Issn 2617-6319(Print) issn 2791-3368 (online) Индекс 10532 «ҚӘӘи хабаршысы»


ВАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В ВОЕННОМ ОБРАЗОВАНИИ



Pdf көрінісі
бет60/73
Дата10.01.2023
өлшемі5.61 Mb.
#468297
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73
Статья на воен журнал

ВАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В ВОЕННОМ ОБРАЗОВАНИИ
ISSN –2617- 6319 ҚӘӘИ ХАБАРШЫСЫ №3 (51), 2022 
66 
негізгі тақырыпты талқылады: Корей түбегін ядролық қарусыздандыру, 
аймақтағы 
бейбітшілікті нығайту 
және 
екіжақты 
қарым-қатынас. 
Панмунджом саммитінің қорытындысы бойынша қабылданған Корей 
түбегіндегі бейбітшілік, өркендеу және қайта бірігу туралы Декларация 
түбекте әскери шиеленісті азайту үшін бірлескен күш-жігер қажеттілігі 
туралы жалпы идеяларды тұжырымдады. 
Сондай-ақ, Оңтүстік Корея әкімшілігі басынан бастап Солтүстік Корея-
Америка саммиті идеясын белсенді түрде қолдады, оның өтуіне және 
Солтүстік Кореяның ядролық мәселесін дипломатиялық жолмен шешуде оң 
нәтижелерге қол жеткізуге көп күш салды. Ким-Трамп кездесуін 
ұйымдастыру айтарлықтай қиындықтармен дамыды және көптеген 
келіссөздер жүргізілді. Соған қарамастан 2018 жыл 12 маусымда Ким Чен Ын 
мен Дональд Трамп арсындағы Сингапур саммиті өтті. Нәтижесінде тараптар 
бірлескен мәлімдемеге қол қойды және құжаттың өте маңызды ережелері 
Трамптың КХДР-ына қауіпсіздік кепілдігін беру міндеттемесі мен Кимнің 
Корей түбегін толық ядролық қарусыздандыруға деген мызғымас 
ұстанымымен байланысты болды. 
Бұдан бөлек, 2018 жылдың қыркүйегінде өткен үшінші корейаралық 
саммит Корей түбегіндегі жағдайды реттеу үдерісі үшін үлкен маңызға ие. 
Сарапшылар оған әртүрлі баға бергенімен, тұтастай алғанда саммит белгілі 
бір практикалық нәтижелер әкелді дегенге келісті [5]. Бұрынғы прогрессивті 
әкімшіліктерден айырмашылығы, Мун Чжэ Ин әкімшілігінің Солтүстік 
Кореяға қатысты саясаты ядролық мәселені корейаралық, оның ішінде 
экономикалық қатынастардан тыс қалдырмауы болды. Алайда, 2019 жылы 
Ханойдағы сәтсіз өткен АҚШ-Солтүстік Корея саммитінен кейін екі Корея 
арасындағы қарым-қатынастардың дамуы іс жүзінде корейаралық 
ынтымақтастықты қалпына келтірудің Пхеньян мен Вашингтон арасындағы 
ядролық келіссөздердегі ілгерілеуге тәуелділігін көрсетті. 
Осыған байланысты Корей түбегіндегі жағдай соңғы жылдары мүлдем 
назардан тыс қалған емес. Ал, осы жақын арада орын алған кейбір оқиғалар 
алаңдаушылықты одан сайын арттыруда. Нақтырақ айтқанда, осы жылдың 9 
қыркүйегінде Солтүстік Корея ресми түрде өзін ядролық мемлекет деп 
жариялаған болатын. Бұдан бөлек, 6 қазанда Солтүстік Корея Жапон теңізіне 
қарай екі баллистикалық зымыранды ұшырды. Бұл бір аптадағы алтыншы 
ұшыру болды. Ел билігі мұны АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен оқу-
жаттығуына жауап деп атады. Осы оқиғалардан кейін Оңтүстік Корея 
Солтүстік Кореяның 15 жеке тұлғасы мен 16 ұйымына қарсы өз санкциясын 
салды. Бұл соңғы 5 жыл ішіндегі алғашқы санкция болып отыр [6]. 
Ал, 24 қазанда қос тарап Корей түбегі жағалауындағы даулы 
шекаралық аймақта ескерту оқтарымен алмасты. Бұл шекаралық оқиға 
аймақтағы шиеленістің айтарлықтай күшеюі аясында орын алды. КХДР 
соңғы уақытта баллистикалық зымырандарды әдеттен тыс сынақтан өткізуде 
және жақында Корей түбегінің шығыс және батыс жағалауындағы шекараны 
бойлай артиллериядан оқ жаудырды. Сонымен бірге, Оңтүстік Корея 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет