Инклюзивті білім беру ортасы



бет39/57
Дата07.05.2024
өлшемі190.95 Kb.
#500695
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
ИББО дәрістер

Тәрбиедегі қателіктер:


  • Тәрбиелеу тәсілдерінің әр түрлі болуы (аталар мен әжелердің, әкелер мен аналардың, тәрбиешілер мен мұғалімдердің тәрбиелеу тәсілдерінің әр түрлі болуы).

  • Балаға қойылатын талаптардың тиянақсыздығы (ережелер үнемі өзгеріп отырады, бала оларға үйреніп үлгірмейді).

  • Агрессияны басқару бойынша білім мен дағдылардың болмауы және оларды балаларға үйрете алмау.

  • Эмоционалды жылудың болмауы: гипербелсенді бала тіпті ең жақын адамдарының өзін жиі шаршатып, қатты ашуландырады.

Емдеу және түзеу қағидаттары 


ГЗЖБ-ін емдеу жан-жақты болуы керек, яғни оған медициналық терапия да, психологиялық түзету де кіруі тиіс. Ең дұрысы, бала дәрігердің және психологтың бақылауында болып, ата-аналардың қолдауын сезінуі және олардың емінің оң нәтиже беретініне сенуі тиіс. Бұл қолдау балада емдеу процесінде пайда болатын дағдыларды нығайтады.

Дәрі-дәрмектерді қатаң түрде дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдау керек екенін есте ұстаған жөн.


  1. Гипербелсенді балалардың психологиялық ерекшеліктері. Олар сөгіс пен жазаға қарсы болып, аздаған мақтауға үлкен мән беретін болады. Бұндай балаларға нұсқауларды анық, нақты етіп тұжырымдап, мейлінше қысқа етіп айту қажет (он сөзден артық болмауы керек), әйтпесе олар сізді тыңдамайтын болады. Ата-аналар оларға біруақытта бірнеше тапсырманы бермей, бір нұсқауларды жеке –жеке беруі тиіс.

  2. Ата-аналар тамақтану, серуендеу, ойнау, үй жұмыстары, ұйықтау уақыты секілді күн тәртібінің сақталуын қадағалап, күн режимін нақты реттеуі керек.

  3. Артық энергияны шығару үшін балаға жаттығу жасауға, ұзақ уақыт серуендеуге, жүгіруге мүмкіндік беріңіз.

  4. Мінез-құлықты түзеу үшін баламен талқылай отырып, жақсы және жаман мінез-құлықты көтермелеу және жазалау жүйесін қолданыңыз; сонымен қатар балабақшада және үйде балаға ыңғайлы болатын жерге мінез-құлық ережелері жиынтығын орналастырып, содан соң баладан оны дауыстап айтып беруін сұраңыз. Бір нәрсеге тыйым салу кезінде тыйымдардың көп болмауы шарт. Тыйымдар баламен алдын-ала келісіліп, нақты түрде тұжырымдалуы керек және бала осы тыйымдардың бұзылу салдарын білуі керек. Жаза дұрыс емес мінез-құлық жасалғаннан кейін бірден, яғни, теріс қылық жасалғаннан кейін бірден қолданылуы керек, әйтпесе бала не үшін жазаланғанын түсінбей қалуы мүмкін.

  5. Тапсырмаларды орындау кезінде балаға артық жұмыс беріп шаршатуға болмайды, себебі, онда гипербелсенділік күшейіп кетуі мүмкін. Көпшілік жиналатын іс-шараларға тез қозатын (тез ашуланатын) балалардың қатысуын болдырмау немесе шектеу қажет.

  6. Бала ауырған кезде оны бағынбағаны үшін ұрысу пайдасыз ғана емес, сонымен қатар зиянды болады. Мұндай жағдайларда балаға тек қылықтары үшін оң баға, теріс баға (Мысалы, "Сен жақсы баласың, бірақ қазір сен мынаны дұрыс жасамадың, негізі былай әрекет етуің керек еді...")беріп, бағалауға болады.. Қандай жағдай болмасын, өз балаңызды төмен бағалап,оны басқа балалармен ("Леша жақсы, сен жамансың!» деген секілді) салыстырмаңыз.

  7. Теледидар мен компьютерлік ойындарды көру және ойнау уақытын қысқарту ұсынылады. Гипербелсенді бала үшін теледидарды ұзақ қарау да және компьютерде ұзақ шұғылдану да шектеулер болуы тиіс (ол компьютерде неғұрлым көп уақыт өткізсе, оның эмоционалды қозуы соғұрлым жоғары болады және оны тыныштандыру соғұрлым қиын болады).

  8. Жоғары талаптар мен шамадан тыс оқу жүктемелер баланың тұрақты шаршауына және онда оқуға деген жиіркеніштің пайда болуын алып келетінін есте ұстаған жөн. Сондықтан бұл балаларға топтағы, сыныптағы балалардың ең аз санымен, ең аз сабақ ұзақтығымен және т. б. оқу режимінің аялауыш тәсілін қолдану ұсынылады.

  9. Бала үйге келгеннен кейін оған кем дегенде бір сағат назарыңызды салыңыз. Осы уақыт ішінде бала сізге күні бойы өзін не мазалағанын айтып береді. Ұйықтар алдында (2-3 сағат бұрын) баламен серуендеп, ақырын сөйлесу және оның әңгімесін тыңдау арқылы оның көңілін аулаңыз. Шамадан тыс стрессті жеңілдету үшін үнемі тыныштандыратын массажды немесе бойын босаңдататын жаттығуларды жасаңыз. Бұндай балалар әдетте қорқақтау болады. Сондықтан оларға сіздің қолдауыңыз бен мақұлдауыңыз үнемі қажет.

Кейбір балалардың гипербелсенділігі "артта қалып", жасөспірім шағында олардан осы белгілері жойылады. Бірақ ГЗЖБ -мен ауыратын балалардың жартысында осы белгі жасөспірім шағында да, ересек шағында да (әсіресе егер сіз оларды емдемесеңіз)көрініс табуы мүмкін.
Аутизм балаларды басқа бұзылымдары бар балалармен салыстырғанда, аутизм балалардың көпшілігі жалпы білім беру бағдарламасымен оқи алады.
Қалыпты интеллект, жақсы есте сақтау қабілеті, көріп қабылдау қабілеті аутизм балаға академиялық бағдарламаны жақсы қабылдауға мүмкіндік береді. Аутист бала математикадан үздік оқи алады, кейде өз қатарындағы балардан да үздік оқиды. Кейбіреулері, ұсақ моторикасында проблемасы жоқ жағдайда, сурет салуда үздік.
Аутизм синдромы бар балалардың көпшілігі оқуды тез меңгереді, бірақ оқығанын түсінбейді. Ерекше аймақтық қызығушылықтары болады: тарих, астрономия ғылымдарының эксперті т.б. Бір жағынан, аутистік белгілері және қабылдау проблемалары мектепте оқығанда үлкен кедергілер туғызады. Құрдастарымен қарым-қатынасқа кірігу қиындықтары сыныптастары және мұғалімдер жағынан әлеуметтік шектеудің себебі болады.
Тәртібінің бұзылуы, сыныпта айқайлау, орындықта қозғалу, агрессия, аутоагрессия бұзылымдары мұғалімге сабақ жүргізуге кедергі болады.
Сонымен қатар, аутизм синдромы бар балаларға сөйлеу тілінің көптеген бұзылымдары, сөйлеу тілін дұрыс қолдана алмау, сөздік қорының шектелуі, грамматикалық бұзылымдар, сөйлеу тілінің мәнерлігінің бұзылуы тән. Осы бұзылулардың себебі күйзеліске, агрессияға, ышқынып айқайлауына әкеледі.
Инклюзивті білім беру ортасы – бұл аутист баланың сенсорлық қабілетіне қолдау таба алмайды. Сыныпта балалардың көптігі және кішкентай кеңістік аутист баланың өзіне қол тигізуді болдыртпауда агрессиялық реакциясы күшейеді. Оқыс жерден аутист балаға кішкене ғана, қол тиіп кетсе, ол ұрынады деп қабылдайды және агрессия реакцияларын туғызады.
Көпшілік аутист балалар шуға, қатты дыбыстарға сезімтал. Үзілісте немесе сыныпта балалардың айқай шуы аутист баланың кері айқайлауына әкеледі. Мұғалімнің қатты дауысы немес оқушының жылауы кері эмоциялық реакция туғызып аутист бала жылайды немесе айқайлайды, заттарды лақтырып итере бастайды. Аутист балалардың арасында түрлі жапсыру тапсырмаларын орындаған кезде клейге, бояуларға жиіркенетін балаларда болады. Ол жапсыру тапсырмаларын орындаудан бас тартады. Сенсорлық проблемалар ұсақ моторика қимылдарының дамымаушылығымен және қимыл-қолзғалыс қиындықтарымен негізделеді.
Инклюзивті ортада аутист бала оқу, жазу, есептеу қабілет алады. Бірақ та, инклюзивті білім берудің мақсаты жалпы білім беру бағдарламасымен білім алу емес. Бұндай тәсіл жеке оқытуда да қолжетімді. Инклюзивті орта аутист балаға жалпы білім беру бағдарламасына сәйкес білім алумен қатар оқытуда кездесетін қиындықтар мен проблемаларды жеңуді қарастырады.
Аутист баланың қандай да болса қабілетінің төмендігі немесе мүлдем жоқ көрсеткіші, инклюзивті ортаға лайықты еместігін көрсетпейді.


Қолайсыз экологиялық факторларға байланысты оқу қиындықтары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы: әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени және соматикалық денсаулық (Disadvantages)

Мектеп оқушыларының ерекше білім беру қажеттіліктерін қамтамасыз ету мәселесін бүкіл әлемдегі мұғалімдер халықаралық деңгейде кеңінен талқылауда. Қазақстанның саясаты әлеуметтік, экономикалық және мәдени мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтардың сапалы білім алу құқықтарын басым қамтамасыз етуге бағытталған.


Ел Президенті өзінің жыл сайынғы Жолдауында «ерекше қажеттіліктері бар азаматтарымызға назар аударуды күшейту және бұл адамдарға қамқорлық жасау жалпы мемлекеттік борыш болып табылады» деп өкім етті.

Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени себептерге байланысты ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің психологиялық - педагогикалық сипаттамасы. Аз қамтылған отбасылардан шыққан немесе балаларды, әлеуметтік қауіпті отбасыларды (алкоголизммен, нашақорлықпен және т.б. ата-аналарды) тәрбиелеу мен дамытуға тиісті көңіл бөлмейтін балалардың микросоциалдық және педагогикалық қараусыздығы. Жергілікті социумға бейімделуде қиындықтарға тап болған (босқындар, мигранттар, қандас) немесе нашар түсінетін және мектептегі тілде сөйлемейтін балалар және т. б.


Қазақстанда ЮНИСЕФ Еуропалық Одақтың қолдауымен «Көші-қон үдерістерінде балалардың құқықтарын қорғау» бағдарламасын іске асыруда. Осы бағдарламаның серіктестері балалар мен жастарды өз өміріне және болашағына әсер ететін мәселелерді шешуге тартуға ерекше көңіл бөледі.
«Көші-қон процесінде балалар ерекше осалдыққа ие, өйткені ересектердің бұл процесске бейімділігі оларға тәуелді емес. Мемлекеттің міндеті - көші-қон процестерінің криминализациясын болдырмаудың және осындай балалардың адам құқықтарын қолдаудың тиімді тетігін қамтамасыз ету», - деді Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова
Шекаралар арқылы көшіп жүрген балалар, барлық балалар сияқты зорлық-зомбылықтың, қанау мен қаталдықтың барлық түрлерінен қорғалуға құқылы. Баланың ең жақсы мүдделері көшіп-қонушы балаларға қатысты қабылданатын барлық шешімдерде ескерілуі тиіс. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер 2018 жылы қабылдаған босқындар туралы Жаһандық келісім-шарт көші-қон процестеріне қатысатын балаларды қорғаудың және олардың мүмкіндіктері мен интеграциясын қамтамасыз етудің маңыздылығын көрсетеді. Балалардың ең жақсы мүдделерін қамтамасыз ету осы балалармен кездесетін билік органдарының тарапынан басшылыққа алынуы керек.
Барлық балалар, ата-аналарының құқықтық мәртебелеріне қарамастан, азаматтық алуға, құжаттарды алуға, сондай-ақ халықаралық қорғауға жүгінуге құқылы
Мигранттардың басым бөлігі өз елдерінен өздерінің еріктеріне қарсы кетуге мәжбүр, ал 40%-дан астамы медициналық көмек ала алмайды, деп Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) өткізген зерттеуде көрсетілген. Зерттеу Мароккодағы Үкіметаралық конференциясында жарияланды.
Зерттеуге 14 және 24 жас аралығындағы өздерін босқын немесес мигрант деп атап өткен төрт мың жас адам қатысты. Зерттеуге қатысқан жастар Еуропа, Азия және Африка елдерінен.
«Қатысушылардың 58%-ы бір немесе одан да көп жыл оқуға бармаған, 44%-ы жолға жалғыз шыққан», - делінген құжатта. Сонымен қатар, 38%-ы туыстарынан, достарынан немесе әлдебір мекемелерден көмек ала алмаған, деп атап көрсетті ұйым.
ЮНИСЕФ әлем көшбасшылары мен үкіметтерді көші-қон саясатының балалар өміріне әсерін ескеруге шақырады. ЮНИСЕФ қатысушы үкіметтерді бала мигранттарға білім беру және медициналық көмек сияқты негізгі қажеттіліктермен қамтамасыз етуге және көші-қонның барлық сатысында трансшекаралық ынтымақтастықты нығайтуға шақырады.
Халықаралық көші-қон ұйымының (ХОҚ) мәліметтері бойынша 2019 жылы шамамен 2,7-4,2 миллион еңбек мигранттары немесе Орталық Азияның экономикалық белсенді халқының 10–16%-ы Орталық Азиядан Ресей Федерациясы мен Қазақстанға қоныс аударды. Олардың көпшілігі - Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары. Қазақстанда шамамен 420 000 еңбек мигранты тіркелген. Ресми статистикаға сәйкес, 2020 жылдың маусымынан бастап Қазақстанға 2,9 миллион шетелдік, оның ішінде Өзбекстаннан - 1,3 миллион; Ресей Федерациясынан - 688 400; Қырғызстаннан - 567 300; Тәжікстаннан - 191 200 адам кірді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет