Issn 2617-6319(Print) issn 2791-3368 (online) Индекс 10532 «ҚӘӘи хабаршысы»


№3(51), 2022 ҚӘӘИ ХАБАРШЫСЫ ISSN – 2617-6319



Pdf көрінісі
бет61/73
Дата10.01.2023
өлшемі5.61 Mb.
#468297
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73
Статья на воен журнал

№3(51), 2022 ҚӘӘИ ХАБАРШЫСЫ ISSN – 2617-6319 
 
 
67 
Солтүстік Кореядан келетін қауіп-қатердің алдын алу үшін осы оқ алмасудан 
бір апта бұрын жыл сайынғы әскери жаттығуларын бастаған болатын [7]. 
Жалпы айтқанда, Корей түбегіндегі жағдай әрдайым назарда болуы 
тиіс. Себебі, жағдайды әскери қақтығыс шегіне жеткізуі мүмкін шиеленістің 
күрт өсуі байқалады. Белгілі бір сәтте жағдай бақылаудан шықпайтынына 
кепілдік жоқ және бұл апатты салдарға әкелуі мүмкін. Бүгінгі таңда Пхеньян 
мен Сеулге тиімді диалогты қалпына келтіру жолына түсуі үшін ықпал ету 
мүмкіндіктерін табу аса маңызды. Қос тарап арасындағы шиеленістің 
сақталуы мүдделі мемлекеттердің Корей түбегінің ядролық мәселесін саяси 
жолмен реттеуге күш салуына да кедергі келтіреді. 
Осы ретте аталған мәселені реттеуге қатысты Қазақстанның атқаратын 
рөлін айқындауды өзекті деп ойлаймын. Қазақстан Республикасы үшін 
азиялық бағыттағы векторда екі Кореямен қарым-қатынас жүргізудің маңызы 
зор екендігі сөзсіз. Оның үстіне ел басшылығы Солтүстік Кореяның ядролық 
бағдарламасы мәселесін шешу және жалпы корей мәселесін реттеуге өз 
көңілін бөлуде. 
1993 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш 
Президенті Н.Ә.Назарбаев Жоғарғы Халық Жиналысы Кеңесінің Төрағасы 
Ян Хен Соб бастаған Корей Халық Демократиялық Республикасының ресми 
делегациясын қабылдады. Әңгіме барысында Н.Ә. Назарбаев егемен 
Қазақстанның демократиялық, құқықтық мемлекет құрып жатқанын және 
КХДР-ның Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығу туралы шешімі 
Қазақстанда белгілі бір алаңдаушылық туғызып отырғанын атап өтті. Өз 
тарапынан Ян Хен Соб екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы бірінші 
жоғары деңгейдегі байланыс екі ел арасындағы қарым-қатынастардың 
дамуындағы бетбұрыс болатынына сенім білдірді. 1993 жылы 7-8 маусымда 
Алматыда ҚР Жоғарғы Кеңесі мен КХДР-ның Жоғарғы Халық Жиналысы 
арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды. 
Бұрынғы КСРО-ның ядролық мұрасынан өз еркімен бас тартқан және 
ядролық қаруды таратпау ісіне қомақты үлес қосқан мемлекет ретінде 
Қазақстан КХДР басшылығын халықаралық міндеттемелерді орындауға 
шақырады және барлық мүдделі тараптармен ортақ келіссөздер арқылы 
барлық мәселенің, соның ішінде КХДР қауіпсіздігіне қатысты сұрақтың да 
шешімі табылады деп үміттенеді. Қазақстан КХДР-ның Ядролық қаруды 
таратпау туралы шарттан шығуы Корей түбегі мен Азия аймағындағы 
қауіпсіздік пен тұрақтылыққа елеулі зиян келтіреді және жаһандық 
қауіпсіздік режимін айтарлықтай әлсіретеді деп санайды. 
Белгілі 
қазақстандық 
тарихшы 
және 
корейтанушы, 
тарих 
ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Азиятану 
институтының 
директоры 
Ким Герман 
Николаевичтің 
пікірінше, 
Қазақстанның корейаралық қарым-қатынас мәселелерін шешуде атқара 
алатын рөлі медиация болуы мүмкін. Мемлекеттер жүзеге асыратын 
медиацияда ірі державалар мен екінші реттегі мемлекеттердің медиациясын 
ажырату қалыпты жағдай болып табылады. Басқаша айтқанда, аймақтағы 
көршілес, күшті саяси және экономикалық тұтқалары бар мемлекеттер, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет