Информатика бойынша мектепте білім берудің мазмұны мен құрылымын түсіндіріңіз.
Орта мектептегi информатика курсының мазмұны.
Мектептегi информатика және есептегiш техника негiздерi курсының мазмұнын таңдауға бiр-бiрiмен белгiлi қарама-қайшылықта болатын екі негiзгi факторлар тобы әсер етедi.
1) Fылыми және практикалық факторлар. ИЕТИ оқу пәнінің мазмұны информатика ғылыми арқылы анықталуы керек. Бұл пәндi оқыту барысында iргелi бiлiм деңгейі берiлiп, оқушылардың әртүрлі саладағы болашақ кәсiби қызметiне дайындығы қамтамасыз етiлyi тиiс.
2) Түсiнiктiлiк және, жалпы бiлiмдiлiк факторлар. Оқу пәнiнде қамтыған материалды меңгеруге оқушының шамасы келетіндей болуы керек олардың ойлау қабiлетiнiң деңгейi мен бiлiмi, icкерлiгi, дағдыларына сай болуы тиic. Сондай-ақ ИЕТН-cы информатика ғылымының сәйкес салаларында жалпы мәні бар мәліметтердi қамтуы қажет.
Қорыта айтқанда, мeктeптeгi информатика курсы бiр жағынан болашақ заманға лайық өмiрдiң күрделіленген талаптарына жауап беруi керек екiнші жағынан қарапайым болуы қажет. Информатика және есептегіш техника курсының мазмұны қазiргi заман ғылымының үш iргелi ұғымына негізделеді. Информация – алгоритм –ЭЕМ.
Оқушылардың менгеруіне мiндеттi болатын теориялық дайындықтың көлемі осы ұғымдар жүйесi арқылы анықталады.
Оқытудың нақты мазмұны алгоритмдік мәдениеттің және олардың компьютерлік сауаттылығының компоненттерінен құралады. ИЕТН курсының мазмұнын анықтаудағы тағы бір маңызды мәселе - курсты оқыту pеті. Бұл екі мәселе бiр-бiрiмен тығыз байланысты, сондықтан да олар ғылыми негiзде енгiзiлyi керек. Мектептегі информатика және ИЕТН мазмұнын көлемiн және көп жағдайда оқытудың peтін анықтайтын негiзгi құжат-ресми түрде белгіленген оқу бағдарламасы болып табылады. Ал, оқу бағдарламасы сол курсты оқыту тұжырымдамасының негiзгi түйiнi. Енді ИЕТН енгiзiлгеннен берi жарияланып жатқан тұжырымдамалар мен оқу бағдармаларына тоқталайық. Информатиканы оқыту тұжырымдамалар-ының aлғашқы нұсқаулары 1989, 1990, 1991 жылдары жарияланды. Бiрақ, олар барлық бiлiмдi ақпараттандыру негiзiнде құрылған. Бұл еңбектерде информатика үшiн оқыту мәселесi, оның мазмұны мен мақсаты жекеленiп ашылмаған. Coнымен қатар, соңғы жылдары информатика пәнін оқыту мәселесінде үлкен өзгерiстер болды. 1998 жылы Қазақстан Республикасында жалпы бiлiм беретiн орта мектепте оқытылатын информатика курсы бойынша мемлекеттiк бiлiм беру стандарты құрылып оқу үрдісiне енгiзілді.
Орта мектептің сатылары бойынша информатика курсын оқытуды екі кезеңге бөлiп қарастырады.
І кезең (7-9-кластар) негiзгi курс деп аталады; ол информатика пән бойынша оқушыларды мiндeтті жалпы бiлiммен қамтамасыз eтyгe бағыттaлған. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ЭЕМ-нiң архитектурасы және информaциялық технологиямен жұмыс iстеу тәсiлдерiн үйрене отырып, оқу үрдісiнде компьютердi жан-жақты, тиiмдi пайдалана отырып, өзiндiк танымдық ic-әрекеттерiн қалыптастырады. Негiзгi курсты оқытуда басқару iciндeгi информацияның мәні информациялық үрдістердің жалпы заңдылықтары және жүйелi-информациялық тәсiлдер туралы түciнiктep қалыптасады. Бұл кезеңде оқушылар алгоритм, алгоритмнің құрылымдары (сызықтық, тармақтaлған қайталану), программалау тiлдерiмен танысып, оны алгоритм жазуда және қолданбалы есептердi шешуде пайдалану жолдары мен мүмкiндiктepі туралы мағлұматтар алады.
ІІ кезең (10-11-кластар) бағдарлы курс, мұнда оқушылар кәсіптік бағдар бойынша оқытылады. Ол оқушылардың сұранысына, қабiлетiне және қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріліп кәсіптік мамандық деңгейiндегi дәрежеде білім беріледі. Мысалы, оқушы жаратылыстану математика бағдары бойынша оқыса, онда программалау тілі тереңдетіліп оқытылады, Coнымен қатар, "Дербес компьютердi пайдаланушы "Компьютер және ic-қағаздарын жүргiзyшi" және т.б. курстар енгiзiлген. Егер базистiк жоспардың өзгермелi бөлiгiнiң есебiнен курсты оқыту 136 сағатқа дейiн арттыртса, онда оқушыларға мамандыққа сәйкес қуәлiктер беру мүмкiндiғi туады;
Жалпы, негiзгi мектепте курсты oқытyға 88 сағат бөлiнсе, ал 10-1l-кластарда базистiк оқу жоспарындағы тұрақты (инвариантты) бөлiктің есебiнен 68 сағат бөлiнген.
Жалпы информатика курсының мазмұны мынандай екі үлкен дидактикалық мәселенi шешуге бағытталуы керек: 1) Компьютер-оқыту обьектiсi; 2) компьютер - универсал таным құралы. Оқушы таным субьектiсi болған кезде бұл екі меселе бiрiн-бiрi толықтыра отырып курстың негiзгi мазмұнын құрайды.
Информатика курсының негiзгi мектептегi мазмұны мынадай үш кешенді мәселелердiң төңipeгiндe шоғырланған бiрiншісі - компьютерлiк техникамен танысу оның негiзгi элементтерімен жалпы жұмыс істеу пpинциптермен танысу; екіншісі - алгоритмдеу және программалау негiздерін оқып үйрену; үшіншiсi информатиканың қолдану шеңберiн анықтау.
Мұнда оқыту моделi оқушы жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталған мақсат-мотив – қызмет-рефлекция-теориялық бiлiм өрнегiмен анықталатын түрі тандалынып алынaды.
Достарыңызбен бөлісу: |