87
ИМАНИ ГҮЛ
Әбу Тәліп құрайыштардың бұл ұсыныстарын Алла
елшісіне жеткізді. Пайғамбарымыз
ұсыныстарын естір-
естімес:
«Уаллаһи, егер менің оң қолыма күнді, сол
қолыма айды ұстатса да мен бұл дінімді уағыздаудан
бас тартпаймын», – деп жауап берді. Ал, енді
Пайғамбарымыз жалған пайғамбар болған болса, аспан-
нан іздегені жерден табылған мына ұсыныстардың ал-
дында жауабы жоғарыдағыдай болар ма еді?
Құранда жалпы
пайғамбарлардың есімдері ша-
мамен 500-ге жуық рет аталса,
Пайғамбарымыздың
«Мұхаммед» есімі төрт-ақ рет аталады. Ал енді бәзбіреулер
айтқандай, Алла елшісі (с.а.у.) Құранды өзі құрастырып,
пайғамбарлығы арқылы атақ-абырой іздеген болса, онда
ондай адамның кітапта өзін осылай көрсетуі мүмкін бе?
Алла елшісі мұсылмандардың арасында ең қадірлі
адам бола тұра үнемі қиыншылықтардың бел ортасында
жүрді. Үш күн бойы нәр татпастан аш жүрген күндері жиі
кездеседі. Тіпті кейде аштықтың ауыртпалығы соншалық
– оны аз да болса жеңілдету үшін ішіне тас байлады.
Денесі әлсірегені соншалық – намаздарын отырып оқуға
мәжбүр болатын.
Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Бір күні Алла
елшісін мешітте көрдім. Намазын отырып оқуда екен.
«Пайғамбарым, сырқаттанып қалдыңыз ба?» – деп
сұрадым.
«Жоқ, Әбу Һурайра, ашпын. Аштықтан
түрегеліп оқитын дәрменім қалмады», – деді. Мен жы-
лай бастадым. Ол сонда мені жұбатып:
«Жылама, мах-
Достарыңызбен бөлісу: