).
Студенттің өз бетімен жұмысы: -50 мин
Біліктілікті, практикалық дағдыны қалыптастыру: ситуациялық есептерді шешу.
Тапсырмалар:
-
№
|
Тапсырмалар:
|
Бағалау критерийі
|
1
|
Мәтінді өңдеу және пішімдеу.
|
15 балл
|
|
Автотасмалдауды тағайындап, мәтін теріңіз.
|
1
|
|
Мәтінді 3 абзацқа бөліңіз.
|
1
|
|
Абзацты, сөзді, жолды және құжатты ерекшелеудің 3 түрін көрсетіңіз.
|
3
|
|
Абзацты әртүрлі әдіспен 3 рет көшіріңіз.
|
2
|
|
Әрбір абзацтың түсін және қаріпін өзгертіңіз.
|
2
|
|
1-ші және 2-ші абзацты біріктіріп, қайта ажыратыңыз.
|
2
|
|
Беттің параметрін тағайындаңыз:
азат жол -2,5; жол аралық интервал -1; 1- абзацты сол, 2-абзацты орта тұс, 3-абзацты ені бойынша шектеңіз.
|
4
|
2
|
Кестемен жұмыс.
|
15 балл
|
|
4х5 кестесін құрыңыз.
|
2
|
|
1-жолды біріктіріңіз, 1 ұяшықты 2 бағанға және 3 жолға бөліңіз.
|
3
|
|
1-жолдың үстіне және ең соңғы жолға қосымша жолдарды қосыңыз.
|
2
|
|
2-ші бағанның қасына 1 баған қосып, қайта жойыңыз.
|
2
|
|
Кестені 2-ге бөліп, қайта қосыңыз.
|
2
|
|
3 –ші абзацты кестеге айналдырыңыз.
|
2
|
|
Кестені мәтінге айналдырыңыз.
|
2
|
3
|
Бетті безеңдіру.
|
15 балл
|
|
Құжатты бос 4 беттен тұратындай етіп тағайындаңыз.
|
2
|
|
Жоғарғы тақ беттің колонтитулына – факультетіңізді жазыңыз.
|
2
|
|
Жоғарғы жұп беттің колонтитулына – тегіңізді жазыңыз.
|
2
|
|
Төменгі колонтитулға - бет нөмірін кірістіріңіз (орта тұсқа).
|
2
|
|
1-ші беттен колонтитулды алыптасаңыз.
|
2
|
|
Тақ беттерді – «Альбомная», жұп беттерді «Книжная» етіп тағайындаңыз.
|
3
|
|
Бет өрісін: жоғарғы және сол - 2см, төменгі және оң - 1см тағайындаңыз.
|
2
|
4
|
Тізім. Формула енгізу.
|
15 балл
|
|
Номерленген тізімді орнатып, 5 пәннің атын теріп жазыңыз.
|
2
|
|
Тізімді енді маркерленген тізімге ауыстырыңыз.
|
3
|
|
Көп деңгейлі тізім енгізіңіз.
|
5
|
|
Квадраттық теңдеуді теріңіз.
|
5
|
5
|
Графикалық объектімен жұмыс істеу
|
10 балл
|
|
3 фигураны кірістіріңіз.
|
2
|
|
Фигураларды топтастырыңыз.
|
2
|
|
Топтасқан фигураларды жіктеңіз
|
2
|
|
Фигураны мәтіннің артына (алдына), ортасына (сол шетіне) орналастырыңыз.
|
2
|
|
Фигураның түсін, көлемін және көлеңкесін тағайындаңыз.
|
2
|
6
|
Құжатты қорғау
|
15 балл
|
|
Мәтінді жасырып, қайта ашыңыз.
|
5
|
|
Құжатқа әрбір 15 минут сайын автосақтауды тағайындаңыз.
|
5
|
|
Құжатты қорғаңыз.
|
5
|
7
|
Шаблон. Автоауысу. Терезелермен жұмыс.
|
15 балл
|
|
Резюме жазыңыз.
|
5
|
|
Автоауысу (ҚазҰМУ сөзін өз тегіңізге ауыстырыңыз. Тексерілген соң қайта жойыңыз).
|
5
|
|
Ағымды құжатты екі терезеге бөліңіз. Ашық терезелерді реттеңіз (упорядочить).
|
5
|
Әдебиеттер:
-
Богумирский Б. Энциклопедия Windows 98., 2-е изд., СПб. “Питер”. 2001.
-
Гельман В.Я. Медицинская информатика.СПб. “Питер”. 2001.
-
Герасевич В.. Компьютер для врача. СПб. 2002.
-
Симонович С. В. Информатика. Базовый курс.СПб. “Питер”. 2003.
-
С.В.Глушаков, А.С.Сурядный Персональный компьютер. М.Фолио.2004.
-
Хэлворсон М., Янг М. Эффективная работа с Microsoft Office 2000. СПб. “Питер”. 2001.
-
Робин У. Эффективная работа с Microsoft Word 2000. СПб. “Питер”. 2001.
-
Андаспаева А.А. Новичку о работе на персональном компьютере Windows – 95, 98 Алматы. 2001.
-
Бөрібаев Б. Информатика және компьютер, Алматы "Білім" 1995 ж.
-
Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.Б., Дәулетқұлов А.Б. «Жаңа информациялық технологиялар» Алматы, 2003 ж.
-
Байжұманов Б.Қ, Жапсарбаева Л.Қ.. Информатика. 2004ж.
-
Жапарова Г.Ә. Информатика негіздері. 2006 ж.
Үзілісі -10 мин.
Студенттердің оқытушымен бірігіп істейтін жұмысы: - 25 мин.
Жұмыстың практикалық бөлігі аяқталғаннан соң оқытушы студенттердің практикалық жұмыстан алған нәтижелерін дұрыстығын тексереді. Содан кейін оқытушы тақырыпты студенттермен бірге талқылайды және оның практикалық қолданылуын сұрайды.
Соңғы білім деңгейлерін бақылау -20 мин.
Оқытушы студенттердің практикалық жұмыс нәтижелерінің қорытындысын тексереді. Тақырыпты сараптай отырып бақылау сұрақтарын жүргізеді. ДК-де тестілейді.
Бақылау
Сұрақтары:
-
Word мәтіндік редакторын қалай жүктеуге болады?
-
Word мәзірінің негізгі бөлімдерін атаңыз?
-
Құжаттағы қаріп өлшемін, түсін қалай өзгертуге болады?
-
Жоларалық интервал қалай беріледі?
-
Бетті қалай нөмірлеуге болады?
-
Бетке колонтитулды қалай қоюға болады?
-
Сөздің дұрыс жазылу нұсқасына, стандартты қатені қалай келтіруге болады?
-
Автомәтін функциясының қызметі?
-
Автомәтін элементтерінің сақталуы қалай жүзеге асады?
-
Автомәтін элементі ретінде суретті қолдануға бола ма?
-
Құжатты шаблон ретінде сақтау кезіндегі сіздің әрекетіңіз?
-
Құжатты автоматты түрде сақтау қалайша жүзеге асады?
-
Кестені қалай қоюға болады?
-
Кестеге баған және жолды қалай қосуға болады?
-
Кесте ұяшығындағы мәтінді тік және көлденең тегістеуді қалай өзгертуге болады?
-
Құжатқа графикалық бейнелеуді қалай қоюға болады?
-
Бейнелеудің ішкі түрін қалай өзгертуге болады?
-
WORD мәтіндік редакторына диаграмманы қалай орналастыруға болады?
-
Мәтінді WordArt көмегімен қалай безендіруге болады?
-
Құжатқа ерекше символды қалай кірістіруге болады?
-
Формула редакторы мен қалай жұмыс істеуге болады?
Сауалнамалар: «Мәтіндік процессор MS Word» тақырыбын «Информатика» сауалнамалар жинағынан қараңыз.
Бағалау: 5- мин.
Оқытушы практикалық және коммуникативті дағды құзыреттілігін сараптайды.
Оқытушы студенттің практикалық жұмысын, қатесін тексереді. Кейін оқытушы әрбір студенттің жетістігі мен кемшілігін атап өтіп, студенттің екі құзыреттілігі (біліктілігі және практикалық дағды) бойынша журналға баға қояды.
№5 тақырып. Қолданбалы программалардың жабдықтамасы: Электрондық кестелер.
Мақсаты: MS Excel электрондық кестесенің интерфейсімен танысу, электронды кестемен жұмыс істеу дағдыларын үйрету. Деректерді енгізуді, оларды тегістеуді және жиектеуді, фонын өзгертуді, формула енгізуді, диаграмма тұрғызуды үйрету.
Оқытудың міндеті: Деректерді енгізудің, оларды тегістеудің және жиектеудің, фонын өзгертудің, функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізудің, блокпен жұмыс істеудің, диаграмма тұрғызудың практикалық дағдысын қалыптастыру.
Ұйымдастыру бөлімі - 5 мин
Студенттердің сабаққа қатысу және қатыспау себептерін біліп белгілеу, конспект жүргізу мен сабаққа дайындығын тексеру.
Қалыптастыратын компетенциялар түрлері: білім мен практикалық дағды.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: -45 мин
-
Тұтынушы интерфейсі.
-
Деректер мен блоктармен жұмыс істеу.
-
Функция шеберлерімен жұмыс істеу.
-
Диаграмма шеберлерімен жұмыс істеу.
-
Деректерге өңдеу жүргізу: орташа мәндерді, дисперсияны т.б. анықтау.
-
Полигон және гистограмма тұрғызу.
-
Беттердегі деректерді біріктіру.
-
Құжаттарға қол жетімділіктерді шектеу.
Үзіліс - 10 мин
Оқыту және сабақ беру әдістері: репродуктивтік әдіс (студенттер жаңа білімді есті игереді, түсінеді және есте сақтайды; көп рет қайталау нәтижесінде оны толығымен орындай алады)
Сабақта қалыптастыратын компетенцияларды бақылау әдістері:
-
Сауалнама компьютерде жүргізіледі (студент сауалнама сұрақтарына жауап беру керек, онда минималды білім мен дағдылар, яғни негізгі анықтамалар мен сол тақырып бойынша теориялық сұрақтардан тұратын сауалнамалардан тұрады). Ауызша сұрау (студент сабаққа студенттерге арналған нұсқау бойынша дайындалып келу керек)
-
Оқылатын тақырып бойынша дербес компьютерде жұмыс істеу дағдысын тексеру (студент нақты тапсырмаларды шешу барысында игерген дағдысын)
Студенттердің өз бетінше жұмысы - 50 мин
Практикалық дағдыларды игерушілік: Типтік және ситуациялық есептерді шешу.
Есептер:
-
№
|
Практикалық дағдылар
|
Бағалау
өлшемі
|
1
|
Student түбірлік қалтасында өз тобыңның аттас файл құрыңыз
|
2
|
2
|
№1кестеде көрсетілген деректерді 1-ші бетке енгізіңіз. Кестені жиектеңіз
|
4
|
3
|
Үндеместік бойынша, ұяшықтың еніне қанша белгі кіретінін анықтаңыз
|
2
|
4
|
«Салмақ» пен «Бой» бағандарын кему бойынша сұрыптаңыз;
|
2
|
5
|
«Автосүзгі» командасын қолданып:
а) Баған бойынша берілгендердің «Салмағы» 59-дан артығын көрсетіңіз;
б) Баған бойынша берілгендердің «Бойы» 172-ден кішісін және теңдерін көрсетіңіз;
в) Баған бойынша берілгендердің «Фамилия»-сының «А»-әріпінен басталатындарын көрсетіңіз;
|
7
|
6
|
Кестеге 3 жол мен 3 баған енгізіңіз. Баған мен жол ендірудің әдістерін айтыңыз және көрсетіңіз.
|
5
|
7
|
Құрылған кестенің ұяшығына бірден бастап сандар енгізіңіз. Үндеместік бойынша, ұяшыққа қанша белгі кіретінін анықтаңыз.
|
2
|
8
|
Басқа ұяшыққа мәтін енгізіңіз, үндеместік бойынша енгізілетін мәтіннен артық енгізіңіз. Қорытынды жасаңыз.
|
4
|
9
|
Ұяшыққа енгізілген мәтін толығымен көріну үшін оның енін үлкейтіңіз
|
2
|
10
|
Бос ұяшықтарды кез-келген сандармен толтырыңыз. Сандар диапазонын ерекшелеңіз.
|
3
|
11
|
Ақпаратты жойыңыз да оны қайта қалпына келтіріңіз.
|
3
|
12
|
Деректердің орнын ауыстырыңыз, 3 жолды үш әдіспен көшіріңіз:
-
бір жұмысшы бет аралығында;
-
екінші жұмысшы бет аралығында;
-
жаңа жұмыс кітабына.
|
5
|
13
|
Көшірілген 3 жолақты жойыңыз. Оқытушыға әртүрлі әдістерді көрсетіңіз
(үштікті).
|
4
|
14
|
Полигон мен гистограмманы тұрғызыңыз (Фамилия – Бой).
|
5
|
15
|
№2 кестеде көрсетілген деректерді 2-ші бетке енгізіңіз. «Функция шеберін» қолданып, орташа мәнді, дисперсияны және корреляция коэффициентін есептеңіз.
|
6
|
16
|
№3 кестеде көрсетілген деректерді 3-ші бетке енгізіңіз.
-
Ескерту: бағаналар бойынша сәйкес функцияны қолдана отырып, С2:L12 ұяшықтарындағы мәндерді есептеңіз.
|
10
|
17
|
№4 кестеде көрсетілген деректерді 4-ші бетке енгізіңіз.
-
Ескерту: 3-кестеден Х және У жиындарын қолданып, Нәтиже бағанындағы мәнді есептеп шығарыңыз.
|
9
|
19
|
Жаңа парақ қосып,оның атын «Студент» деп ауыстырыңыз;
|
3
|
20
|
№5 кестені толтырыңыз. К мен Х берілген, Y1, Y2 , Y –ті есептеңіз;
|
10
|
21
|
Қосындысын, ең үлкен және ең кіші мәндерін, арифметикалық орта мәндерін, дисперсияны есептеңіз;
|
6
|
22
|
«Функция шеберін» қолданып, К және Х мәндерінің дисперсиясын және орта мәнін есептеңіз.
|
3
|
23
|
«Х» өрісін сұрыптап,типі “График” болатын график тұрғызыңыз
|
3
|
|
Итого:
|
100
|
Қосымшалар:
№1кесте
Статистикалық есеп
|
№
|
Аты-жөні
|
Салмағы
|
Бойы
|
1
|
Азанбаева Г.
|
61
|
163
|
2
|
Богедаев А.
|
64
|
172
|
3
|
Кокебаев Б.
|
76
|
175
|
4
|
Илипов М.
|
80
|
180
|
5
|
Камиева А.
|
53
|
160
|
6
|
Умиржанов К
|
75
|
179
|
7
|
Акимбаев Р.
|
69
|
176
|
8
|
Кенесбаева А.
|
57
|
165
|
9
|
Нурымбетов М.
|
67
|
176
|
10
|
Жумашев Ж.
|
70
|
178
|
№2 кесте
Параметрлер
|
|
Орташа мәнін
|
Дисперсия
|
Корреляция
|
Салмағы
|
|
|
|
Бойы
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |