11
Қазіргі кезеңде адаммен табиғаттың дәстүрлі өзара әрекеті жаһандық
экологиялық проблемаға айналды. Егерде адамдар
таяу арада табиғатты
қорғауды үйренбесе, онда олар болашағына зиян келтіреді, оның алдын алу үшін
экологиялық мәдениет пен жауапкершілікке тәрбиелеуіміз қажет. Экологиялық
тәрбие мектепке дейінгі жастан басталуы тиіс, себебі балалық шақтың осы
кезеңінде бала табиғат туралы
эмоционалды әсерде болады, өмірдің әртүрлі
нысандары туралы түсінік, яғни экологиялық ойлаудың, сананың негіздері
қалыптасады, экологиялық мәдениеттің бастапқы элементтері қаланады.
«Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру»
әдістемелік нұсқаулықта мектепке дейінгі ұйым жағдайында балаларға
экологиялық тәрбие беру бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың
педагогтеріне үшін ұсынымдар қарастырылған.
http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2023/07/mr_
3107.pdf
Сонымен қатар Орталықтың сайтында «Дана бала» республикалық
ғылыми-ақпараттық
журналы
(«Әдістемелік
материалдар»
айдары)
орналастырылған, онда мектепке дейінгі ұйымдардың,
оның ішінде мектепалды
даярлық сыныптарының педагогтері тегін өз мақалаларын жариялай алады. Осы
айдарда мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар мен ережелермен танысуға
болады. Сонымен қатар өткізілген вебинарлардың, практикалық семинарлардың
материалдары, бейнежазбалары педагогтер үшін сайттың «Жаңалықтар»
айдарында орналастырылған.
Бұл портал қолжетімді, материал тегін жүктеледі.
Сонымен қатар, сайтта
Jivosait айдары жұмыс істейді, онда Институт
мамандары педагогикалық және ата-аналар қауымдастығының сұрақтарына
жауап береді.
Мектепке дейінгі білім беру бойынша өзекті ақпараттар орналастыру үшін
әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram,
Telegram, WhatsApp) білім
басқармалары мамандарының, мектепке дейінгі
ұйымдардың әдіскерлері мен
педагогтерінің чаты құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: