хабарламалардың нысанын әзірлейді және бекітеді;
9) мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларациялар нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын әзірлейді;
10) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының тізбесін бекітеді;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi;
12) автожанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлейді;
13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы өзге де уәкілетті органдардың құзыреті
1. Техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган:
1) мұнай өнімдерінің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асырады;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
SUB602002. Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган:
1) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын келісуді жүзеге асырады;
2) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге шекті бағаны айқындау тәртібін әзірлейді;
3) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге шекті бағаларды белгілейді;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган:
1) мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган:
1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге беру үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін айқындайды;
2) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге мұнай өнімдерін беру көлемдері туралы ұсыныстар енгізеді;
3) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің мұнай өнімдерімен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді және мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға оның нәтижелерін ұсынады;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында алдағы күнтізбелік жылға бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін тұтыну болжамын жасайды;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында жылу беру кезеңіне мұнай өнімдерін тұтыну болжамын жасайды;
3) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
12-бап. Мұнай өнімдерін өндірушілердің міндеттері
1. Мұнай өнімдерін өндірушілер:
1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мұнай өнімдерін өткізуді тең қолжетімділік және кемсітпеушілік шарттарымен жүзеге асыруға;
2) мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге өтінім жіберуге;
3) осы Заңның талаптарын ескере отырып, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуге және жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының резидент-банкінде инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін ағымдағы шот ашуға және инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталатын қаржы қаражатын мақсатты пайдалануды жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есептілік ұсынуға;
6) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға технологиялық қондырғылардың жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесін бекітуге ұсынуға және осы кестені бұзбауға;
7) мұнай өндіру саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсынуға;
8) мұнай берушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;
9) мұнай өнімдерін өндірудің белгіленген ең аз көлемін орындауға міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қолданылмайды.
3. Мұнай өнімдерін өндірушілерге:
1) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізуге;
2) құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіруді жүзеге асыруға;
3) екі және одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануына;
4) осы Заңның 18-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын сатып алуға, сондай-ақ өңдеуге қабылдауға;
5) авариялық жағдайдың дереу алдын алу қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келіспестен, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтатуға тыйым салынады.
4. Осы баптың 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген тыйым салушылық қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қолданылмайды.
13-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар
1. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
2. Мұнай өнімдері, сондай-ақ оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату үдерістері мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу объектілері болып табылады.
3. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы кезінде пайдаланылатын жабдық пен техникалық құралдар Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтар қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ техникалық регламенттерге сәйкес болуға тиіс.
4. Мұнай өнімдерін өңдеу, тасымалдау және бөлу жөніндегі объектілерді жобалау мен салу кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы, өрт қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптары сақталуға және төтенше жағдайлардың туындау қаупі ескерілуге тиіс.
14-бап. Мұнай өнімдерінің бағаларын мемлекеттік реттеу
1. Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында маңызды әлеуметтік мәні бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасына елеулі ықпал ететін мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен мемлекеттік реттеу белгіленуі мүмкін.
2. Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге шекті бағалар белгілейді.
3. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер мұнай өнімдерін өткізу кезінде бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге белгіленген шекті бағалардан аспауға міндетті.
4. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу бағаларын мемлекеттік реттеу жағдайларында шекті бағалар айына бір реттен артық белгіленбейді.
15-бап. Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға арналған ағымдағы шот
1. Мұнай өнімдерін өндіруші инвестициялық бағдарлама келісілгеннен және бекітілгеннен кейін ағымдағы шот ашады, оның қаражаты тек қана инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру мақсатына жұмсалады.
2. Мұнай өнімдерін өндірушінің негізгі қаражатқа салымдарының инвестициялық бағдарламаларда көзделген көлемдері (инвестициялық құрамдастар) ағымдағы кезеңге және орташа мерзімді перспективаға реттелетін тауарлар бағаларын есептеу кезінде ескеріледі.
3. Осы баптың күші қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қолданылмайды.
16-бап. Мұнай өнімдерінің айналымын декларациялау және камералдық бақылаудың нәтижелері
1. Мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялар тапсыруға міндетті.
2. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялардың, ілеспе жүкқұжаттардың және есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің негізінде камералдық бақылау жүргізеді. Жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан бөлшек сауда арқылы өткізу жүзеге асырылған жағдайда, камералдық бақылау мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялар және ілеспе жүкқұжаттар негізінде жүргізіледі.
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін 16-бабының 3-тармағының екінші бөлігіндегі «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер болып есептеледі
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптардың орындалмағаны анықталған жағдайларда, мұндай бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мұнай өнімдерін өндірушіге, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушіге немесе бөлшек сауда арқылы өткізушіге хабарлама тапсырылады.
Хабарламада мұнай өнімдерін өндірушінің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушінің немесе бөлшек сауда арқылы өткізушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе толық атауы, сәйкестендіру нөмірі, салық қызметі органының атауы, хабарламаның берілген күні, хабарламаны жіберу үшін негіздеме, шағым жасау тәртібі көрсетіледі.
4. Хабарлама мұнай өнімдерін өндірушіге, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушіге немесе бөлшек сауда арқылы өткізушіге немесе олардың өкілдеріне жеке қолдарын қойғыза отырып немесе оны жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс.
Хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы не хабарлардың кепілді түрде жеткізілуін қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы электрондық түрде жіберілген хабарлама жауапты пошта немесе өзге де байланыс ұйымы алған күннен бастап не хабарлама электронды түрде жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін тапсырылған деп саналады.
Мұнай өнімдерін өндіруші, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші немесе бөлшек сауда арқылы өткізуші хабарлама тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде оны орындауды жүзеге асырады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметтің басталғандығы туралы хабарлама жасау
1. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер қызмет басталғанға дейін «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға бұл туралы хабарлауға міндетті.
2. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер мынадай талаптарға сай болуға:
1) меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде мұнай өнiмдерiнiң базасына немесе резервуарға иелiк етуге;
2) орнатылған есепке алатын бақылау аспаптары болуға тиiс.
3. Хабарламамен бірге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке тұлға үшін - дара кәсіпкер ретінде өтініш берушіні мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
2) заңды тұлға үшiн - ұйым жарғысының көшiрмесi және ұйымды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
3) өтiнiш берушiнiң меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде мұнай өнiмдерi базасының немесе резервуарының болуын растайтын, құқық белгiлейтiн немесе өзге де құжаттың көшiрмесi.
Құжаттардың көшірмелері мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiнің таңдауы бойынша құжаттың электрондық көшірмесі нысанында ұсынылуы мүмкін.
4. Уәкілетті орган мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлердің тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
5. Осы баптың талаптары:
1) мұнай өнімдерін өндірушілерге;
2) өз бетінше өндiрген және (немесе) импортталған шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу нәтижесiнде өндiрiлген мұнай өнiмдерiн өткiзетiн мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлерге қолданылмайды.
6. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметтің басталғандығы туралы хабарлама берместен, мұндай қызметті жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
18-бап. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуді және мұнай өнімдерін беруді мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
1. Мұнай өнімдерін өндірушілер қуаттарының барынша жүктелуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ішкі нарығының мұнай өнімдеріне қажетін қанағаттандыру мақсатында жыл сайын, 15 желтоқсаннан кешіктірмей, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган алдағы күнтізбелік жылға, қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өңдеу жоспарын бекітеді.
2. Мұнай өңдеу жоспары шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының көлемін айқындайды, оны мұнай өнімдерін өндіруші Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерінің болжалды тұтынылуын ескере отырып, күнтізбелік жыл ішінде мұнай өнімдерінің тиісті түрлерін өндіру үшін ай сайын өңдеуге міндетті.
3. Мұнай өңдеу жоспары көктемгі егіс-дала және жиын-терін жұмыстары кезеңінде - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді, сондай-ақ жылу беру маусымы кезеңінде - жылумен жабдықтаушы ұйымдарды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді есепке ала отырып жасалады.
4. Мұнай берушілер жыл сайын, 30 қарашадан кешіктірмей, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға алдағы күнтізбелік жылға облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының жоспарланған көлемін, берілу мерзімдерін және өндірілген мұнай өнімдерін беру бағыттарын көрсете отырып, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беруге өтінімдер жібереді.
5. Мұнай өнімдерін өндіруші мынадай:
1) мұнай берушіде сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін растайтын құжаттың болуы;
2) мұнай берушіде берілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының сапасын растайтын құжаттың болуы;
3) өзіне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі автожанармай құю станциялары немесе резервуарлар арқылы өңдеу нәтижесінде алынған мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын мұнай берушіні қоспағанда, мұнай өнімдерін беру жоспарына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағына өндірілген мұнай өнімдерін беруді көздейтін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушімен және (немесе) бөлшек сауда арқылы өткізушімен мұнай өнімдерін беруге жасалған шарттың болуы талаптары сақталған жағдайда мұнай берушілерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінімдер ескеріле отырып, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай берушілерге арнап шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп беру кестесін бекітеді, онда мұнайды өңдеу жоспарын қамтамасыз ету мақсатында мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру көлемдері мен мерзімдері көрсетіледі. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп берудің алдағы күнтізбелік жылға арналған кестесін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 15 желтоқсанға дейін бекітеді және бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің назарына жеткізеді. Мұнай берушілер шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беруді шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп берудің бекітілген кестесіне сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
7. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтарына бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру кестесінің және мұнай өнімдерін тұтыну болжамының негізінде жыл сайын, 15 желтоқсанға дейін алдағы күнтізбелік жылға мұнай өнімдерін беру жоспарын бекітеді.
8. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін берудің бекітілген жоспарына сәйкес шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының көлемінен өндірілген, бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыруға міндетті.
9. Осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасында аталған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесінің берілуі мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай берушілермен шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу туралы шарт жасасуының талабы болып табылады.
10. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген, Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру кестесінің және мұнай өнімдерін беру жоспарының орындалуы туралы есеп береді.
11. Мұнай өнімдерін өндірушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға әкімшілік есепке алу нысаны бойынша, мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі үшін қажетті мәліметтер ұсынуға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |