Информатиканы оқыту әдістемесі


 Сабақтың үшбірлік мақсаты



Pdf көрінісі
бет40/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   125
pdf24 converted 3

2.4.4. Сабақтың үшбірлік мақсаты 
Сабақтың үшбірлік
 
мақсаты (СҮМ) – сабақ соңына қарай 
мұғалім мен оқушылардың әрекеттестіктерінің арқасында қол 
жеткізілетін, алдын ала мұғалім ойластырылған нәтиже.
СҮМ – бұл үш: білімділік, дамытушылық және тәрбиелік 
аспектілерінен тұратын күрделі құрамдас мақсат. Сабақтың 
мақсатында мұғалім мен оқушылар ұмтылатын басты нәтиже 
тұжырылымдалады. 
Сабақтың үшбірлік мақсаты – оған бағыт беретін, мұғалімнің 
және оқушылардың әректтерінің негізі. Ол мұғалім мен 
оқушылардың сабақтағы әрекеттестіктерін айқындайды, сондықтан 
ұстаздың әрекетімен ғана емес, сонымен қатар оқушылардың да 
әрекетімен жүзеге асады. Екі жақ бірдей ұмтылған жағдайда ғана 
мақсатқа жету мүмкін болады. Сондықтан сынып алдында мақсат 
оқушыға икемделіп қойылуы қажет [27]. 
СҮМ-ң үш: білімділік, дамытушылық және тәрбиелік 
аспектілерінің әрқайсысын жеке қарастырайық.
СҮМ-нің оқытушылық аспектісібұл басты және оны 
анықтайтын аспект. Ол мына талаптарды орындағаннан құралады: 
1. Әр оқушыны өздігінен білім алуға оқытып үйрету. 
2. Білімді игерудің басты талаптарының орындалуын жүзеге 
асыру, олар: толықтылық, тереңділік, саналылық, жүйелілік, 
бірізділік, икемділік, орындаушылық, беріктілік. 
3. Дағдыларды қалыптастыру – нақты, қателіксіз орындалатын, 
көп қайталанып автоматизмге дейін жеткізілген іс-әрекеттер.
4. Біліктілікті 
қалыптастыру 
– 
іс-әрекеттің 
табысты 
орындалуын қамтамасыз ететін білім мен дағдының үйлесуі. 
5. Сабақта оқушының оқу нәтижесінде танып білу және жасай 
білу керектігін қалыптастыру. Сабақтың білімділік мақсатын 
жоспарлағанда сабақта оқушыларға қандай білім, біліктілік және 
дағды деңгейін алу керектігін көрсету керек: репродуктивті
конструктивті және шығармашылық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет