Issn 2226-3551 Қазақстан Республикасының Валеология Академиясы


ВОПРОСЫ ПИТАНИЯ И АЛИМЕНТАРНО-ЗАВИСИМЫЕ ЗАБОЛЕВАНИЯ



Pdf көрінісі
бет159/237
Дата06.03.2024
өлшемі3.45 Mb.
#494569
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   237
2017-2

ВОПРОСЫ ПИТАНИЯ И АЛИМЕНТАРНО-ЗАВИСИМЫЕ ЗАБОЛЕВАНИЯ
125
нутриенттердің сандық және сапалық мөлшерін 
бағалау, нақты тағам үлесінің биологиялық және 
тағамдық құндылығын кәсібіне байланысты негіз-
деуге мүмкіндік берді.
Құрылысшыларды кәсібіне байланысты үш то-
пқа бөліп жіктедік: 1 топ – негізгі мамандықтың 
жұмыскерлерінің нақты тамақтануының орташа 
мәні (45 адам), 2 топ – қосымша мамандықтың 
жұмыскерлерінің нақты тамақтануының орташа 
мәні (24 адам), 3 топ – инженер-техникалық жұ-
мыскерлердің нақты тамақтануының орташа мәні 
(31 адам), 2 кесте. 
2 кесте - Респонденттердің кәсібіне байланысты тәуліктік рационының макро-микронутриенттік 
құрамы
Тағамдық заттек
Ұсынылатын 
тәуліктік 
мөлшерлеме
Нақты қолданылуы
негізгі маман-
дықтың жұмы-
скерлері
(1 топ)
қосымша маман-
дықтың жұмы-
скерлері(2 топ)
инженер-техни-
калық жұмы-
скерлер
(3 топ)
Энергия, кКал
3700-3850
3447,07+171,3
3232,92+203,75
3342,12+183,32
Нәруыз, барлығы, г
90-120
103,74+0,24
107,94+2,93
101,76+3,91
Жануар текті нәруыз, г
60
67,77+2,6,р*1
67,59+3,5
70,85+3,27,р*1
Майлар , г
90 – 120
126,71+3,54
122,63+5,94
127,06+4,62
Өсімдік текті майлар, г
19 – 22
45,16+2,64,р2
53,03+3,44,р2
56,51+3,27,р2
Қаныққан май қышқылдары (ҚМҚ), г <11,0
30,93+1,46
34,91+1,96
35,74+1,9
Полиқаныққан май қышқылдары 
(ПҚМҚ), г
18 – 19
28,35+1,49
27,55+1,95
25,81+1,87
T_TRANS, г
0
1,05+0,24,р1
2,35+0,29,р2
1,41+0,26,р2
Холестерин, мг
<300
416,62+95,26
600,122+125,12
781,03+121,9, р1
Көмірсулар, г
450 -537
374,32+7,41,р2
328,15+10,1,р2
335,1+9,67,р2
Крахмал, г
190-440
226,4+6,46
217,91+0,02
227,54+8,16
Жай көмірсулар, г
21 – 24
76,42+2,95,р2
80,26+4,28,р2
77,89+4,01,р2
Тағамдық талшықтар, г
20-25
19,68+0,41
14,96+0,52,р2
13,81+0,51,р2
Натрий, мг
1300-1500
1982,1+221,28
2930,1+291,64
2703,5+285,81
Калий, мг
5000
3662,4+109,42,р2
3320,9+135,74,р2
3728,7+129,47,р2
Кальций, мг
1000 -1300
766,24+32,35,р2
632,58+44,29,р2
597,06+41,28,р2
Магний, мг
220– 260
270,13+12,74
319,67+16,58
304,5+16,79
Фосфор, мг
700
1199,84+28,97
1465,88+42,85
1322,88+35,52
Темір, мг
10-18
18,8+0,52
18,31+0,75
19,57+0,67
Мыс, мкг
0,9
1,09+0,04
1,62+0,06
1,64+0,06
Мырыш , мг
5-10
12,1+0,41
12,17+0,58
13,37+0,51
Марганец, мг
2
3,05+0,17
3,55+0,23
3,51+0,21
Селен, мкг
26 – 34
16,99+1,08,р2, р3
12,54+1,34,р2, р3
12,59+1,27,р3
Йод, мкг
150
101,53+3,58,р2,р4 103,55+4,82,р2
89,88+4,4,р2,р4
Ретинол (А), мкг
700 -900
1001,57+400,96
941,88+539,14
1252,59+578,54
D дәрумені, мкг
10 - 15
16,34+0,95
18,31+0,75
19,57+0,67
Е дәрумені, мг
15
17,46+1,91
16,32+1,23
11,29+1,19
Тиамин (В1) , мг
1,1 -1,2
1,3+0,04
1,29+0,05
1,34+0,05
Рибофлавин (В2) , мг
1,1 -1,3
1,75+0,11
1,66+0,15
1,83+0,15
Ниацин (РР/В3), мг
14 -16
17,62+0,54
22,08+0,76
22,94+0,73
Пиридоксин (В6) , мг
1,3 -1,5
2,13+0,07
2,39+0,08
2,46+0,08
Цианокобаламин(В12), мкг
2,4
7,49+2,91
8,83+3,42
11,24+4,2
Фолаттар, мкг
400
275,54+13,2,р2
176,43+17,65,р2
180,18+17,84,р2
Пантотен қышқылы (В5), мг
5
5,01+0,37
5,04+0,52
5,76+0,49
Биотин (Н/В7), мг
26 -30
40,05+5,72
38,28+7,8
47,8+7,84
С дәрумені, мг
75 -90
99,36+8,07
92,96+8,36
102,97+ 10,23
Ескертпе: р*1 - көрсеткіштің нормамен салыстырғандағы нақты айырмашылықP<0,05; р1 - көрсеткіштің нормамен 
салыстырғандағы нақты айырмашылықP<0,01; р2 - көрсеткіштің нормамен салыстырғандағы нақты айырмашылықP<0,001; 
р3- өзара топтар арасындағы көрсеткіштерді бір - бірімен салыстырғандағы нақты айырмашылықP<0,01;р4- өзара топтар 
арасындағы көрсеткіштерді бір - бірімен салыстырғандағы нақты айырмашылық P<0,05.


ТАҒАММЕН БАЙЛАНЫСТЫ АУРУЛАР ЖƏНЕ ТАҒАМТАНУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
126
2 кестеде көрсетілгендей, құрылысшылардың 
кәсібіне байланысты нақты тамақтану рационы-
ның калориялылығы үш топта даұсынылатын 
тәуліктікмөлшерден төмен (3700-3850ккал). Бұл 
жеткіліксіздік 1 топта – 252,93 ккал; 2 топта – 
467,08 ккал-ды; 3 топта – 357,88 ккал-ды құрады. 
Тәуліктік рационда нәруыздардың, майлардың 
және көмірсулардың қолайлы қатынасы 1:1:4 бо-
луы шарт, бірақ құрылысшылардың кәсібіне бай-
ланысты ол 1 топта –1:1:3,6; 2 және 3 топта – 1:1:3 
қатынасын құрады. Осыдан біз үйлесімділікті 
қамтамасыз ететін нәруыздар мен майлардың қа-
лыпты мөлшерін, ал көмірсулардың мөлшері үш 
топта да ұсынылатын тәуліктік нормадан төмен 
(P<0,001) екеніне көз жеткіземіз.
Сонымен қатар, жануартекті нәруыздар мен 
өсімдік текті майлардың мөлшері ұсынылатын 
нормадан (жалпы нәруыздардың 50-60% және-
жалпы май мөлшерінің 25-30% құрауы керек)
біраз жоғары, әсіресе 3 топ респонденттерінде 
нақты айырмашылық байқалады (P<0,05 және 
P<0,001).
Қаныққан май қышқылдарының тағамдық құн-
дылығы 9,0 - 10,8 г/1000 ккал құрады, яғни қалып-
ты жағдайдың шамасында (<11,0 г)және ПҚМҚ/
ҚМҚ қатынасы да ұсынылатын норманың шама-
сына 0,7 -0,9 бірлікке тең келеді. Алайда, холесте-
рин мен транс-майлардың БДҰ ұсынған нормадан 
жоғары болуы және калийдің, селеннің, фолат-
тар мен тағамдық талшықтардың жеткілісіздігі 
құрылысшыларда жүрекқантамыр және онкологи-
ялық аурулардың даму қауіпін де жоғарылатады
әсіресе бұл жағдай 3 және 2 топтарда айқын бай-
қалады(P<0,001). 
Сонымен қатар, эндокриндік жүйе аурулары-
ның даму қауіпін жоғарылататын 1, 2 және 3 топ 
респонденттерінде нақты анықталған жай көмір-
сулар үлесінің БДҰ ұсынып отырған мөлшерден 
шамадан 3есе артық болуы (P<0,001) және йод 
микроэлементінің жеткіліксіздігі(P<0,001) фактор 
болып табылады.
1, 2 және 3 топ респонденттерінде тірек-қимыл 
жүйесінің негізі болып табылатын кальций макро-
элементінің жеткіліксіздігі анықталған (P<0,001).
Дегенмен, барлық респонденттерде майда (D, 
А, Е дәрумендері) және суда (В1, В2,В3, В5,В6,В7, 
В12, С дәрумендері) еритін дәрумендердің мөл-
шері қалыпты жағдайда болды.
Қорыта келе, кәсібіне байланысты зерттеуге 
алынған құрылысшылардың нақты тамақтануы 
адам ағзасының толыққұнды және адекватты қа-
жетіліктерін қанағаттандыра алмады, әсіресе 3 
және 2 топреспонденттеріне көбірек көңіл бөлу 
қажет. Тағам рационының калориялылығы еңбек 
ауырлығы бойынша IV-ші топқа жататын респон-
денттердің тәуліктік энергия қажеттілігінен төмен 
болды және физикалық жүктемеге төзімділік пен 
күш қуат беретін негізгі макронутриент - көмірсу-
лардың да жеткіліксіздігі анықталды (1:1:3).
Тәуліктік рационының химиялық құрамы бой-
ынша тағамдық талшықтардың төмен мөлшері 
де 3 және 2 топ респонденттерінде кездеседі 
(P<0,001). Сонымен қатар, барлық топтарда калий 
және кальций мароэлементтерінің, селен және йод 
микролементтерінің, фолаттардың жеткіліксіздігі 
айқындалды.
Сонымен, жұмыс барысында алынған нәтиже-
лер келесі қорытындыны жасауға мүмкіндік берді. 
1) Жануар нәруыздарының шамадан артық бо-
луы – күндізгі ауысымда жұмыс жасайтын барлық 
жастағы құрылысшыларда, әсіресе инженер –тех-
никалық жұмыскерлерде күз және қыс айларында 
айқын болды.
2) Өсімдік майларының шамадан артық болуы–
барлық жыл мезгілінде құрылысшылардың кәсібі 
мен еңбек өтіліміне байланысты ықтималдылығы 
P<0,001.
3) Қаныққан май қышқылдарының жоғары 
болуы –барлық жыл мезгілінде, негізгі, қосымша 
мамандықтың және инженер –техникалық жұмы-
скерлердеанықталды.
4) Полиқаныққан май қышқылдарының жет-
кіліксіздігі – 19-50 жас аралығындағы құрылыс-
шыларда байқалды, P<0,01.
5) Транс-майлардыңшамадан артық болуы–бар-
лық құрылысшыларда күз мезгілінен басқа уақыт-
та анықталды,P<0,001.
6) Холестериннің жоғары болуы – жылдың бар-
лық мезгілінде, еңбек өтілімі >5 жылдан , күндізгі 
ауысымда істейтін негізгі, қосымша мамандықтың 
және инженер –техникалық жұмыскерлерде ай-
қындалды, P<0,01.
7) Жалпы көмірсулардың жеткіліксіздігі мен 
жай көмірсулардың шамадан жоғары болуы– бар-
лық топ респонденттерінде анықталды, P<0,001.
8) Тағамдық талшықтардың жеткіліксізді-
гі - барлық топ респонденттерінде, әсіресе негіз-
гі мамандықтың жұмыскерлерінде көрініс тапты, 
P<0,001.
9) Крахмал жеткіліксіздігі – жаз мезгілінде ғана 
айқындалды.
10) Негізгі алмасуға жұмсалатын шығынмен 
физикалық жүктеменің нәтижесі бір-бірін то-
лықтырмайтындығы, яғни қалыпты көрсеткішпен 
салыстырғанда орташа шамамен 250 ккал кем 
екендігі белгілі болды:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   237




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет