1960 ж.ж Араб елдері мен Израилдің қарсы тұруы 1956 ж. Англия мен Францияның әскери акциясына Израилдің қатысуы Таяу Шығыстағы орың ролін араб елдері күткендей болды. Египеттегі әскери беделі қарқын өсе бастады. КСРО–ның көмегімен әскер қайта қаруланып, қайта оқытылды; Асуан платинасының құрылысы жүре бастады, 1964 ж. Оның салтанатты түрде ашылуы болып, оған Н.С.Хрущев қатысты. 1956 жылғы соғыстан кейін Израиль бірнеше жылға өз шекарасын тыныштықты ұстады. Франциямен одақ сақталып АҚШ пен қарым-қатынас жақсара бастады. Тиран бұғазында кемелердің өту мәселесі қалпына келтірілді: 1957 ж наурызда Англия, Франция, АҚШ кемелердің еркін өтуіне кепілдік беруді өздерінің міндетіне алды. Израиль өз әскерін Шарым- аш- Шейх аудынан шығарды, ол жерге БҰҰ әскері орналастырлды. Израилдік Эйлат порт гүлденіп, оның халқы 10жылда он үш рет өсті.
1964ж Палестинаны азат ету ұйымы құрылды; оны құрушы Ахмед Шукейраның Палестина хартиясының ең басты ұраны «барлық еврей лықтарды теңізге лақтырамыз!» деген сөзі болды. Ұйым өз қызметін Израильге қарсы акциядан бастайды, 1965 ж Израилдің өзінде терактілер басталады.
Палестиналық ұйымдардың ішіндегі ең ірісі– «Аль-Фатах» құрылады, басшысы Ясир Арафат. Израиль қатыкездікпен жауап береді, Иордания мен Ливан ауылдарына ашық түрде әуеден тұрақты әскер бөледі, осы жерден іс-қимылдарын жүргізеді.
1966 жылы Израильдік авияция Иорданиялық Эс-Саму ауылын атқылағаннан кейін 18 иорданиялық қаза болады. 1966 ж шілдеде Сирия шекарасында ірі инсидент болады, Израиль әскері Иордан өзенің ұратын жұмысшыларына кедергі жасау мақсатында атқылайды. 1967 ж сәуірде Израилдік ВВС Сириялық әуелік әскермен күреске шықты және 6 «МИГ-ті» құлатты. 1967 жылы 1-маусымда Израилде ұлттық бірлік үкіметі құрылады, 5 маусымда атақты Алты күндік соғыс басталады. Ол аяқ асты нан египет әуежайларын атқылаудан басталады, онда бір мезгілде 350 жаңа ұшақтар құртылған еді. Осыдан кейін құрлықтағы генералдар Моше Даян және Ицхак Рабин жақсы ойластырылған қимылдар басталады.
Бірнеше күн ішінде израиль әскері Иордан өзенінің Батыс жағалауын өз бақылауына алды, Синай түбегін және Суэцк каналын толығымен жаулап алды. Сонымен қатар израилдіктер Голон қыратын және Сирияның саяси маңызды аймағын басып алды, ол Дамаск қаласынан 30 шақырым жерде еді. Араб елдерінің жеңілісі толығымен болды; Г. А. Насер тез арада отставкаға кетті, содан кейін «халықтың өтінуімен» өз қызметінде қалуға келісті. 1967 жылғы соғыс палестиндықтардың көңілін қалтырды; олардың бір бөлігі терроризмге бет бұра бастады. 1968 жылы израилдік «Эль – Аль» авиокомпанияның ұшақтарын Алжир мен Афинаға айдап кету жағдайлары болды; жауап ретінде израилдіктер Бейруттағы әуежайды атқылады, онда 13 ұшақ қирады.
1970 жылы қыркүйекте Иорданияда соғыс басталды: Король Хусейн палестиндіктерді қарусыздандыруды бастауға бұйрық берді. Нәтижесінде 30 мың палестиндік әскер қаза болды. Сириялық генерал Джадид палестин дықтарға көмек беруден бас тарта алмады; оны Хафез Асад 1970 жылы жүргізді. 1970 жылы 28 қыркүйекте Египет президенті Г. А. Насер күтпе ген жерден қаза болып, оның орнына вице – президен Анвар Садат отыра ды. Палестиндік ұйымдар арасныда радикализм өсіп, осы кезеңде атақты террористік әрекеттер «Қара қыркүйек», «Араб революциясының қолы» және т. б. іске асады. Я. Арафат пен Хусейн арасындағы жанжалды басу қиынға түсті, олар өртті тоқтату туралы формальды келісімге қол қойды.
Достарыңызбен бөлісу: |