Қырғи–қабақ соғысы кезіндегі Палестина мәселесі


-1962 жж. ұлттық-демократиялық азаттық төңкеріс



бет22/34
Дата03.01.2022
өлшемі83.38 Kb.
#450481
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34
африка и израйль

1954-1962 жж. ұлттық-демократиялық азаттық төңкеріс 1954 ж. 1 қарашада Фронттың белгісімен елдің оңтүстік-шығысында ұлт-азаттық қозғалыс басталды. Оны шаруалар, буржуазия, студенттер, жұмысшы табы қолдады. Азат ету армиясында 1955 ж. 20 мың адам болды. Муджахид тармен бірге азаттық күреске көмекші күштер қосылды: қалалық мусабили және фидаидар. Барлық ұлттық партиялар («мессалиттен» басқа) 1956 ж. дейін тарап, ФНО қосылды. 1955 ж. оның қатарына Алжир коммунистік партиясы қосылды.

1956 ж. шілдеде Суммам аймағында партизандар мен басшыларының отырысында ФНО Алжир үшін күрес мақсаттарын, «демократиялық және социалистік» республика құру, аграрлық реформалар жүргізу, өндірістің басты салаларын ұлттандыру, алжирліктер мен европалықтардың теңдігіне қол жеткізу жайлы алға қойған бағыттарын жариялады. Банджундық отарлауды кінәлаған конференцияны қолдайтынын білдірді. Онда Алжир революциясының ұлттық кеңесін және Координациялық-атқарушы комитетін сайлады. 4 республиканың АНО қарсылығын тоқтата алмауы 1958 ж. 13 мамырда еуропалық ультроотарлаушылардың бас көтеруін тудырды. Бұл Ш.де Голльдің басқаруымен 5 Республиканың құрылуын тездетті. Алжирді «мәнгілік француз жері» деп жариялап, ол АНО қысымды күшейтті. 1959 ж. қыркүйекте Франция президенті Алжирдің өзіндік қалыптасуымен келісуіне тура келді. Алайда өз ойларын де Голль тек 1960 ж. қаңтарда Алжирда армияны бағындырған соң ғана үзеге асыра алды. Алжир халқының күресі әлем халқының қолдауын тапты. 1960 ж. желтоқсанда ООН Бас ассамблеясы Алжирдің тәуелсіздікке құқын қолдады. Алжир республикасының Уақытша үкісеті (ВПАР) құрылды

Алайда алжирлікке қарсы реакциялық әрекеттер тоқтамады. Ұлт-азаттық армия теңсіз күресте әлсірей берген ішкі және күшейе түскен сыртқы армияға бөлінді. «Сыртқы» армия Хуари Бумедьеннің әсерінен нығайды. Ол ВПАР құрамы мен саяси бағытында беделге ие болды.

Орасан жоғалтулар алжир халқының күресуден бас тартуына себеп бола алмады. 1962 ж. 18 наурызда Франция мен Алжир арасында соғыс қимылдарын тоқтату және Алжирдің еркіндік алуы туралы Эвиандық келісімге келді. 1962 ж. мамыр-шілдеде ФНО 2 шақыруында Бен Белл жоспарлаған Триполилік бағдарламаны қолдады. Онда «халықтық демократиялық республика» құру идеясы алға қойылды. Бағдарлама құжаттарын талқылау барасында АНО «ішкі» және «сыртқы» топтары арасында келіспеушілік орын алды.

5 республика үкіметінің 1962 ж. 3 тамызда референдум нәтижелерін қолдауынан кейін, 99 пайыз алжирлік тәуелсіздікті қолдаған, ВПАР билікте ұзақ отыра алмады. «Сыртқы» АНО Х.Бумедьеннің басшылы ғымен ВПАР жақтастарының қарсылығын басып тастады. Политбюро да ұзақ өмір сүрмеді. 1962 ж. 4 қыркүйекте «сыртқы» АНО, Ұлттық халықты армия (ННА) болып өзгертілген, Алжирді жаулап алды. 20 қыркүйекте Халықтық Демократиялық Алжир республикасы жарияланды (АНДР). Үкіметті Бен белл басқарды. Қорғаныс министрі – Бумедьен. Тек осы тұста ғана барлық уақытша билік ошақтары қызметін тоқтатты. Алжирдің тәуелсіз ел ретіндегі тарихы басталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет