Бастауыш мектептегі информатика сабақтарының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
.Информатика» пəнін бастауыш сыныптан бастап оқуға болатындығы жəне оның тиімділігі дүниежүзілік тəрбие негізінде дəлелденіп отыр. Ғалымдардың, практик-мұғалімдерінің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналалар:
бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мəдениетін қалыптастыра отырып, əлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын жəне ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тəрбиесіне де əсер етеді. Сонымен қатар əр түрлі педагогикалық мəселерді де шешуге көмектеседі. Информатиканы əр түрлі ойын əдістемесі негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой-өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.Бастауыш мектепте информатика жəне ақпараттық технологияны оқыту келесідей мақсаттарға жеткізеді:
қоршаған ортаның ақпараттық тасқындарын бағалау дағдысының дамуы;
ақпараттың тəжірибелік əдісін меңгеру: ізденіс, талдау, өзгеріс, жіберу, ақпаратты сақтау жəне оны оқу барысында немесе күнделікті өмірде қолдану;
алғашқы компьютерлік сауаттылықтың жəне ақпараттық мəдениет элементтерінің қалыптасуы;
ақпараттармен алмасу дағдысының дамуы, бар техникалық құралдармен жұмыс жасау (телефон, компьютер т.б.). Кіші жастағы мектеп оқушыларына мақсатты түрде тек қана компьютерлік сауаттылықта ғана үйретіп қоймай, информатика негіздері туралы алғашқы білімдер беру, негізгі білімдерін қалыптастыру жəне жұмыс істеу əдісін үйрету;
ақпаратты өңдеу аймағындағы компьютердің мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптастыру (компьютер сурет салуда, есептеуде, жазуда), ақпараттарды сақтау (компьютер суреттерді, сандарды, мəтіндерді сақтап қалады) жəне ақпараттарды жіберу (адамнан компьютерге, компьютерден компьютерге, компьютерден адамға);
негізгі ұғымдармен танысу: ақпарат, тіл, білім, қалып, алгоритм, құрылым жəне т.б.;
пернетақтамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.Бастауыш сыныпта информатика пəнінде оқытушылар əрбір оқушының жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін келесідей əдістер мен сабақ түрлерін ұсынады:
диалогтар;
топпен жұмыс;
ойын əдістері;
ақпараттық минуттар;
эвристикалық тіл табу.Тағы да ескеретін жайт,информатика пәні бойынша оқушыларға балл қойылмағанмен,осындай әдіс тәсілдер арқылы оқушыларды қызықтыра отыру қажет.Компьютерді оқыту білім алушыларға компьютерлік сауаттылықты үйретумен ғана шектеліп қалмай, алгоритімдік ойлау, логикалық ойлау дағдысын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |