Issn 2226-3551 Қазақстан Республикасының Валеология Академиясы



Pdf көрінісі
бет192/237
Дата06.03.2024
өлшемі3.45 Mb.
#494569
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   237
2017-2

Өзге ілеспе аурулар. 
Шетелдік ғалымдар зерттемелерінің деректері 
бойынша деменцияның көп таралуы АИТВ-инфек-
циясының үдемелі ауруымен ауыратын адамдар-
дың 15-20%-да кездеседі. Жарымкестік ЖИТС-тің 
бірінші белгісі болуы мүмкін. Әдетте, пациенттер 
жұмыс істей алмайды және өзін-өзі күте алмай-
ды. АИТВ-инфекциясын жұқтырған науқастарда, 
әсіресе, когнитивтік бұзылулары бар адамдар ара-
сында ұйқысыздық кең таралған. Аталған барлық 
факторлар өмір сапасына жағымсыз жағынан әсер 
етеді [10]. 
Соңғы онжылдық ішінде қоғамдық денсаулық 
сақтау саласында ӨС зерделеу бойынша белсенді 
зерттеулер жүргізілуде. Осылайша, әртүрлі фак-
торлардың АИТВ-инфекциясын жұқтырған және 
туберкулезбен (ТБ) ауыратын науқастардың ӨС 
деңгейіне әсерін, аурудың жеке симптомдарының 
аталған пациенттерге әсерін зерделеу бойынша 
зерттеужүргізілді. Жүргізілген кейбір зерттеу-
лердің деректері бойынша физикалық күш-жігер 
салуды шектеу, күнделікті өмірде белсенділікті 
азайту, туыстары мен достары арасындағы қа-
рым-қатынасты шектеу, жыныстық қатынасқа қа-
тысты өмірін өзгерту қажеттігі туындайтыны атап 
өтілген. ӨС өзгерту себептерін білу және науқасты 
сүйемелдеу кезінде оларды есепке алу күйзеліс 
және үрей деңгейін төмендету; ӨС жоғарылату 
және пациентте АИТВ-инфекциясын және ТБ ем-
деу терапиясын ұстану; стационарда режімді бұзу-
ды профилактикалау мүмкіндігін береді [11]. 
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне сәй-
кеспсихоорганикалық бұзылулар анағұрлым ай-
қын бақыланса, ӨС, оның ішінде психикалық 
денсаулық параметрлері анағұрлым төмен болады. 
Сарапшылардың пікірі бойынша физикалық ден-


ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
155
саулыққа қарағанда маңызды мағына психикалық 
денсаулыққа бөлінеді, өйткені екінші көбінесе 
біріншіге тәуелді болады. Осыған ұқсас нәтижелер 
бірнеше зерттеулерде көрсетілген [12].
ӨС құрылымының ерекшеліктерін түсіну үшін 
жеке тұлғаның бейімделу/ бейімсіздену пробле-
масы соматикалық, психикалық, жекебас, кәсіби 
және әлеуметтік даму динамикасының негізі бо-
лып табылатынын, бұл кезде вирус пен жасуша 
арасындағы барлық арақатынас тараптарын бір 
қалыпта ұстайтын иммундық процестердің бұ-
зылуы бейімделу тетіктері патологиясының се-
бебі болуы мүмкіндігін есте сақтау маңызды. 
АИТВ-инфекциясын жұқтырған науқастардыңӨС 
бұзудың даму тетіктерінің болуы алгоритмді әзір-
леу мүмкіндігін туғызды. Осылайша, науқастарды, 
оның ішінде АИТВ-инфекциясын жұқтырған на-
уқастарды оңалту «Науқастың аурубұзғанағзасы 
мен қоршаған орта арасындағы динамикалық те-
пе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған және 
оның аталған жағдайда оңтайлы өмір сүруіне 
бейімділігін айқындайтын жүйелі және орнын 
басатын медициналық, әлеуметтік және кәсіби 
іс-шаралардың жүйесі» болып табылады.Зерт-
теу жүргізу кезінде алынған деректер бойынша 
АИТВ инфекциясын жұқтырған науқастардың 
көбі РВҚТ алуына қарамастан жалпы өмір сүру 
сапасын және денсаулығын орташа деңгейде 
бағалағаны анықталды. РВҚТ жүргізілмеген 
кезде аурудың асқынуына қарай өзінің ӨС жақ-
сы деп санайтын респонденттер санының азаюы 
байқалды. Аталған топта ауру ағымының ұзаруы 
аясында өзінің ӨС жақсы деп санайтын респон-
денттер үлесі азаяды, ал өзінің ӨС нашар деп 
санайтындар үлесі өзгеріссіз қалады. АИТВ-ин-
фекциясының бастапқы кезеңінде спецификалық 
терапия алынған жағдайда және ол аз уақыт ішін-
де өткізілген кезде ешкім өзінің ӨС нашар деп 
санаған жоқ, алайда, аурудың өршу барысында 
өзінің ӨС нашар деп санайтын пациенттер саны 
көбейді. Ауру дамуының С кезеңінде өзінің ӨС 
жақсы деп санайтын респонденттер үлесінің аза-
юына, бірақ ауру ұзақтығы 7 жылдан көп жағдай-
ларда іс-жүзінде өзгермеуіне (ауру ұзақтығы 
қысқа деректермен салыстыру бойынша) қатысты 
анықталған фактінің маңызы зор [13].
Осылайша, АИТВ-инфекциясы адамның әле-
уметтік, физикалық және психикалық денсау-
лығына айтарлықтай әсер етеді деген қорытынды 
жасауға болады.Күйзеліс сезімімен жұмыс істе-
уге бағытталған әлеуметік-психологиялық көмек 
көрсету,өзін-өзі бағалау қабілетін жоғарылату, 
сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық қызметтер 
мен медициналық қызметтер арасындағы страте-
гияларды әзірлеу өмір сүру сапасының анағұрлым 
жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу мүмкіндігін 
береді. Ем алудың түпкілікті мақсаты өмірді ұзар-
туға және АИТВ жұқтырған науқастардың өмір 
сүру сапасын жоғарылатуға жәрдемдесу болып та-
былады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   237




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет