126
ИМАНИ ГҮЛ
Мысал ретінде бірнеше аят:
Өсімдіктер де аналық-аталыққа бөлінеді
Өсімдіктердегі
аналық-аталық
ұрықтарының
ғылыми тұрғыдан соңғы ғасырларда ғана зерттеліп
білінгені бәрімізге мәлім. Ал, Құран мұны он төрт ғасыр
бұрын былай деп көрсеткен: «
Жерден өніп-өсетін
барлық өсімдіктерді және өздеріңді және сендердің т.б.
білмейтін нәрселеріңді жұп-жұп қып жаратқан Алла
қандай пәк»
47
.
Желдің ұрықтандыру қызметі
«Хижр» сүресіндегі:
«Біз желді ұрықтандыру
үшін жібердік, сөйтіп аспаннан жаңбыр жауғызып,
сендерді сусындандырдық…» аяты жаңбырдың жау-
уында, желдің ұрықтандыру
қызметін атқаратындығын
ашық баяндайды. Аятта жел үшін қолданылған «уақих»
сөзі «ұрықтандыру» деген мағынаны білдіреді.
Жел су буларынан пайда болған бұлттарды бір-
бірімен қақтығыстырады. Бұл қақтығыс салдарынан
найзағай пайда болады. Жел бұлттарды тығыздап сыққан
кезде жерге жаңбыр жауады.
Желдің бұлттарды айдап,
бір-біріне қосу ісі жоғарыдағы аятта
«бұлттарды бір-
біріне қосады» деп емес,
«ұрықтандырады» деп берілуі
шынымен де назар аударарлық. Яғни, аятта айтылған
желдің бұлттарды
«ұрықтандырады» деуінің аста-
рынан бұлттардың да бейне бір аталық-аналық тәрізді
позитив-негатив болып бөлінетіндігін аңғаруға болады.
Демек, желдің позитив-негатив бұлттарды бір-бірімен
қосып, тығыздауы нәтижесінде
жаңбыр жауғызуы оның
«ұрықтандыруы» болмақ.
Тоғызыншы ғасырдың аяғында яғни осыдан он
бір ғасыр бұрын өмір сүрген Ибн Жәрир әт-Табарани
47
Ясин сүресі/36.