1979-1988 жж. Алжир 1979-1988 жж. ФНО мемлекеттік ұйымдарға бақылауын нығайтты. Басты орындарға паритялық элита адамдары отыра бастады. Мұнайға әлемдік бағаның түсуі және оның қазба орындарының тарылуы «қара алтынның» алынуын қысқартты. Бұл қол жеткен экономи калық жетістіктерді үлкен тоқырау алдына әкелді. Сыртқы қарыздарды қайтару уақыты да жетіп қалды. Алжирлік экономистердің жемқорлығы нәтижесінде оның мөлшері одан бетер көп болып шықты. 1982-1983 жж. үкімет жеке секторға жер, кредит,құрылыс материалдарын алуда жеңілдіктер берді. 1986 ж. қаңтарда Ұлттық хартияның жаңартылған бағ дарламасы шықты. Экономикалық жағдай құлдырады.Бұл жағдай мемле кетті қатаң саясат жүргізуге итермеледі. Бұл халықтың мұқтаж бөлігіне қатты тиді. Мемлекеттік сектор жұмысшыларын жұмыстан шығаратын дығы туралы хабар жағдайды ушықтырды. 4 қазан 1988 ж. бейбіт шеру магазиндерді қирату, сотқа, мэрияға оқтығуға ұласты. Оларға қарсы әскери қару жіберілді. Жүздеген адам өлді, 10 мыңдайы тұтқындалды. Қазан оқиғалары жоғарыдағы күшті саралады, либерализация процесін тездетті. 27-28 қарашада өткен 6 съезде ФНО бірпартиялық жүйеден бас тартып, жаңа конституцияның қажет екендігі туралы жариялады.
Достарыңызбен бөлісу: |