26-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамада белгіленген күні мен уақытта мемлекеттік сатып алу веб-порталы бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстарын оларға конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамада көрсетілген критерийлердің тиісті салыстырмалы мәнін қолдану арқылы автоматты түрде бағалауды жүргізеді және конкурсқа әрбір қатысушының шартты бағасын есептейді.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын автоматты түрде салыстырады және ең төменгі шартты баға негiзiнде конкурс жеңiмпазын айқындайды.
Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған
кезде конкурс нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында, оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлері бойынша мол жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады. Шартты бағалары тең бірнеше әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрынырақ келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.»;
3) 37-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта тапсырыс берушінің өнім берушіге жер учаскесін құрылыс жұмыстарын орындауды уақтылы бастауды, оларды қалыпты жүргізуді және мерзімінде аяқтауды, сондай-ақ электрмен, сумен жабдықтауды уақытша қосу үшін техникалық жағдайларды қамтамасыз ететін жай-күйде беру міндеті көзделуге тиіс.»;
4) 39-баптың 2-тармағының 2) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған мұндай өзгерістің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде;»;
«7) жасалған шарттың сомасы өзгермейтін кезде мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген немесе жұмыстардың сметалық құны азайған және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес кейіннен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерiстер енгiзілген жағдайда, жұмыстарды орындау туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлiгiнде;».
83. «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 137-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
6-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын.
84. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж,, № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түссе, онда жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу кезі тіркеуші органның жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жіберуі арқылы оның туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растау кезі болып табылады.»;
2) 15-баптың 1-тармағындағы «, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттардың» деген сөздер алып тасталсын;
3) 17-бабының 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құқықтық кадастрдың тіркеу ісінде жатқан құжаттардың көшірмелері сот, құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының) уәжді сауалдары бойынша ұсынылады. Өзге тұлғаларға көрсетілген ақпарат құқық иесінің жазбаша келісімімен беріледі.
3. Жылжымайтын мүліктің нақты объектісі бойынша ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның тіркеуші орган куәландырған, өзіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған деректер құқық иесінің (уәкілетті өкілдің) сауалдары бойынша және:
1) адвокаттардың;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша құқық қорғау, сот органдарының;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес мемлекеттік кіріс органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың;
5) нотариустардың, мұрагерлердің;
6) оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының);
7) қорғаншылық және қамқоршылық органдарының;
8) құқық иесінің жазбаша келісімімен өзге де тұлғалардың уәжді сауалдары бойынша беріледі.»;
4) 20-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тіркеуші орган жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Құқықтар (құқықтар ауыртпалығы) нотариат тәртібімен куәландырылған мәміле негізінде туындаған, өзгертілген немесе тоқтатылған жағдайларда, электрондық тіркеу жүзеге асырылады.»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электрондық тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:»;
1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшiрмесiн бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жiбередi;»;
5) 21-бапта:
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжатты ұсынуға тиіс. Жер учаскесіне құқық (ауыртпалық) тіркелген жағдайда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылады;»;
4) тармақшадағы «құжатты;» деген сөз «құжатты ұсынуға тиіс.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың ережелерi электрондық тiркеу кезiнде қолданылмайды.»;
6) 22-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық тiркеу мәмiлеге қатысушылардың өтiнiшiнсiз жүзеге асырылады.»;
7) 23-бапта:
1-тармақтағы «он бес» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Электрондық тiркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым төленгенi немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растау келiп түскен күннен кейiнгi күннен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.»;
8) 24-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растайтын құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда тиісті ресімделуге, мөрмен (ол болған кезде) бекемделуге, арнайы бланкілерде орындалуға, тараптардың немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған лауазымды адамдардың тиісті қолтаңбалары болуға тиіс. Соттардан, құқық қорғау органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан шығатын құжаттар тиісті құжаттарға қойылатын нысанда орындалуға тиіс.»;
9-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
9) 34-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Электрондық тіркеу тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, тіркеу жүргізілгені туралы хабарламаны бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған кезде - мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына және олардың «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинеттеріне жөнелту арқылы расталады.»;
10) 39-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
11) 41-баптың 4-тармағында:
бірінші бөліктегі «және (немесе) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортының» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «және (немесе) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортының көшірмелерінде» деген сөздер «көшірмесінде» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 58-баптың 2-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қажет болған жағдайда, жүйелі тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жылжымайтын мүлік объектісінің тұрған жері бойынша мемлекеттік техникалық есепке алу құзыретіне жатқызылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар өтеусіз жүзеге асырады.».
85. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
5-баптың 45) тармақшасы алып тасталсын.
86. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 6-баптың 4) тармақшасы және 21-баптың 5-тармағының 5) тармақшасындағы «қолданылу мерзімі;» деген сөздер «қолданылу мерзімі көрсетіледі.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақшасы алып тасталсын;
2) 26-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «анықталған кезде қайтарып алады.» деген сөздер «анықталған кезде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын сәйкестікті бағалау (растау) бойынша жұмыстардың нәтижелерін электрондық есепке алу жөніндегі мәліметтердің сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжат берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен деректерді ұсынбаған немесе анық емес деректер ұсынған жағдайларда кері қайтарып алады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектісі аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешімнің көшірмесін алған күннен бастап кері қайтарып алынды және аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын жаңарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап, бірақ аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап кемінде екі ай өткеннен кейін жаңартылды деп есептеледі.»;
4-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер аккредиттеу жөніндегі орган көрсетілген мерзімде өзінің шешімі туралы аккредиттеу субъектісін жазбаша хабардар етпесе, онда көрсетілген мерзім өткеннен кейін, бірақ кері қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап кемінде екі ай өткеннен кейін аккредиттеу аттестаты жаңартылады.».
87. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
49-баптың 1) тармақшасының он тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тауар мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген;».
88. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
52-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтінішхат және оған қосымшалар тігілген түрде ұсынылады және өтінішхат беруші тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.».
89. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
4-баптың 3-1) тармақшасы алып тасталсын.
90. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
7-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ведомстволық бағынысты аумаққа орналастырылатын, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне берілетін жылу энергиясын өндіруге арналған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларын келіседі;».
91. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 1-2, 3-құжат; 2013 ж., № 13, 64-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 13-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Біліктілік комиссиялары қызметінің қағидаларын және олардың құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
4. Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
2) 14-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аттестаттау комиссиялары қызметінің қағидаларын және олардың құрамын, сондай-ақ сот сарапшысын аттестаттауды, оның ішінде кезектен тыс жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
3. Сот сарапшысын аттестаттауды, оның ішінде кезектен тыс жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
3) мынадай мазмұндағы 50-1-баппен толықтырылсын:
«50-1-бап. Өтпелі ережелер
1. 2016 жылғы 1 шілдеге дейін:
1) осы Заңның 13-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Біліктілік емтихандарын қабылдауды және сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін беруді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның біліктілік комиссиялары жүзеге асырады.»;
2) осы Заңның 14-бабы 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларының, сондай-ақ сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардың кәсіптік даярлығы деңгейін айқындау мақсатында олар бес жылда бір рет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның аттестаттау комиссиялары жүргізетін аттестаттаудан өтеді.»;
2. 2016 жылғы 1 шілдеден бастап:
1) осы Заңның 13-бабының 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«3. Біліктілік комиссиялары қызметінің қағидаларын және олардың құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.
4. Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.»;
2) осы Заңның 14-бабының 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Аттестаттау комиссиялары қызметінің қағидаларын және олардың құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.
3. Сот сарапшысын аттестаттауды, оның ішінде кезектен тыс жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.».
92. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Достарыңызбен бөлісу: |