Информатиканы оқыту әдістемесі


Оқыту формалары мен әдістерін таңдау



Pdf көрінісі
бет30/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   125
pdf24 converted 3

Оқыту формалары мен әдістерін таңдау
Оқыту әдістерін және үйлесімділігін таңдау кезінде мына 
критерийлерді басшылыққа алған жөн:
1) оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттары мен міндеттеріне 
сәйкестік; 
2) оқытылатын материалдың мазмұнына сәйкестігі (күрделілігі, 
жаңалығы, сипаты, материалды көрнекі ұсыну мүмкіндігі және т.б);
3) сынып оқушыларының нақты оқу мүмкіндіктеріне сәйкестігі: 
жас ерекшелігіне (физикалық, психикалық), дайындық деңгейіне 
(білімділік, даму, тәрбиелілік, ақпараттық және коммуникациялық 
технологияларды игеру дәрежесі бойынша), сыныптың ерекшелігіне;
4) іс жүзіндегі жағдайға сәйкестік (кабинеттің тиісті оқу 


50 
құралдарымен жабдықталуы
1
, электронды және баспадан шыққан оқу-
әдістемелік материалдардың болуы) және оқуға жеке уақыттың 
бөлінуі;
5) эргономикалық жағдай (кесте бойынша сабақ өткізу уақыты, 
сыныптың толықтығы, компьютерде жұмыс жасау ұзақтығы және 
т.б.); 
6) мұғалімдердің дербес өзгешеліктеріне және мүмкіндіктеріне 
сәйкестік (мінез-құлқы, қандай да бір әдісті меңгеру деңгейі, 
сыныппен қарым-қатынасы, бұрынғы тәжірибесі, психологиялық-
педагогикалық деңгейі, әдістемелік және ақпараттық-технологиялық 
дайындығы).
2.3. Информатика пәні бойынша үй жұмысы 
Оқушылардың үй жұмысы деп құрылған сабақтар 
кестесінен тыс оқу тапсырмаларын өздігінен орындауды айтады. 
Үй 
жұмысының 
сыныптағы 
жұмыстан 
принциптік 
айырмашылығы, мұғалімнің берген нұсқаулары бойынша, оның 
тікелей басқаруынсыз орындалады. Оқушы үй жұмысын орындау 
уақытын, ырғағын және қарқынын өзі таңдайды.
Үй жұмыстарының формалары
Оқушылардың 
үй 
жұмысының 
теориялық 
аспектілері 
жеткіліксіз зерттелгендіктен, педагогикалық және әдістемелік 
әдебиеттерде үй тапсырмаларының жіктеуі әртүрлі негіздемелермен 
ұсынылады.
Дидактикалық мақсат бойынша үй жұмыстарының мына 
формалары ерекшеленеді [34, 35, 49]:
 
жаңа материалды қабылдауға, жаңа тақырыпты оқуға 
дайындайтын тапсырмалар; 
 
сабақта алған білімдерін бекітуге және пайдалануға, ептілік 
пен дағдыларды қалыптасыртуға бағытталған тапсырмалар; 
 
сыныпта игерген оқу материалын кеңейтуге және 
тереңдетуге ықпал ететін тапсырмалар; 
 жаттығуларды өздігінен орындау дағдысын қалыптастыру 
және дамытуға бағытталған тапсырмалар;
 
бағдарламадағы материалдан тыс, дегенмен оқушылардың 
мүмкіндіктеріне сай тапсырмаларды молынан жеке отырып орындау 
арқылы өздігінен ойлау қабілетін дамытуға ықпал ететін тапсырмалар.
Web-сайтта [47] мына өткізілетін сабақ типіне байланысты үй 
тапсырмаларының жіктемесі  ұсынылған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет