Дәріс 2.Білім беру ұйымының инклюзивті ортасын құру үшін психологиялық-педагогикалық және нормативтік-құқықтық негіздер
2.1.
Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басты міндеттерінің біріне әрбір балаға сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Балалардың сапалы білім алу құқықтары ҚР Конституциясымен, ҚР «Білім туралы», «Баланың құқықтары туралы» заңдармен бекітілген. Әрбір баланы сапалы біліммен қамтамасыз ету ісінде мектептік популяцияда әлеуметтік мәдени факторлар немесежәне балалардың психофизикалық даму ерекшеліктерінің себебінен оқуда қандай да бір қиындықтарды сезінетін оқушылар кездесетінін де есепке алу қажет.
Әр бір адамның маңызды құқықтары мен еркіндіктері жүйесіндегі негізқалаушы фактор болып білім алу құқығы. Қазақстан Республикасында, барлық дамыған мемлекеттерде сияқты, аталған құқыққа, әлеуметтік немесе материалдық деңгейге, жынысы мен діни көзқарастарға, денсаулық қалпына және т.б. ерекшеліктерге қарамастан, барша адамдар ие. Біздің мемлекетіміз де бір де бір баладамуындағы интеллектуалдық немесе физикалық бұзылыстар себебінен бұл құқықтан айырылмайды. Барлық балалардың білім алуға құқығы біздің мемлекетіміздің басты заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген.
Ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) – тиісті деңгейде білім алу және қосымша білім алу үшін арнаулы жағдайларға тұрақты немесе уақытша қажеттілік көріп жүрген адамдар (балалар
1994 жылы біздің мемлекетіміз БҰҰ-ның Бала құқықтары жайлы Конвенциясын ратификациялай отырып, денсаулық және даму бұзылыстары бар балаларды «білім беру саласындағы қызметтерге нәтижелі қолжеткізу», баланы, мүмкіндігінше, әлеуметтік өмірге қосу арқылы жеке тұлға ретінде, мәдени және рухани дамуын қоса алғанда, дамыту міндеттерін алды.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру идеяларының пайда болуы мен енгізілуі п.ғ.д., профессор Р.А.Сулейменованың атымен байланысты. Р.А.Сулейменова даму кемістіктері бар балалар мен жас өспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби–еңбекпен оңалту Республикалық ғылыми-практикалық орталығының негізін қалаушы.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 26 маусымдағы № 56-VII ҚРЗ қабылдануы инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған және білім берудің саясатың білдіреді.
Осы заң "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заң нормаларың реттейді, арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізеді және білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысын реттейді.
Сондай-ақ, заңда психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және білім алудағы ерекше қажеттіліктерің аңықтау мен бағалауды, ПМПК ұсынған бағдарламаларын іске асыру арқылы БАЕҚБ балаларды жалпы білім беру ортасына қосу үшін әмбебап көзқарас қарастырылған.
Инклюзивті білім беру идеяларын әркім үшін ешқандай кемсітусіз жоғары сапаны қамтамасыз ететін білім беру ретінде алға жылжыту.
Міндеттері:
- әркімнің сапалы білім алу құқығын қолдау жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;
- төзімділік қарым-қатынас мәдениетін, білім алушылардың білім алудағы мүмкіндіктерінің әртүрлілігіне шыдамдылық көзқарасын дамыту;
- балалармен жұмыс істеуде әртүрлілікті енгізу педагогтар үшін кедергі немесе проблема емес, керісінше олар үшін жаңа кәсіби мүмкіндіктер ашатынын түсінулеріне көмектесу;
- білім беру ұйымдарының әкімшілігіне инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық қамтамасының, саясаты мен әдіснамасының мәселелері бойынша кеңес беру;
- педагогтарға оқу-тәрбие процесі барысында туындайтын инклюзивті білім беру практикасының жеке мәселелері бойынша кеңес беру;
- педагогикалық қоғамдастықты педагогикалық ғылымның ең жаңа жетістіктерімен таныстыру.
Жалпы білім берудің инклюзивтілігі идеяларын жүзеге асыру үшін орта білім берудің мазмұнын жаңарту жақсы негіз болып табылады, мұнда мұғалімнің кәсіби санасының елеулі өзгерістері, өз қызметінің мақсаттары мен құндылықтарын қайта қарауы, өзін-өзі үнемі жетілдіруі, рефлексияға дайындығы күтіледі. Мұғалім өз тәжірибесінде цифрлық білім беру ресурстары мен командалық ынтымақтастық стратегиясымен бірге, оқыту және бағалаудың жаңа технологиялары мен тәсілдерін пайдалануы тиіс. Қазіргі уақытта оқытудың формалары мен әдістерінің кең спектрін қолданатын мұғалім сұранысқа ие, өйткені білім алушылардың әртүрлі мүмкіндіктері мен қажеттіліктері бар екендігі мойындалды.
Мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың нақ осындай тәсілі және ең бастысы, мұғалімнің жаңа ұстанымы инклюзивті білім беру принципінің идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді: оның жоғары сапасын және кемсітушіліктің болмауын.
2.2.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау – мүмкіндігі шектеулі балаларға тұрмыс-тiршiлiгiндегi шектелудi еңсеру және оның орнын толтыру үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ететiн және оларға басқа азаматтармен бiрдей қоғам өмiрiне қатысу мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтiк, медициналық және бiлiм беру қызметтерiн ұсынатын бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi;"
1-деңгей-алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының базасында психофизикалық бұзылулардың скринингі (скринингтің 5 түрі).
"Босандыру қызметтерін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінде (объектілерінде), медициналық-санитариялық алғашқы көмек және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында "қатер" тобындағы балаларды барынша ерте анықтау үшін скрининг ұйымдастыру және скрининг нәтижелері мен "қатер" тобындағы балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберу тәртібін айқындайды"
Босануға дейінгі диагностиканы жетілдіру, балалардағы туа біткен және тұқым қуалайтын аурулардың профилактикасы, балалардың ауруға шалдығуы мен мүгедектігін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасында жаңа туған балалар мен сәбилердің пренатальды, неонатальды және аудиологиялық скринингі, сәбилердің психофизикалық даму скринингі, шала туған нәрестелердің офтальмологиялық скринингі жүргізіледі.
босандыру қызметтерін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінде (объектілерінде), медициналық-санитариялық алғашқы көмек және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында скрининг ұйымдастырады;
Скрининг нәтижелерiн және "қатер" тобындағы балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісуімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберудi қамтамасыз етедi
2 – деңгей-психологиялық – медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі-ПМПК) базасында тереңдетілген психологиялық-педагогикалық тексеру. ПМПК қызметінің міндеттері мен негізгі бағыттары.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация балаларды зерттеп-қарауды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы болып табылады..
3 – деңгей-психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК) және оңалту орталықтары (ОО) базасында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға уақтылы түзету-педагогикалық көмек көрсету. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері қызметінің міндеттері.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау – қызметтің қандай да бір түрін орындау қабілеттерін қалпына келтіруге немесе оның орнын толтыруға бағытталған көрсетілетін қызметтер мен іс-шаралар кешені
Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеттері (ППТК) арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылады және облыстың, аудан орталығында 18 жасқа дейін даму мүмкіншілігі шектеулі балалар мен жас өспірімдерге кешенді медициналық - педагогикалық және әлеуметтік - психологиялық көмек көрсету үшін құрылады. ППТК міндеттері:
- сөйлеу, көру, есту қабілеті, тірек - қозғалыс аппараты, эмоциялық -еріктік саласы бұзылған, оқуында, қарым - қатынас жасауда, мінез -құлқында қиыншылықтары бар балалар мен жас өспірімдерді психологиялық - педагогикалық түзеу және оңалту түрінде кешенді психологиялық - медициналық - педагогикалық көмек көрсету;
- баланың проблемаларын мамандардың пән аралық командасы (командалық бағалау) арқылы кешенді зерделеу және баланың медициналық, психологиялық, түзеу - педагогикалық және әлеуметтік көмекке деген мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін анықтау;
- баланың дамуының әлеуметік жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасын әзірлеу және құрастыру;
- жеке, топтық сабақтар нысанында түзеу - дамыту сабақтарын жүргізу;
- отбасы жағдайында даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата - аналарына (оларды ауыстыратын тұлғаларына) кеңес беру және оқыту,
- даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психикалық және дене жағдайымен даму мүмкіндіктері туралы жалпы білім беретін мекемелердің педагогтарына әдістемелік басшылық жасау және көмек көрсету.
ППТК-ға баланы психологиялық медициналық - педагогикалық кеңестің тұжырымы негізінде меңгеруші қабылдайды.
ППТК- ға тұрақты және уақытша тұруға мүмкіндіктері шектеулі балаларды қабылдауды жыл бойы онда бос орын болған жағдайда жүргізіледі. ППТК- да баланың орны ППТК- мен ата - ананың (заңды өкілдерінің) арасОңалту орталығының қызметін ұйымдастыру тәртібі. Оңалту орталығы (бұдан әрі - 00.) арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылады және облыстың (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкімдерінің шешімдерімен кұрылады.
Оңалту орталығының негізгі міндеттері:
1) сөйлеу тілінде, көру, есту, тірек - қозғалыс аппаратында
бұзылуы, оқып - үйрену, қарым - қатынас жасау мен жүріс - тұрысында
қиындықтары бар балалар мен жас өспірімдерге психологиялық түзеу
мен оңалту түрінде кешенді психологиялық - медициналық -
педагогикалық көмек көрсету;
2) дамуында, оқытуда, қарым - қатынас жасауда, жүріс - тұрысында
проблемалары бар балалардың әр түрлі топтарына қатысты жаңа
педагогикалық технологияларды әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу;
3) мамандардың пән аралық тобымен (командалық бағалау) балаға
қатысты мәселелерді кешенді оқып – үйрену және баланың
медициналық, психологиялық, түзету - педагогикалық көмекке деген
мүмкіндігі мен қажеттілігін анықтау;
4) баланың дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жеке
дамыту бағдарламасын әзірлеу және жасап шығару;
5) жеке, топтық сабақ түрінде түзете - дамыта оқытуды жүргізу;
6) отбасы жағдайында даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата - аналарға (заңды өкілдерге) ақыл -кеңес беру және оқыту;
7) жалпы білім беру және арнайы (түзеу) білім беру мекемелерінің педагогтарына мүмкіндіктері шектеулі балалардың психика және дене дамуының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері жайында әдістемелік басшылық жасау және кеңес беру.
Оқыту мазмұны түзеу мекемелерінің білім беру
стандарттарымен, оқу жоспарымен және оңалту орталығында
түзеу көмегін алатын әрбір баланың мүмкіндігі мен қажеттілігі
ескеріліп, әзірленетін жеке дамыту бағдарламасымен анықталады.
ОО-да мүмкіндіктері шектеулі балалардың төмендегідей топтарына көмек көрсетіледі:
- дамуында қиындықтар кездесетін 3 жасқа дейінгі балалар. Мектеп жасына дейінгі балалар (3-тен 7 жасқа дейін:
психикалық дамуы тежелген балалар;
- ақыл- ойында әр түрлі деңгейде кемістігі бар балалар;
- балалардың церебрал салмен ауыратын және тірек - қозғалыс аппаратының басқа да ауытқушылықтар бар балалар;
- естуінде ауытқушылығы бар балалар;
- балалардың ерте аутизмімен және басқа эмоциялық - еріктік бұзылулармен ауыратын балалар;
- көруінде ауыр ауытқушылықтары бар балалар.
Сонымен бірге 7 -ден 15 жасқа дейінгі мектеп жасындағы балалар:
- зиятында ауытқушылықтары бар балалар;
- аутизммен және басқа эмоциялық – еріктік ауытқуылары бар балалар;
- жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын - дегенеративті ауруларымен ауыратын балалар;
- орташа және ауыр дәрежедегі церебрал салымен ауыратын балалар;
деменциялық әр түрлі түрлерімен ауыратын балалар;
психикалық аурулар салдарынан оқуында қиындықтары бар балалар;
- сөйлеу тілінде ауыр кемістіктері бар балалар;
- естуінде ауытқушылығы бар балалар;
- көру інде ауытқушылығы бар балалар.
Оңалту орталығын маңызды ерекшелігі 15-тен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге көмек көрсету қызметі.
ОО- бірінші кезекте ақыл - ой жеке психикалық дамуында ауыр да тереңдеген ауытқушылықтары бар балаларға және әр түрлі себептермен басқа арнайы (түзеу) ұйымдарында түзеу көмегін ала алмайтын балаларға түзеу көмегін көрсетеді.
Баланы ОО-на қабылдауды психологиялық - медициналық -педагогикалық консультация ( ПМПК) қорытындысы негізінде жүргізіледіындағы шартта айтылған жағдайда сақталады.
ПМПК-ға балаларды білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары жібереді, ата-аналар ешқандай құжаттарсыз өз еркімен баруға құқылы.
Алғаш тексеруде баланы толық, кешенді келесідей мамандардан қарайды: невролог, психиатр, психолог, арнайы педагог, логопед. Барлық тек серулердің нәтижелері баланың жеке даму картасына тіркелуі тиіс. Бұл карта ПМПК-да 5 жыл сақталады, кейін архивке өткізіледі.
Баланы тексеру процедурасы ПМПК тексеру мақсатына сәйкес өтеді. Маманның баланы тексеру жекеше басқа мамандардың қатысуымен жүзеге асады, ата - аналардың қатысуы нақты жағдайдың ерекшелігімен анықталады. Баланы тексеру әдістемесімен қамтамасыз ету әрбір маман өзі белгілейді. Әр маманның тексеруіне хаттама жүргізілуі тиіс, баланы тексеру жоспар мазмұнымен сәйкестеледі.
Мүмкіндіктері шектеулі баланы тексерудің нақты қорытынды тек кешенді келесімі бойынша ғана беріледі. ПМПК-ң қорытындысы баланың даму ерекшеліктерін көрсете, медициналық, психологилық, педагогикалық, әлеуметтік қажеттіліктерің, оларды қамтамасыз ету шараларын, лайық білім беру ұйымың бекітеді.
4 – деңгей-мектепке дейінгі және мектепте білімімен қамту.
Мектепке дейінгі арнайы мекемелердің қағидалары .
- арнайы мекемелерді дамуындағы жетекші кемістігіне қарай іріктеп жинақтау. Соған сәйкес келесі мектепке дейінгі ұйымдардың типтері бар:
1. естуінде ауытуы бар (естімейтін және нашар еститін балалар)
2. көруінде ауытуы бар (көрмейтін және нашар көретін амблиопиясы бар балалар)
3. сөйлеу тілінде кемістіктері (сөйлеу тілінің жалпы дамымау, тұтықпасы бар балалар)
4. зиятында ауытуы бар (ақыл-ойы кемтар)
5. тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар балаларға арналған
- арнайы балабақшаларда жалпы балабақшаларымен салыстырғанда топтардағы бала саны аз (15 балаға дейін)
- мектепке дейінгі арнайы мекемелер штатына қосымша олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, медициналық қызметкерлКемтар балалардың көбі толықтырушы түрдегі балабақшалар мен аралас түрдегі балабақшалардың арнайы топтарында тәрбиеленеді. Осы мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім беру дамуында ауытқуы бар балалардың категориясына қарай әзірленген ол арнайы түзетушілік – дамытушылық бағдарлама бойынша жүзеге асады.
Топтарды толықтыру баланың жасы мен кемістік түріне байланысты:
- күрделі сөйлеу бұзылыстары бар – 6 және 10 адам.
- 3 жастан жоғары фонетикалық-фонематикалық жетіспеушілігі бар балалар 12 адамға дейін.
- естімейтіндер – 6 балаға дейін
- нашар естімейтіндер 6-8 балаға дейін
- көрмейтіндер – 6 балаға дейін
- нашар көретіндер, амблиопиясы бар 6-10 балаға дейін
- тірек-қимыл аппараты бұзылған 6-8 балаға дейін
- зияты бұзылған 6-10 адамға дейін
- психикалық дамуы тежелген балалар 6-10 адамға дейін
- 3 жастан жоғары терең ақыл-ойы кем балалар 8 адамға дейін
- туберкулездік интоксикациясы бар 10-15 адамға дейін
- көп ауыратын, созылмалы аурулары бар 10-15 адамға дейін
- күрделі кемістіктері бар балалар 5 адамға дейін
- дамуында өзге ауытқулары бар 10-15 адамға дейінердің енгізу
Арнайы мектепке дейінгі білім берудің мазмұның мемлекеттік стандарт пен арнайы балабақшалар бағдарламары қамтиды. Бұл жерде арнайы балабақшалар бағдарламаларына жаңа өзгерітер енгізу мәселесі өз өзектіліген білдіреді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы білім беру мекемелеріне жіберу ПМПК арқылы жүзеге асады. Ата-аналары өз беттерімен ПМПК-ға бара алады. Бірақ көбіне олар емдік-алдын-алу мекемелер берген бағыты мен кеңесі бойынша барады
Мүмкіндіктері шектеулі мектеп жасындағы балалар арнайы білім беру стандарттарына сәйкес білім беру ұйымдарында білім алады
Достарыңызбен бөлісу: |