«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан сұрақтары


Информатика пәні бойынша білімді бақылау, тексеру және бағалау жүйесінің ұйымдастырылуын сипаттаңыз



бет33/51
Дата17.09.2023
өлшемі1.84 Mb.
#477749
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
Иоә емтихан жауаптары

Информатика пәні бойынша білімді бақылау, тексеру және бағалау жүйесінің ұйымдастырылуын сипаттаңыз.

Оқыту процесінің міндетті компоненті, соңғы кезеңі бақылау болып табылады (білім алу нәтижелерін тексеру).
Тексеру – білім алу, даму және оқу мақсаттарына жету деңгейін меңгеруде жетістіктер мен қиыншылықтарды анықтау үрдісі.
Бақылау – жоспарланған нәтижені үлгі талаптармен және стандарттармен салыстыру операциясы.
Есепке алу – тексеру және бақылау көрсеткіштерін бір жүйеге келтіру, сол арқылы оқушылардың білім алу және даму процесінің қарқынын көруге болады.
Бағалау – сапалық және сандық талдаудан тұратын білім алу нәтижелері мен барысы туралы пайымдау, мақсаты оқушылардың білім сапасын арттыруды ынталандыру болып табылады.
Баға қою – оқу қызметінің, жетістіктер деңгейінің нәтижелерін ресми бекітілген шкала бойынша баллмен немесе дәрежемен анықтау.
Білімді бақылау және бағалау педагогтіқ үрдістің маңызды құрамы болып табылады. Осыған байланысты, мұғалім ӛткізетін іс - шараларды мәнсіз түрде емес, жүйелі түрде ӛткізіп, әр кезде нәтижелерін талдай отырып және білім сапасына, іскерліктері мен дағдыларына уақытылы түрде түзетулер жасау үшін тиісті шараларды қолдануы керек.
Бақылаудың мақсаты – кері байланысты қамтамасыз ету: оқушыларға белгілі бір пән бойынша білім стандарттарына (міндетті минимум) сәйкес білімді игерту, оны түзету деңгейін анықтау.
Бақылау оқыту процесінің негізгі құрылымының бірі болып есептеледі. Оқушылардың білім сапасының нәтижесі бақылау кезеңдерінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты болады.

  1. Информатика саласындағы мектептерде білім беру мазмұнын түсіндіріп сипаттаңыз.

Орта мектепте информатиканың жеке пән ретінде оқытылуы, кӛптеген педагогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне мүмкіндік береді. Информатиканың бүгінгі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған кӛптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде
Ақпараттық технологияның жеделдетiп дамуына байланысты информатиканың мазмұны үзiлiссiз ӛзгерiп отырады. Сондықтан информатиканың курсын оқыту үрдісiн тӛменгi сыныптан бастаған тиiмдi екендiгi ғылыми-теориялық және практикалық жағынан негiзделген болатын. Олай болса, болашақта бiлiм стандарттарының мазмұнына информатиканы 1 сыныптан бастап оқыту мазмұны енгiзiлуi қажет.
Информатиканы орта бiлiм беру жүйесiнде оқытудың мақсаттары:
оқушыларға ақпараттарды беру, ӛңдеу, сақтау, жеткiзу және оны қолдану үрдістерi
туралы бiлiмдердi меңгерту, басқаша айтқанда, оқушыны ақпараттық бiлiммен қаруландыру; оқушылардың оқу үрдісiнде компьютерлiк техниканы ӛзiндiк даму мен оны iске асыру құралы ретiнде, сонымен қатар, кәсiптiк қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
оқушының логикалық-құрылымдық және алгоритмдiк-шығармашылық ойлау
қабiлеттерiн дамыту, ынта-ықыластары мен шығармашылық бейiмдiлiктерiн қалыптастыру. Аталған мақсаттардан тӛмендегi мiндеттер анықталынады:
информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мазмұнын анықтау; информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасын жасақтау; информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың әдiстемелiк жүйесiн жасақтау.
Информатика” оқу пәнiнiң базалық мазмұны (БМ) – оқу пәнiнiң мектепте мiндеттi түрде оқытылуы тиiс және үздiксiз бiлiм берудiң келесi сатылары мен деңгейлерiнде информатиканы оқуды жалғастыру үшiн жеткiлiктi болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет