Қырғи–қабақ соғысы кезіндегі Палестина мәселесі


ІІІ. Тропикалық Африканың бостандығы



бет7/34
Дата03.01.2022
өлшемі83.38 Kb.
#450481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
африка и израйль

ІІІ. Тропикалық Африканың бостандығы. 1957 жылы ең алдымен тәуелсіздігін алған ағылшын колониясы Алтын Жоға (Гана) болды. Жергілікті тұрғындарды Квоме Нкрума басқарды. 1948 жылы астанасы Аккрода К.Нкрума сөз сөйлеген болатын. Осыдан кейін ол сотталған еді. Ағылшындықтар жаңа конституцияны құру үшін жаңа комиссияны құрған болатын. 1958 жылы К.Нкрума сайлауда жеңгеннен кейін, түрмеден босатылды да министр болып тағайындалды. 1954 жылы ол екінші рет сайлауда жеңіске жетті. 1955 жылы мемлекет өзін өзі басқару статусына ие болды. 1957 жылы наурызда К.Нкрума премьер – министр болып тағайын далды. Алтын Жаға (Гана) тәуелсіз мемлекет болды.

Екінші болып өз тәуелсіздігін француздық Гвинея жариялады. Францияның барлық колониялары екі территориялық аймаққа бірікті ол Батыс Африка және Экваторлық Африка. Олардың әр қайсысында өздерінің жиналыс өкілдері болды.

1956 жылы Францияның басына Ги Молле келгенде «Шектеулі заңды» қабылдаған болатын, колониялар мағыналы автономия алып, халықтың сайлау құқығы болды және африкандықтарды мемлекеттік жұмысқа ала бастады. 1957 жылы Батыс және Экваторлық Африканың 12 территориясында ұлттық жиналыстар құрыла бастады.

1958 жылы үкімет басына қайтадан де Голль келді. Ол ұлтшыл Африканың басшыларына екі бағытты таңдауды ұсынды: толық тәуелсіз мемлекет болу немесе Франция одағының құрамындағы автономиялы болып қала беру. Гвинеядан басқа елдер екінші ұсынысты қабыл алды. 1958 жылы қазанда Гвинея тәуелсіздігін алды. Ол бұрыңғы метрополиясынан ешқандай экономикалық көмек көрмеді. Сондықтан оған КСРО – дан көмек сұрауға тура келді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет