Алжирлік ұлттық мемлекеттіктің жаңдану кезеңі (1962-1965 жж.)
Тәуелсіздігін алған жас мемлекет 132 жылдық шетелдік отарлаудан кейін қалған мұрамен бетпе-бет кездесті. Алжирдің экономикасы ұлттық мүдде лерге жауап бермеді. Еуропалықтардың елден ағыла кетуі жұмыс жағдайында ауыртпалықтар тудырды. 1962 ж. 90 пайыз өндірістік объек тілер істемеді. Транспорт, сауда, қаржы шаруашылық салаларында дағдар ыс туды. 3 миллион еңбекке жарамды алжирліктің 2 миллионы жұмыссыз болды.
Тастап кеткен өндіріс орындарында өзін-өзі басқару институттары қалыптасты. Ауылшаруашылық саласында да шаруалар мен бұратана халық өзін-өзі басқару ұйымдарын құрды. Бұл елді аштықтан қорғап қалды. Эвиандық келісім бойынша Француз азаматтарының мүліктерін ұлттандыруға тыйым салынды. Сол себепті бен Белл 1962 ж. күзде азаматтарға жерді тек қолдауға берді. алайда 1963 ж. наурызда өзін-өзі басқарушы ұйымдар мемлекеттік бақылауға өтті.
1964 ж. 8 қыркүйек референдумынан соң АНДР Конституциясы күшіне енді. Президент 5 жыл мерзіміне сайланды. Констутуция елді дамытудағы негізгі бағыттар деп адамды қанауды жою, алжирліктердің өмір сүру жағдайын жақсарту, білім беру жүйесін жетілдіру, ұлттық мәде ниетті жаңғырту деп көрсетті. Алжирдегі жалғыз заңды партия деп Ұлт-азаттық фронт (ФНО) жарияланды.
1963 ж. 1 қазанда отарлаушылардың қолындағы барлық жерлер ұлттандырылды. 1963 ж. қазан – 1964 ж. наурызда отырыстар мемлекеттік ауылшаруашылық секторының маңызын арттырды.
1964 ж. сәуірде партияның жаңа бағдарламасы – Алжир хартиясы қабылданды. Социалистік революция бағытында даму жолға қойылды. Бұл шешім ішкі контрреволюциялық топтарды қанағаттандырмады. Бен Беллдің саяси қарсыластарының әрекеті ауыр экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың орын алуымен жеңілдеді. 1965 ж. еңбекке жарамды 40-50 пайыз алжирліктер жұмыссыз болды. Қайта құру бағдарламасы мамандардың, техниканың, қаржының жетіспеуінен алға жүрмеді. Бағдарламаның іс жүзінде нәтиже бермеуі бұқара халық арасында наразылық тудырды. ННА бұл саясатта валюнтаристік сарын бар деп айыптады. ФНО үнемі тазарту барасында ННО ғана ұйымдасқан күш болып қалды. 1965 ж. 19 маусымда әскери төңкеріс нәтижесінде билікті Революциялық кеңес жаулап алды. Оның басында Х. Бумедьен болды. Бұл күн Алжирде Революциялық жаңару күні деп тойлануда.
Достарыңызбен бөлісу: |