Issn 305-9397. Ғылым және білім. 2022. №1-1 (66) issn 2305-9397


ISSN 2305-9397. Ғылым және білім. 2022. № 3-3 (68)



Pdf көрінісі
бет291/338
Дата03.10.2022
өлшемі7.12 Mb.
#461821
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   338
Журнал Наука и образование №3-3(68) 2022

ISSN 2305-9397. Ғылым және білім. 2022. № 3-3 (68)____ _ 
245 
550 барға дейінгі қысыммен ӛңдеуге және кері айдауға және ӛндірілген мҧнайды Қарашығанақ 
ӛңдеу кешеніне беруге арналған. 
Қарашығанақ бойынша игерудің кӛптеген варианттары бар және олардың кӛбі осы кен 
орынның нарық орталықтарынан алыс орналасуымен, кӛлемімен және флюид қҧрамымен 
байланысты[7].
Мҧнай, газ және су қысыммен коллектордан кейін ӛңдеу және сату ҥшін жер бетіне 
кӛтеріледі. Коллектордағы газ факторы сҧйық кӛмірсутектерді алуға мҥмкіндік беретін 
қозғаушы кҥш рӛлін атқарады [8]. Газ бетіне жетіп, сҧйық фазадан бӛлінген кезде оның 
қысымы тӛмендейді. Бҧл газды коллекторға қайтару ҥшін оның қысымын коллектордағы 
қысымнан жоғары деңгейге кӛтеру қажет. Шын мәнінде, газды кері айдау - тҥпкі мақсаты газ 
қысымын жоғарылату және оны коллекторға қайтару болып табылатын технологиялық 
процестердің сериясы 
Ӛндірілген газ қҧрамы, оны дайындау мен ӛңдеу кҥрделілігіне әсер етеді. Кӛмірсутекті 
газдарда қышқыл газдардың, су булары, механикалық қоспалардың, тҧздың едәуір мӛлшері, 
мҧнайдың аз мӛлшері және кӛмірсутекті конденсат компоненттері кездеседі[9].
Газ бен конденсаттың қҧрамын білу қажеттілігі: ҧңғымаларды сенімді пайдалануды 
қамтамасыз ету, кәсіпшілікте дайындау тәсілін, кӛлік, ілеспе компоненттерді алу және 
ӛндірілетін ӛнімді тҧтыну бағытын айқындау [108].
Қарашығанақ кен орнында газды кері айдау технологиясын пайдалану айтарлықтай 
пайда әкеледі. Біріншіден, ҚПО-ның қоршаған ортаны қорғау жӛніндегі міндеттемелерін 
назарға ала отырып, газды кері айдау газды ӛндіру орны бойынша осы газды жағуға немесе 
қайта ӛңдеуге балама ретінде коллекторға қайтаруға мҥмкіндік береді. Бҧл сонымен қатар 
коллекторды ҧтымды басқаруға, ондағы қажетті қысымды ҧстап тҧруға және сол арқылы кен 
орнының қызмет ету мерзімін тиімді ҧзартуға кӛмектеседі. Газды қойнауқатқа кері айдау кен 
орнының бҥкіл пайдалану мерзімі ішінде кӛмірсутектерді оңтайлы шығаруды жҥзеге асыруға 
мҥмкіндік береді. 
Ӛнімді қабатқа адалатын газ ӛндірген газдың бір бӛлігі болғандықтан, оны алдымен 
қҧрғатып тазартады. Қазіргі уақытта газды қышқыл компоненттерден тазарту ҥшін ҥш әдіс 
тобы қолданылады: абсорбция (сіңіру), адсорбция және каталитикалық [11-15]. Нақты 
кӛрсеткенде оларды әр тҥрлі технологияларға сәйкес келесі топтарға бӛлуге болады: 
- хемосорбциялық процесстер, Н
2
S және СО
2
-нің абсорбенттің белсенді бӛлігімен ӛзара 
химиялық әрекеттесуге негізделген; 
-
физикалық абсорбция процестері, қышқыл компоненттерді (кҥкіртсутегі және 
кӛміртегі диоксиді) алу, олардың ерігіштігіне байланысты болады
- аралас процестер, бір уақытта химиялық және физикалық сіңіргіш заттарды 
қолданатын; 
- тотығу процестері, қайтымсыз тҥрлендіруге негізделген сіңірілген кҥкіртсутегін 
элементтік кҥкіртке айналатын; 
- адсорбциялық процестер, белсендірілген кӛмірдегі, цеолиттердегі және басқалардағы 
қатты сіңіргіштер[16].
Қазіргі ӛндірісте кӛмірсутекті газдарды тазарту ҥшін кеңінен абсорбциялық 
этаноламинді тазарту технологиясы болып табылады, Қарашығанақ кен орнында да осы 
технология қолданылады. Басқа технологияларға қарағанда, экономикалық бағалау кезінде осы 
этаноламиндерді сіңіру технологиясы тиімділігін кӛрсетті. 
Газды кешенді дайындау қондырғы (ГКДҚ – 2) Қарашығанақ кен орнында ӛндіру 
процесін қолдайтын ӛзара байланысты және ӛзара тәуелді технологиялық қондырғылардың 
бірыңғай жҥйесінің бӛлігі болып табылады. ГКДҚ -2 бірнеше ӛндіруші ҧңғымалармен 
байланысты, олардан ӛнім мҧнай-конденсат жинауышына тҥседі, онда ҧңғыма сҧйықтығы ҥш 
фазаға бӛлінеді. Газ фазасы сығымдау алдында кептіріледі. ГКДҚ - 2 сығымдау жҥйесі 
жҥйенің кірісіндегі 70 бар қысыммен және шығатын 550 бар қысыммен тәулігіне жалпы 
ӛнімділігі 22 миллион текше метр шикі газдың ҥш кері айдау компрессорларынан тҧрады, оның 
кӛмегімен газ айдау ҧңғымалары жҥйесі арқылы қойнауқатқа қайтарылады[17]. 
Кен орынды игеру барысында резервуарға газды кері айдау шамамен 101,8 млрд м3 
қҧрады. ГКДҚ -2 жаңа қҧрылыстарына газды бӛлу, қҧрғату және газды кері айдау кіреді. 
ГКДҚ-2-мен барлық қҧрғатылған газ ҚӚК-мен қҧрғатылған тазартылмаған газбен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   338




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет