12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау - салық агентінің Қазақстан Республиикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғаға республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақының 55 еселенген мөлшерi шегiнде мүлікті бiр жыл өтеусіз беруі.
Осы тармақшада көзделген тұлғалар санаттарының тізбесін уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды;»;
3) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен және 14) тармақшадағы «бермеуге құқылы.» деген сөздер «бермеуге;» деген сөзбен ауыстырылып, 15) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес салықтар бойынша аудит жүргізуге шарт жасасуға;»;
«15) қызметін тоқтатқан кезде салық міндеттемесін орындаудың осы Кодексте көзделген тәртіптерінің бірін таңдауға құқылы.»;
4) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт жасалған жағдайда, салық органдарының талап етуі бойынша мұндай шартты және салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны осы Кодекске сәйкес салық органдарына табыс етуге;»;
5) 37-баптың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Таратылатын резидент заңды тұлғалар осы Кодекстің 37-1 немесе 37-2-баптарында белгіленген салық міндеттемелерін орындаудың ерекшеліктерін таңдаған жағдайда, осы баптың ережелері оларға қолданылмайды.»;
6) мынадай мазмұндағы 37-2-баппен толықтырылсын:
«37-2-бап. Салықтар бойынша аудиторлық қорытындының нәтижелері бойынша таратылатын резидент заңды тұлғалардың және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері
1. Осы бап бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) таратылатын заңды тұлғаның немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қоюдың ескіру мерзiмi кезеңіндегі түзетулер ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірістерінің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 60000 еселенген мөлшерінен аспайтын;
2) салық органына қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын аудиторлық ұйым жасаған салықтар бойынша аудиторлық қорытындысы бар таратылатын резидент заңды тұлғалардың және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктерін белгілейді.
Бұл ретте, егер салықтар бойынша аудиторлық қорытындының нәтижелері бойынша салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаса, таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер мұндай міндеттемелерді аудиторлық ұйым салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны осындай салық төлеушіге тапсырған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде орындауға тиіс.
2. Резидент заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған жағдайда, дара кәсіпкер қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда өзі орналасқан жердегі салық органына бір мезгілде:
1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;
2) тіркеу есебі болған кезде жекелеген қызмет түрлері бойынша осындай есепке алудан шығару туралы салықтық өтінішті;
3) таратудың салық есептілігін;
4) аудиторлық ұйым жасаған салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны;
5) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсiндірменi;
6) қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығару үшiн салықтық өтiнiштi;
7) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.
Осы тармақтың бірiншi бөлiгiнiң 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар, егер таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда табыс етіледі.
Осы тармақтың бірiншi бөлiгiнiң 7) тармақшасында көрсетiлген құжатты бақылау-кассалық машина салық органында есепке қойылған жағдайда таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер ұсынады.
3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталған жағдайда, мұндай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды аударады.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын жағдайда, төлеу (аудару) салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
5. Таратылатын заңды тұлғада немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салық берешегі болмаған кезде:
1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомалары осы салық төлеушіге осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
2) салықтардың, төлемақының, алым мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары осы салық төлеушіге осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомалары осы салық төлеушіге осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
4) айыппұлдардың төленген сомалары осы салық төлеушіге осы Кодекстің 605-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қайтарылуға жатады;
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары осы салық төлеушіге Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
6. Салық органы осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Кодекстің 586-бабында айқындалатын тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, таратылатын заңды тұлғаға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкерге осы Кодекстің 84-тарауында белгіленген тәртіппен бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Салық төлеуші салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеуді (аударуды) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
7. Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары таратылатын заңды тұлғаға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкерге қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайларда, салық органы мұндай салық төлеушіге қатысты анықталған, құжаттық салықтық тексеруді тағайындау үшін негіз болған фактілер мен мән-жайлар бойынша аталған тексеруді жүргізеді.
8. Осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында белгіленген ережелер орындалған және салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек болмаған жағдайларда, сондай-ақ салық органы жүргізген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған кезде таратылатын заңды тұлға орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:
1) тарату балансын;
2) банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етеді.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды таратылатын заңды тұлға салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде табыс етеді.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек болған жағдайларда, таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған жағдайда салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
9. Осы баптың 8-тармағында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде таратылатын заңды тұлға бойынша салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді жiбередi.
10. Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкердің салық міндеттемесі салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек болмаған немесе өтелген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған жағдайда камералдық бақылау жүзеге асырылғаннан кейін орындалды деп есептеледі.
11. Осы баптың 10-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күн дара кәсіпкерді салық органындағы тіркеу есебінен шығару күні болып табылады.
12. Салық органы осы баптың 11-тармағында көрсетілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралы шешім қабылдайды.
Дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
13. Салық органы осы баптың 6-тармағында белгіленген, салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеу (аудару) мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Дара кәсіпкердің осы бапта белгіленген ережелерді орындамауы да дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
7) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«47-бап. Жалпы ережелер
Салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту:
1) салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің өтініші негізінде осы Кодекстің 47-1 - 51, 52 және 53-баптарында айқындалатын тәртіппен;
2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсiмпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін осы Кодекстің 51-1 және 52-баптарында айқындалатын тәртіппен;
3) қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін осы Кодекстің 51-2-бабында айқындалатын тәртіппен;
4) импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін осы Кодекстің 51-3-бабында айқындалатын тәртіппен өзгерту арқылы жүргізіледі.
Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушіні осы Кодекстің 610-бабына сәйкес салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдарды төлеуден босатпайды.»;
8) мынадай мазмұндағы 47-1-баппен толықтырылсын:
«47-1-бап. Салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің өтініші негізінде өзгерту
1. Салықтарды (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа) және (немесе) өсiмпұлдарды төлеудің осы Кодексте белгіленген мерзімін неғұрлым кеш, бірақ күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге ауыстыру салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің өтініші негізінде өзгерту деп танылады.
Салық төлеушінің салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішінде салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімін ауыстыру себептері қамтылуға тиіс.
2. Өзгертілген мерзімдер бойынша салық міндеттемесін орындау құқығы басқаға берілуге жатпайды.
3. Осы бапта көзделген салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу және (немесе) банк кепілдігі арқылы жүргізіледі.»;
9) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін салық төлеушінің өтініші негізінде өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстің 47-1-бабында көзделген, республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
2. Осы Кодекстің 47-1-бабында көзделген, жергілікті бюджеттерге толық көлемде келіп түсетін салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеуші тіркеу есебіне алынған жердегі салық органы қабылдайды.»;
10) 51-1-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген сомалармен келіскен және олар осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес болған жағдайларда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, салық төлеуші орналасқан жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органына табыс етеді. Өтінішке:
1) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеуді көздейтін салық міндеттемесін орындау графигі;
2) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган берген, Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілері санаттарының біріне салық төлеушінің тиесілілігін жазбаша растау қоса беріледі.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты осы баптың 1-тармағында белгіленген өтініш беру мерзімін өткізіп алған жағдайларда, мұндай салық төлеуші (салық агенті) өткізіп алған өтініш беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында, осы тармақта аталған адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, салық төлеуші орналасқан жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органына өтініш және қолдаухат табыс етуге құқылы.»;
11) мынадай мазмұндағы 51-3-баппен толықтырылсын:
«51-3-бап. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту тәртібі
Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту:
1) қосылған құн салығы бойынша;
2) осы Кодекске сәйкес таңбалауға жататын импортталатын тауарлар бойынша акцизді қоспағанда, акциз бойынша жүргізіледі.
Осы баптың ережелері Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын тауарлар бойынша қолданылмайды.
2. Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына табыс етілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға декларация импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгертуге негіз болып табылады.
3. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту:
1) осындай импортталатын тауарларды толық көлемде кедендік тазарту үшін кеден органына Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттар табыс етілген;
2) егер тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде осы бапта көзделген, жанама салықтар бойынша төлеу мерзімін өзгертуді қолдануға құқығы жоқ тұлғалар санатына жатқызылмаған жағдайда жүргізіледі.
4. Осы бапқа сәйкес импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту салық органының Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару жүргізілген айдан кейінгі айдың 20-күнгі мерзім бойынша жеке шотта есептелген салық сомасын көрсетуі арқылы беріледі.
5. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту осы бапқа сәйкес импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын және акциз төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған жағдайда салық төлеушіні өзгертілген мерзім шегінде өсімпұлдарды төлеуден босатады.»;
9-тармақтың 12) тармақшасы 2015 ж. 1 маусымнан бастап
Достарыңызбен бөлісу: |