Issn 2226-3551 Қазақстан Республикасының Валеология Академиясы


ВОПРОСЫ ОБЩЕСТВЕННОГО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ



Pdf көрінісі
бет191/237
Дата06.03.2024
өлшемі3.45 Mb.
#494569
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   237
2017-2

ВОПРОСЫ ОБЩЕСТВЕННОГО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ
154
көрсетумен қанағаттану эмоциялық қолдау көрсе-
тумен салыстырғанда өмір сүру сапасын жақсарту-
дың анағұрлым маңызды факторы болып табылады. 
Осындай қорытындыларАИТВ-пен байланысты 
симптомдар бақыланатын пациенттер үшін ақпа-
раттық қолдау көрсету аса қажетті болып табыла-
тын Сан-Франциско қаласында жасалды [3-5].
Көптеген зерттеулерде күйзеліс оң нәтижелі 
АИТВ жұқтырғанадамдардың 22-38% - да кезде-
сетіні атап өтілген. Күйзелістің маңызды көрсет-
кіштері мынадай: жастық шақ, жұмыссыздық, 
медициналық сақтандырудың болмауы, CD4 жасу-
шаларының төмен көрсеткіштері, АИТВ инфекци-
ясымен байланысты симптомдар, серіктесінің бол-
мауы, әлеуметтік қолдау көрсетудің төмен сапасы, 
инъекциялық емес есірткіні қабылдау [6].
АИТВ –пен өмір сүретін адамдарда күй-
зеліске душар балған кезде (оң диагноз қой-
ылған кезде, жұмысқа тұру, симптомдардың 
пайда болуы, мәртебесін ашу) эмоциялық жауап 
қайтару функциясының бұзылу байқалады - де-
прессивтіккөңіл-күй, эмоциялық меңіреулік және 
қорқыныш сезімі. Шетелдік авторлардың зертте-
улерінде күйзеліс сезімі ұйқысыздыққа әкелетіні 
және ауырсыну сезімін тудыратыны атап өтілген. 
35 жастан үлкен адамдар АИТВ-пен байланысты 
өмір ауырпалықтарын қиындықпен көтере алады, 
оларда жиі депрессивтік көңіл-күй, қорқыныш 
сезімі және шаршағандық байқалады. Әйелдер-
де АИТВ-пен байланысты дағдарыс кезеңі орын 
алғанда, депрессивтік көңіл-күй жиірек кезде-
седі, ал ер адамдарда эмоциялық меңіреулік және 
үрей сезімі байқалады [7].
ӨС-ке медициналық мәністердің әсер етуі 
спецификалық емес симптомдар мен оппортуни-
стикалық инфекциялардың әсерімен айқындала-
ды. Спецификалық емес симптомдарға тез шар-
шау сезімі, түнде терлеу, тәбеттің болмауы, іштің 
өтуі, салмақ жоғалту жатады. Барлық осы белгілер 
АИТВ-инфекциясы кезінде жиі кездеседі. Аталған 
симптомдардың құбылмалы, жиі түрде пайда бо-
луы және ауырлығы ӨС көрсеткіштерімен өза-
ра байланысын көрсетеді. Қатты шаршағандық 
«шаршағандық сезімімен» сипатталады және ӨС 
физикалық және психикалық мәністерімен теріс 
байланыста болады. Тәбетсіздік, жүрек айну,түнде 
терлеу физикалық шаршау және ауырсыну сезімен 
байланысты болады. Таңданарлық жайт, салмақты 
жоғалту безгекті қоса алғандағы басқа специфи-
калық симптомдармен салыстырғанда өмір сүру 
сапасына анағұрлым шектеулі әсер етеді. Кейбір 
зерттеулер жүргізу кезінде алынған деректер бой-
ынша АИТВ-инфекциясының ӨС-ке әсері обыр 
және күйзеліс сияқты басқа созылмалы аурулар-
мен салыстырғанда анағұрлым маңызды болып 
табылады [8].
Оппортунистикалық инфекциялар ӨС дең-
гейіне көбірек әсер етеді. Зерттеулер жүргізу 
кезіндепневмоцисталық пневмониямен ауыратын 
адамдардың ӨС көрсеткіштерініңаурудың басқа 
түрлерімен ауыратын, оң нәтижелі АИТВ на-
уқастарымен салыстырғанда төменірек болғаны 
атап өтілген. Олардың арасындағы ең үлкен айыр-
машылық - пневмоцисталық пневмониямен ауыра-
тын адам симптомдардың дерттілігіне байланысты 
кәсіби қызметпен айналыса алмайды. Осылайша, 
оппортунистикалық инфекциялардың алдын алу 
талпынысы аталған науқастардың өмір сүру сапа-
сын жоғарылату үшін маңызды көрсеткіш болып 
табылады [9].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   237




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет