«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан сұрақтары


Мектептің жоғарғы сатысында информатиканы саралап оқытуәдісін түсіндіріңіз



бет34/51
Дата17.09.2023
өлшемі1.84 Mb.
#477749
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51
Иоә емтихан жауаптары

Мектептің жоғарғы сатысында информатиканы саралап оқытуәдісін түсіндіріңіз.

Деңгейлеп(саралап) оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.
1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуга мүмкіндік береді.
3. Деңгейлеп – саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылды: ең төменгі деңгей ( орташа жағдай), бағдарламалық , күрделенген деңгей.
4. оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:
● жеке тұлға ерекшеліктеріне;
● психолдогиялық даму ерекшеліктеріне ( есте сақтау қабілетінің ерекшелігі, өзінің
эмоциясын басқара білуіне);
● пән бойынша білімді игеру деңгейіне ( оқушының білімімен іс — әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек) ;

  1. Орта мектептің 5-сыныптардағы информатика. 5-6 сыныптарда сабақ жүргізу әдістемесін түсіндіріңіз.

Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде информатика курсын үздіксіз оқытудың
тӛмендегідей құрылымы ұсынылады: пропедевтикалық, базалық (негізгі) және бағдарлы кезеңдер.
1.Информатиканың пропедевтикалық курсын оқыту әдістемесі?
2. Бастауыш сыныптарда балалардың дамуына АКТ-ны қолданудың негізгі бағыттарын ата?.
3. Бастауыш мектептегі информатика және информатика сабақтарының ерекшеліктері
қандай?
Әдебиет: [1],[2-3],[4],[5],[6].

Бірақ, бұл ұсынысты барлық мектептер толық меңгермейді, мектептің спецификасына байланысты біреулері – толық, ал біреулері толық емес.


Информатика курсы бойынша мектептегі білімнің негізгі ӛзегі – информатиканың базалық курсы, ӛйткені информатика бойынша білім беру стандартының жобасына сәйкес базалық курс «оқушының информатика бойынша дайындығының міндетті жалпы білімдік минимумы» болып табылады.
Мектептегі информатика пәнін негізінен іске асыратыны информатиканың базалық курсы, себебі информатикадан білім беру жобасының стандарты бойынша, базалық курс информатикадан оқушылардың дайындықтарының міндетті жалпы білімдік минимумын қамтамасыз етеді.
Мектептегі информатика пәнін негізінен іске асыратыны информатиканың базалық курсы, себебі информатикадан білім беру жобасының стандарты бойынша, базалық курс информатикадан оқушылардың дайындықтарының міндетті жалпы білімдік минимумын қамтамасызетеді(2017жылғы«25»қазандағы No545 бұйрығына 12-қосымша).
1. «Информатика» пәні бойынша бағдарламаның мазмұны 4 бөлімді қамтиды: 1) компьютерлік жүйелер;
2) ақпараттық процестер;
3) компьютерлік ойлау;
4) денсаулық және қауіпсіздік.
2. «Компьютерлік жүйелер» бӛлімі келесі бӛлімшелерден тұрады: 1) компьютердің құрылғылары;
2) программалық қамтамасыз ету;
3) компьютерлік желілер.
8. «Ақпараттық процестер» бӛлімі келесі бӛлімшелерден тұрады:
1) ақпаратты ұсыну және ӛлшеу;
2) ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру.
9. «Компьютерлік ойлау» бӛлімі келесі бӛлімшелерден тұрады:
1) модельдеу;
2) алгоритмдер;
3) программалау.
10. «Денсаулық және қауіпсіздік» бӛлімі келесі бӛлімшелерден тұрады: 1) эргономика;
2) ақпараттық және онлайн қауіпсіздік.
11. 5-сыныпқа арналған оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Кіріспе. Компьютер және қауіпсіздік». Қауіпсіздік техникасының ережелері мен жұмыс
орнын ұйымдастыру. Компьютердің негізігі құрылғылары (процессор және қатты диск);
2) «Интернеттегі қауіпсіздік». Басқа адамның жұмысын кӛшірудің заңсыздығы. Құжатқа
құпиясӛз орнату. Ортақ қолжетімді файлдармен жұмыс атқару (орналастыру, ӛзгерту, жүктеу);
3) «Ақпарат және оны ӛңдеу». Ақпарат. Ақпаратты әртүрлі формаларда ұсыну.
Программалық қамтамасыз ету. Растрлық кескіндерді құру және ӛңдеу;
4) «Алгоритмдер». Алгоритм. Орындаушы, орындаушылардың командалар жүйесі.
Қадамды сӛз түрінде ұсыну;
5) «Программалау». Ойын программалау ортасында (Лого, Scratch). Тармақталу. Цикл;
6) «Жобаны әзірлеу». Ойын ортасындағы программалау кезеңінде (Лого, Scratch) нысандар
мен оқиғалардың анимациясын құру. Құжатты баспаға дайындау (парақ ӛлшемдерін ӛзгерту, бет ӛлшемдерін қою, алдын ала кӛру). Жобаны ұсыну.
12. 6-сыныпқа арналған оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Компьютерлік жүйелер мен желілер». Эргономика, қауіпсіздік техникасының ережелері. Есептеу техникасының дамуының тарихы. Компьютердің негізгі құрылғыларының ӛзара байланысуы. Операциялық жүйенің негізгі функциялары. Сымсыз желілер;
2) «Мәтіндік құжаттардағы сілтемелер». Түсіндірме. Гиперсілтемелер. Мазмұн. Реферат жасау;
3) «Мәтіндік ақпаратты ұсыну». Ақпаратты тасымалдау. Мәтіндік ақпаратты шифрлеу. Ақпаратты екілік код түрінде ұсыну;
4) «Компьютерлік графика». Векторлық бейнелерді құру. Растрлық және векторлық бейнелерді салыстыру;

5) «Компьютерлік ойындарды әзірлеу». Компьютердегі есептерді шешу қадамдары. Алгоритмді блок – схема түрінде ұсыну. Компьютерлік ойынның тұжырымдамасы;


6) «Компьютерлік ойындарды құру». Ойын ортасындағы сценарийді әзірлеу және жүзеге асыру. Ойынды жасау барысында қолданылатын компоненттер. Программа ортасында қателерді табу және жӛндеу. Ойындар үшін құжаттамалар. Сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме). Қолданылған ресурстарға сілтемелер.
Информатиканы орта бiлiм беру жүйесiнде оқытудың мақсаттары:
оқушыларға ақпараттарды беру, ӛңдеу, сақтау, жеткiзу және оны қолдану үрдістерi
туралы бiлiмдердi меңгерту, басқаша айтқанда, оқушыны ақпараттық бiлiммен қаруландыру; оқушылардың оқу үрдісiнде компьютерлiк техниканы ӛзiндiк даму мен оны iске асыру құралы ретiнде, сонымен қатар, кәсiптiк қызметтерге пайдалану дағдыларын
қалыптастыру;
оқушының логикалық-құрылымдық және алгоритмдiк-шығармашылық ойлау
қабiлеттерiн дамыту, ынта-ықыластары мен шығармашылық бейiмдiлiктерiн қалыптастыру. Аталған мақсаттардан тӛмендегi мiндеттер анықталынады:
информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мазмұнын анықтау; информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасын жасақтау; информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың әдiстемелiк жүйесiн жасақтау.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет