Инклюзивті білім беру ортасы


Зияты зақымдалған балаларды



бет35/57
Дата07.05.2024
өлшемі190.95 Kb.
#500695
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57
ИББО дәрістер

Зияты зақымдалған балалардыңмоқытуды ұйымдастыру
Жалпы білім беретін мектепте зияты зақымдалған балаларды оқытудың анағұрлым дәл келетін жағдайлары арнайы сынып жағдайы болып табылады. Арнайы сыныптар зиятында жеңіл ауытқушылығы бар оқушылар үшін жеке сынып және орташа ауытқушылығы бар оқушылар үшін бөлек сынып құрылуы мүмкін. Бұл оқушыларды бір сыныпта біріктіріп оқытуға да болады. Арнайы сыныпта «Олигофренопедагогика» мамандығы бар жоғары білімді дефектолог мұғалім жұмыс істеуі қажет.
Арнайы сынып жағдайында зияты зақымдалған бар балаларды мектепте оқытудың ұзақтығы:

  • бірінші сатысы – 0 (даярлық), 1-4-сыныптар;

  • екінші сатысы – 5-9-сыныптар.

Егер мектепте бастауыш кәсіптік еңбекке дайындау үшін жағдай болса, онда 10-кәсіптік сынып ұйымдастырылуы мүмкін.
Даярлық сыныбына ұйымдастырылған мектепке дейінгі даярлықтан өтпеген 7-9 жастағы балалар қабылданады. Даярлық сынып белгілері жағынан ақыл-ой кемістігіне ұқсас басқа да бұзылыстары бар (психикалық дамуының тежелуі, әлеуметтік-педагогикалық қараусыз қалған, сөйлеудің ауыр бұзылыстары) балаларды қате қабылдаудың алдын алу мақсатындағы диагностикалық сынып ретінде де қызмет етеді. Едәуір даярланған оқушылардың оқуды 1-сыныптан бастауына болады.
Жеңіл ауытқушылығы бар балаларға арналған сыныптардың бірінші сатысында ақыл-ой кем оқушының тұлғасын жан-жақты психологиялық- медициналық-педагогикалық зерттеу, білім беру процесін ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін әзірлеу мақсатында оның мүмкіндіктері мен жеке ерекшеліктерін анықтау жүзеге асырылады.
Екінші сатысында балалар жалпы білім беретін практикалық бағыты бар пәндер бойынша білім, әр түрлі бейіндегі еңбек дағдыларын алады. Әлеуметтік бейімдеуге және кәсіптік еңбекке даярлауға назар аударылады.
Оқу процесі оқушыларға сараланған және жеке тәсілдемені қолдана отырып, жүзеге асырылады. Саралау тәсілінің негізіне зияты зақымдалған бар оқушылардың педагогикалық жіктелуі (В.В. Воронкова бойынша) алынған. Бірінші, екінші, үшінші типологиялық топқа жататын оқушылар бір тақырып көлемінде оқиды, бұл ретте оқыту процесінде оларға сараланған тәсілдеме қолданылады. Ол, мысалы, вариативтілігінен көрінуі мүмкін:

  • оқушылардың өзіндік дәрежесі;

  • мұғалім көмегінің түрлері;

  • көрнекілік-дидактикалық материалдың түрлері;

  • орындалатын жұмыстың көлемі;

  • оқу тапсырмаларының күрделілігі және т.с.с.

4-ші типологиялық топтың оқушылары көбінесе оқытудың жеке бағдарламасына сәйкес басқа оқу тақырыбының аясында жұмыс жасайды. Педагог жеке-дара сипаттағы тапсырманы және жеке көмек шарасын ойластырады.
Төрт типологиялық топтардың оқушыларын оқытудың маңызды тұсы оқу жетістіктерінің әркелкі болу фактісі болып табылады, яғни әр баланың оқытудағы өз ісі болады. Мұны мұғалім оң нәтиже ретінде бағалауы тиіс.
Орташа ауытқушылығы бар оқушыларды оқыту жеке оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Олар баланы кешенді психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде сынып педагогімен және мектеп консилиумының мамандарымен жартыжылдықтан аспайтын мерзімге жасалады. Оқытудың жеке бағдарламасын іске асыру уақыты өткеннен кейін әрбір оқушының жетістіктеріне талдау жүргізіледі және келесі жартыжылдыққа арналған жоспарлау орындалады. Педагог әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін және оқу жетістіктері мен жеке жетістіктерінің мониторинг нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын, әдістерін, түрлерін, дидактикалық құралдарын өз бетінше таңдайды.
Бірінші сатыда оқу процесі пәндік емес оқыту негізінде ұйымдастырылады: барлық сабақтар біріктірілген сипатта болады және оқушыларды жалпы дамытуға бағытталған (коммуникативтік, қимылдық, сөйлеу, сенсорлық). Оқушылардың жеке дамуындағы алға жылжуына қарай пәндік оқытуға көшу жүзеге асырылады.

Оқушылардың психофизикалық даму бұзылыстарын, өмірлік қажетті білім, білік, дағдыларды қалыптастыру қиындықтарын түзетудің арнайы міндеті арнайы түзету сабақтарында жүзеге асырылады:


1) «Түзету ырғағы». Бұл курс бойынша оқытудың мазмұны оқушылардың қозғалыс аясын жетілдіруге, олардың сөйлеуін дамытуға және эстетикалық сезімдерін қалыптастыруға бағытталған. Балалар музыка тыңдауды, ән айтуды, билеуді, белгілі бір ырғақпен қимылдарды орындауды үйренеді. Қарапайым музыкалық аспаптарда ойнауды үйренеді.
2) «Танымдық іс-әрекетін түзету». Осы курс бойынша сабақтар жеке және оқушылар тобымен жүргізілуі мүмкін. Олар ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың бұзылған функцияларын дамытуға, олардың оқу және практикалық қызметке дайындығын қалыптастыруға бағытталған.
3) «Сөйлеу тілі дамуының кемістіктерін түзеу». Логопед өткізетін сабақтар ақыл-ой кемістігі бар балалардың дамуындағы бұзылыстарды түзету процесінде маңызды орын алады. Бұл балаларда сөйлеу тілінің бұзылуы өте кең таралған болып табылады және тұрақты сипатқа ие. Бұл сөйлеу бұзылулары баланың психикалық дамуына, оны оқытудың тиімділігіне кері әсерін тигізеді.

4) «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау». Бұл сабақтарда оқушылардың өз бетінше өмір сүруіне практикалық дайындық, әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес өз тұрмысын құру дағдыларын, қоғамның әлеуметтік және мәдени өміріне араласу дағдыларын қалыптастыру жүзеге асырылады. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша сабақтарда сынып 2 топқа бөлінеді.


5) «Психомоторика мен сенсорлық үдерістерді дамыту» (орташа ақыл- ой кемістігі бар оқушылар үшін). Бұл сабақтарда оқушылардың сенсорлық аясын байыту және сенсорлық-естілім қызметін дамыту бойынша жұмыстар жүзеге асырылады: әр түрлі модальдық түйсінуді белсендіру; қабылдаудың барлық түрлерін дамыту; кеңістіктік-уақыттық бағдарлауларын қалыптастыру және графикалық дағдыларын дамыту; танымдық белсенділігін және дербестігін арттыру.
Мектепте оқыту еңбекке баулу бойынша емтиханмен аяқталады. Білім алушылар бітіру емтихандарынан белгіленген тәртіппен босатылуы мүмкін. Еңбек дайындығы пәндері бойынша бітіру емтиханын орташа ауытқушылығы оқушылар тапсырмайды.
Еңбекке баулудың бейіні баланың психофизикалық ерекшеліктерін, дәрігердің ұсынымдарын және мектептің мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке- дара анықталады. Қажет болған жағдайда еңбекке баулудың бейіні өзгеруі мүмкін.
Контингенттің жеткіліксіздігінен арнайы сыныптарды құру қиындықтары бар өңірлерде 1-2 жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыны жалпы білім беретін мектептің қалыпты сынып құрамына қосуға болады. Бұл балаларды аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мамандарының немесе психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының түзету арқылы қолдауымен қамтамасыз ету керек. Оқытудың кез келген ұйымдастырушылық түрінде, ең алдымен, баланың мүдделері ескеріледі. Ол арнайы педагогтің (олигофренопедагог) көмегін алуы керек, оқытудың арнайы әдістері мен оқулықтары пайдаланылған арнайы бағдарламалар бойынша оқуы керек.
Зияты қазымдалған оқушыларға арналған арнайы сыныптардың түлектері мемлекеттік үлгідегі арнайы куәлік алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет