Источник: ис параграф, 29. 04. 2015 11: 44: 55 Қазақстан Республикасының



бет3/33
Дата30.06.2016
өлшемі1.5 Mb.
#167303
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
102-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«102-бап. Жеке қосалқы шаруашылыққа, бағбандыққа және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi

1. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн жер учаскелерi ауылдық елді мекендердің жерінен берiледi.

2. Жеке қосалқы шаруашылықты жүргізуге арналған жер учаскесі үй маңындағы және егiстiк телiмдерден тұрады.

Үй маңындағы телiм ауылдық елді мекендердің шекараларында (шегінде) беріледі және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үй, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар тұрғызу үшін пайдаланылады.

Егістік телім елді мекен аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобасына сәйкес ауылдық елді мекендердің жерінен не әкімшілік бағынысқа берілген аумақтарда беріледі және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін ғана пайдаланылады.

3. Қазақстан Республикасының азаматтарына бағбандықпен айналысу және саяжай құрылысы үшiн жер учаскелерi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, ауылдық елдi мекендердiң жерiнен және босалқы жерден берiледi.

4. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге, бағбандықпен айналысуға және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерiнiң меншiк иелерi болып табылатын азаматтар ортақ мүдделерiне қарай құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жай серiктестiктерге, бағбандық немесе өзге де тұтыну кооперативтерiне бiрiгуге құқылы.

5. Бағбандықпен айналысуға немесе саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi Қазақстан Республикасы азаматтарының бөлек меншiгiнде болып, ал жер учаскелерi меншiк иелерiнiң ортақ мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған жер учаскелерi мен басқа да мүлiк олардың ортақ үлестiк меншiгiнде болған жағдайларда, ортақ мүлiкке байланысты меншiк иелерi арасындағы қатынастарға кондоминиум туралынормалар қолданылады.»;

19) 105-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «мелиорациясы үшiн берiлгенде олар шығасыны өтеуден босатылады.» деген сөздер «мелиорациясы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:



«6) ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілерді салу үшiн берiлгенде, олар шығасыны өтеуден босатылады.»;

20) 107-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«3. Елдi мекендердің жерi мынадай:

1) тұрғын үй;

2) әлеуметтік;

3) коммерциялық;

4) өзге де функционалдық аймақтарға бөлінеді.

Тұрғын үй аймағына құрылыстар алып жатқан әрi көп пәтерлi және көп қабатты тұрғын үйлер, үй маңындағы жер учаскелерi бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын жай салатын жер кіреді.

Әлеуметтік аймаққа мемлекеттік және коммерциялық емес объектiлер алып жатқан және оларды орналастыруға арналған қоғамдық iскерлiк құрылыс салатын жер кіреді.

Коммерциялық аймаққа өндiрiстiк объектiлердің, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінің, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiнің, сондай-ақ осы объектiлердiң және кәсіпкерлік қызметпен байланысты өзге де объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгiлеуге арналған жер кіреді.

Өзге аймақтарға:

1) темiржол, автомобиль, өзен, теңiз, әуе және құбыржол көлігі жолдары, инженерлiк инфрақұрылым мен байланыс магистральдары алып жатқан және соларды салуға арналған көлiк, байланыс, инженерлiк коммуникациялар жерi;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

3) орман қорының жері;

4) өзендер, табиғи және жасанды су айдындары мен акваториялар, су қорғау аймақтары, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан су айдындары мен акваториялар жерi;

5) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер;

6) алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гүлзарлар, орман парктерi, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және тұрғындардың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және ортақ пайдаланылатын басқа да инженерлiк жүйелер, сондай-ақ ортақ пайдаланалатын жылу желілері мен инженерлік жүйелердің күзет аймақтары) алып жатқан және оларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланылатын жер;

7) қала құрылысы қызметiне тартылмаған, елдi мекендi аумақтық тұрғыдан дамытуға және жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған резервтегi және өзге де жер;

8) крематорийлердi, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), тұрмыстық қалдықтар тастау орындарын және арнайы нормативтер мен қағидалар белгiленбей пайдалану мүмкін болмайтын өзге де объектiлердi орналастыру үшiн бөлiнетiн арнайы мақсаттағы жер;

9) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтары үшін берілген, сондай-ақ өзге де пайдалану режиміндегі жер кіреді.»;

21) 109-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:



«Елдi мекендердiң жер учаскелерінің нысаналы мақсаты осы Кодекстің 107-бабының 3-тармағында көзделген функционалдық аймақтарға сәйкес айқындалады.

Жер учаскесі бір функционалдық аймақ шеңберінде пайдаланылған жағдайда, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту талап етілмейді.»;

22) 145-баптың 2-тармағының үшінші абзацы алып тасталсын;

23) 153-баптың 2-тармағында:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жер пайдалануды қалыптастыру мен ретке келтіру жөнiндегi жобаларды, бүлiнген жердi рекультивациялау жобаларын жасау, жергілікті жерде жер учаскелерінің шекараларын белгiлеу;»;

3) тармақшадағы «әзірлеу жатады.» деген сөздер «әзірлеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) жерді түгендеуді жүргізу жатады.»;

24) 155-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«4. Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыру мақсаттары үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың тiзбесiн орталық уәкілетті орган белгiлейдi.».

5. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II,96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):



1) мазмұнындағы 54-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«54-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы сараптама»;

2) 37-баптың 1-тармағының 28) тармақшасы алып тасталсын;

3) 54-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«54-бап. Су қорын пайдалану және қорғаусаласындағы сараптама»;

1-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Су қорын пайдалану және қорғау саласында мынадай сараптама түрлерi жүзеге асырылады:»;

1) тармақша алып тасталсын;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн шаруашылық және басқа да объектiлердi салуға және реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға және жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама;»;

2-тармақ алып тасталсын;

3 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн шаруашылық және басқа да объектiлердi салуға және реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға және жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама оның Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен бекітілген бастапқы деректерге, техникалық шарттар мен талаптарға, сондай-ақ нормативтiк құжаттардың ережелеріне сәйкестiгiн тексеру мақсатында жүзеге асырылады.»;

«7. Жаңа объектілерді салуға, сондай-ақ бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) немесе күрделі жөндеуге арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.»;

4) 75-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:



«3. Арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру үшін осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау барысында анықталады.

Арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

4. Арнайы су пайдалану құқығын тоқтату туралы шешім су пайдалану шартын бұзу үшін негіз болып табылады.»;

5) 125-бапта:



3-тармақмынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Келісу тәртібі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген құрылыс салудың үлгілік қағидаларында айқындалады.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) тыйым салынады.».

6. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24,146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 17-бапта:

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«12) осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;»;

мынадай мазмұндағы 28-9) тармақшамен толықтырылсын:

«28-9) қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және оларға код белгілеу әдістемесін бекітеді;»;

38) тармақша алып тасталсын;

2) 20-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«2) жобалау-сметалық құжаттама бойынша жүргізілген мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындыларының негізінде, өз құзыреті шегінде кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) немесе күрделі жөндеуге тыйым салады немесе рұқсат береді;»;

3) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi нормативтерi, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру кезiнде шығарындылардың стационарлық және жылжымалы көздері, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін эмиссиялар нормативтерінің есептеу мәндерiн, техникалық үлестік нормативтерінiң белгiленген мәндерiн қамтитын жобалар құрамында пайдаланылады. Ластаушы заттардың жол берiлетiн шекті шығарындылары мен төгiндiлерiнiң белгіленген нормативтерінің қолданылу мерзімі, өндіріс және тұтыну қалдықтарын нормативтік орналастыру мерзімі I, II және III санаттардағы объектілер үшін күнтізбелік он жылды құрайды, IV санаттағы объектілер үшін - мерзімсіз.»;

4) 40-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«1-1. Өндірістік объектілерді санитариялық сыныптауға сәйкес қауіптілік сыныптарына жатпайтын қызмет түрлері IV санат объектілері ретінде сыныпталады.»;

5) 48-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:



«4. Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамасы) бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Көрсетілген құрылыс жобаларын қабылдау тәртібін, олардың толымдылығын, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптаманы қаржыландыру тәртібін қоса алғанда, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен қамтамасыз етіледі.»;

6) 49-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:



«Жаңа объектілерді салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында жүзеге асырылатын мемлекеттік экологиялық сараптама Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүргізіледі.»;

7) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«50-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзімдері

1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзімі, объектілер құрылыстарының жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу саласында Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға барлық қажеттi құжаттама берiлген кезден бастап I санаттағы объектілер үшін - екі айдан, II санаттағы объектілер үшін - бір айдан, III және IV санаттардағы объектілер үшін он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қайтадан жүргізу мерзімі тіркелген күнінен бастап I санаттағы объектілер үшін - бір айдан, II санаттағы объектілер үшін - он жұмыс күнінен, III және IV санаттардағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

2. Тіркелген күнінен бастап I санаттағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде және II, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беретін орган құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан қарайды. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, құжаттар ұсынған тұлғаға қайтарылуға жатады.

3. Құрылысқа арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында жүзеге асырылатын мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің мерзімдері мен ұзақтығы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.»;

8) 51-бапта:



1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Құрылысқа арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамасы) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында жүргізілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық қорытындысына енгізіледі.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Жобалық құжаттамаға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы I, II және III санаттардағы объектілер үшін - қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтерінің қолданылу мерзімі ішінде, IV санаттағы объектілер үшін - мерзімсіз қолданылады.

Құрылысқа арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамасы) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында жүргізілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының қолданылу мерзімі ведомстводан тыс кешенді сараптаманың тиісті жиынтық қорытындысының қолданылу мерзімдеріне сәйкес белгіленеді.»;

9) 67-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:



«Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелері ғимараттардың, құрылыстар мен кешендердің, инженерлік және көлік коммуникацияларының құрылысына арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде де ескерілуі мүмкін.»;

10) 69-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:



«Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын табиғат пайдаланушылар шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын объектілер бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алмайды.»;

11)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет