______ ____________Ауыл шаруашылығы ғылымдары
92
басқару ҥшін мақсары агроландшафттарының әсерінен топырақ жамылғысының физикалық-
химиялық кӛрсеткіштерінің ӛзгерістерін анықтау болып табылады.
Далалық тәжірибелер Батыс Қазақстан облысындағы "Дәуқара"
шаруа қожалығының
ӛндірістік жағдайына негізделген. Тәжірибелік учаскенің топырағы Батыс Қазақстанға тән -
қара-қызғылт тҥсті орташа саздақ.
Зерттеу объектісі ретінде мақсары агроландшафттары алынды.
Зерттеулерде мақсары агроландшафттарын қалыптастырудың 2 технологиясы
салыстырмалы тҥрде зерттелді:
1 – биологиялық препараттар қолданылмайтын дәстҥрлі технология (бақылау). Бҧл
технологияда кҥзде N
40
P
40
және
мақсарыны себу алдында N
20
P
20
мӛлшерде азот және фосфор
минералды тыңайтқыштары қолданылды.
2 – нарықта тауар ӛндірушілер ҥшін қолжетімді биоорганикалық препараттар
пайдаланылатын биологиялық технология: Biodux биостимуляторы, Оrgamica S биофунгициді,
Оrganit N, Organit P био-органикалық тыңайтқыштары. Биологиялық препараттар 2
тәсілмен
қолданылды: мақсары тҧқымдық материалын 10 л/т мӛлшермен дәрілеу және мақсары
ӛсімдіктерінің нақты жапырақтарының 3-4 фазасында дақылдарды бҥрку, жҧмыс ерітіндісінің
шығыны 300 л/га қҧрайды.
Бӛлінген алқаптардың ауданы 50 м
2
, қайталануы ҥшеселік, орналастырылуы -жҥйелік.
Тәжірибенің екі нҧсқасында да Батыс Қазақстанда қабылданған топырақ ӛңдеу жҥйесі
қолданылды. Тәжірибелерде мақсарының аудандастырылған "Ахрам" сорты қолданылды.
Себу нормалары, 1 гектарға кӛктеп шыққан 500 мың тҧқым.
Мақсарыны жинау мақсарының
толық пісуі кезеңінде тҧтас (тікелей) әдіспен жҥргізіліп, 100% тазалықпен 10% ылғалдылыққа
келтіру қолданылды.
Мақсарының ӛсуі мен дамуын бақылау қабылданған әдістемеге сәйкес жҥргізілді.
Мақсарының майлылығын анықтау ҥшін тҧқымдардағы май мӛлшері экстракциялау әдісімен
анықталды [8].
Мақсарының фитомелиорациялық рӛлін зерттеу ҥшін кӛрсеткіштері бойынша 0-10 см
және 10-20 см қабаттардағы қара-қызғылт топырақтардың ҥлгілері алынды. Іріктеудің
қайталануы -4 еселік.
Зертханалық жағдайларда топырақ ҥлгілерін талдау
арқылы қабылданған заманауи
әдістерді қолдана отырып, кальций хлоридінің кӛмегімен топырақтағы нитрат азотының
мӛлшері И.Мачигиннің әдісімен алынатын зат және жылжымалы
фосфор ретінде анықталды
[8].
Топырақтың тығыздығы Н.А.Качинскийдің бҧрғы-цилиндрлерін қолдана отырып, дала
жағдайында анықталды. Топырақтың қҧрылымдық жағдайын бағалау қҧрғақтай елеу әдісін
қолдана отырып, агрегаттық талдау арқылы жҥргізілді [8].
Зерттеу
деректерін
статистикалық
талдау
кезінде
орташа
мәндердің
айырмашылықтарының маңыздылығын анықтау ҥшін тәуелсіз іріктемелерге арналған t-тест,
Саттертуэйттің жуықтатылған әдісі және "Мҧртшалы жәшік" графигі қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: