«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан сұрақтары


Мектептегі информатика бөлмесіне анықтама беріңіз



бет5/51
Дата17.09.2023
өлшемі1.84 Mb.
#477749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Иоә емтихан жауаптары

Мектептегі информатика бөлмесіне анықтама беріңіз.

Информатика кабинеті жалпы орта білім беретін және кәсіптік-техникалық білім мекемелері оқу-есептеу техникасының жиынтығымен, оқу-кӛрнекілік құралдары мен оқу құрылғыларының және жиһаздармен, информатика курсы бойынша базалық және мамандандырылған курстардың теориялық және практикалық, сыныптық және сыныптан тыс жүмыстар жүргізу мүмкіншілігі бар және оргтехникалармен жабдықталған болуы тиіс.
Оқыту есептеу техникасы кабинеті келесі принциптерге сүйене отырып жүргізілуі тиіс:
• Бейімделушілік (адаптивность) - ӛзгермелі жағдайлармен оларға қойылатын талаптарға бейімделушілік және үздіксіз ӛзгеру мүмкіндігі;
• Интегралдылық (интегрированность) - шешілетін тапсырманың толықтылығын қамту және оның ішкі құрылғыларымен оны құраушы бӛліктер арасындағы байланысты алу;
• Унифицирлілік (унифицированность) - ішкі және сыртқы интерфейстердің бірлігіне, сонымен қоса ӛңдеу үрдісінің мазмұнына және оған барлық қатысушылар арасындағы ақпарат алмасуға кӛзқарастардың бірлігін қамтамассыз ету;
• Таратушылық (распределенность) - орындалатын қызметтердің уақыттық және кеңістіктік бӛлінулерімен есептеу техникасының компоненттері арасында тарату. Бұл таратулар ӛзара байланысқан есептеу ресурстарында орналасуы тиіс;
• Дербестік (персонализация) - нақты қолданушының сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндігі; Информатика кабинетінде өткізілетін сабақтар мына мүмкіндіктерге ие:
• оқушыларға соңғы үлгідегі компьютерлік техниканың құрылғылары жӛніндегі білімдерін, ДК кӛмегімен есептерді шешу әдіс-тәсілдерін, программалық қамсыздандыруды және ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуді қалыптастырады;
оқушыларға ғылыми мекемелерде, жобалау-конструкторлық ӛндірістерде, оқу үрдісі мен басқармасында компьютерлік техниканың қолданылу барысын таныстырады;
• мектептегі оқу әдістері мен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жетілдіріледі.

  1. Компьютерлік техникамен жұмыс істеудің санитарлық-гигиеналық нормаларын сипаттаңыз.

ЕТК-де ДЭЕМ мен жұмыс кезінде температура жоғарылап, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы азайып, ауаның құрамы өзгеретіні белгілі. Сондықтан кабинетте төмендегідей микроклиматтың үйлесімді параметрлерін ұстаған жөн.
ЕТК-гі шаңды азайту үшін:
3) сырт аяқ киімін ЕТК-де алмастыру қажет;
4) ЕТК-ның кіре берісінде портфель, сумкаларды сақтайтын полкалы шкафтар болғаны дұрыс;
5) Бормен жазылатын класс тақтасы фламастермен жазылатын тақтамен алмастыру қажет. Немесе тақтаның орнына мұғалімнің столындағы ДЭЕМ-ға жалғастырылған демонстрациялық телевизорды пайдалануға болады.
ЕТК-нің жарықтылығын түстермен және жарықпен реттеуге болады.
Видеомонитор экранына қарсы қабырғаны қара, қоңырқай түстермен бояуға болмайды. Жұмыс столының бетінің түсі табиғи ағаш түсі немесе ашық жасыл, ашық көк болғаны дұрыс.
Сынып тақтасының түсі қара жасыл, қара қоңыр болуы керек. Терезенің жақтаулары міндетті түрде ақ майлы бояумен боялуы қажет. Терезеге ілінген шторлар табиғи жарықты жібермеуі керек. Қара түсті шторды терезеге құруға болмайды. ЕТК-гі ДЭЕМ-ға жеке қосымша шам арқылы жарық түсіруге рұқсат етілмейді.
Жұмыс столы мен класс тақтасының ең төменгі жарықталынуы 400-500 люкс болуы керек.
Ауаның температурасы - 19-210С, салыстырмалы ылғалдылығы –
62-55%, ауаның қозғалыc жьлдамдығы - 0.1 м/с болуы тиic. Кабинеттегi микроклиматы - сақтау үшiн күн радиациясы тiкe түспейтiн жаққа (солтүстiк солтүстiк шығыс) орналастыру қажет. Ауаның ылғалдылығын жоғарылату үшiн қыздырғыш құралдардың тұсына үлкен көлемдi аквариумдарды орналастыруға болады.
ЕТК-і жоспарланбай салынған мектептерде жоғарыда аталған микроклиматты ұстап тұру үшін кабинеттің ауасын есік-терезе арқылы желдетіп тұру қажет. Желдету уақыты 10 минуттан кем болмауы тиіс. Ауаны тазартудың басқа жолы терезеге орналастырылған кондиционер арқылы ауа алмастыруға болады. ЕТК-гі ауа алмасу кабинеттің ауданы мен квадратурасына байланысты.
ЕТК-ның жұмысын ИЕТН оқытушыларының бірі басқарады, ол кабинеттің жабдықталуын, оқушылар мен мұғалімдердің ИЕТН пәні және басқа сабақтардағы қолдану жұмысын ұйымдастырады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет