Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп


Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау



бет16/16
Дата15.06.2016
өлшемі1.31 Mb.
#136436
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау


Нысаналы индикатордың/нәтиже көрсеткішінің атауы

Бірлесіп орындаушы орган

Өзара іс-қимылды талдау

1

2

3

Мақсатты индикатор:

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі



«Қызылорда облысының білім басқармасы»ММ,

«Қызылорда облысының мәдениет басқармасы»ММ,

«Қызылорда облысының ішкі істер департаменті»,

«Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы»ММ,

«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ.


Қызылорда облысының құрылыс басқармасы бірлесіп орындаушы органдармен бірге нысаналы индикаторға қол жеткізу мақсатында, қажетті нысандар құрылысын анықтап, жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлейді.

Мақсатты индикатор:

Мемлекеттік тілді игерген халықтың үлесі



«Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы» ММ

Мемлекеттік тіл саясатының БАҚ арқылы өткізілуі:

Облыс бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік тіл саясатының салалары бойынша өткізілген барлық іс-шаралар мен жұмыстар БАҚ арқылы жарияланып отырды. Осы мақсатта облыстық медиа-жоспарға ұсыныстар берілді. 247 мақала жарияланып, 48 телебағдарламалар мен сюжеттер көрсетілді.

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты тақырыпта облыстық конкурс өткізілді.

Облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тіл туралы тақырыптар кеңінен насихатталады.




Сыртқы әсерді талдау


Сыртқы әсер факторлары және олардың нысаналы индикаторға/нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткіззуге әсері

Қабылданған шаралар

1

2

Мақсатты индикатор:

Ауылшаруашылығы өнім өндірісінің нақты көлем индексі



Орындалмаған

Көрсеткіштің төмендеуі егілген картоп дақылының 2,6 мың гектарға, көкөніс-бақша дақылының 3,2 мың гектарға азаюы себебінен болып отыр



Нәтижелер көрсеткіштері:

Өңдеуші өнеркәсіптегі өнім экспортының өсуі




Орындалмаған

2014 жылдың қаңтар-ақпан айларына шикізат шығарудың көлемі 52,5 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіптегі өнім экспортының көлемі 67,6% құрады.

Басты себеп халықаралық нарықтағы мұнай бағасының төмендеуі. Осыған байланысты, өңдеуші өнеркәсіптегі өнім экспортының көлемі 32%-ға төмендеген.


Нәтижелер көрсеткіштері:

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы еңбек өнімділігі



Орындалмаған

Облыс бойынша жеңіл өнеркәсіппен «Озық»,«Виза», «Ас-Ка», «Сырдария» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері (ЖШС) айналысады. Бірак, аталған өнімге сұраныстың аздығынан еңбек өнімділігі төмендеп, өз кезегінде қөрсеткішке де кері әсерін тигізді.

Сонымен қатар, көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар шет ел өнімдерін пайдалануды жөн көреді.


Нәтижелер көрсеткіштері:

Өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру саласындағы өнімділігінің нақты көлем индексі



Орындалмаған

Металл емес минералдық өнімдерге сұраныстың төмендеуіне байланысты, 2013 жылмен салыстырғанда биылғы жылғы өнімділік төмендеп, өз кезегінде қөрсеткішке де кері әсерін тигізді.

Сонымен қатар, «Бейнеу-Жезқазған» теміржол магистралы мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық магистралының құрылыс жұмыстарына кері әсерін тигізді.


Нәтижелер көрсеткіштері:

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау саласындағы нақты көлем индексі



Орындалмаған

Облыс бойынша машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау саласында 4 кәсіпорын жұмыс жасайды. (ЖШС «Техоснстка», «ЗМК», «Сымбат-7», «Азамат»). Бірақ, металдық өнімдерге сұраныстың аздығынан 2013 жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш орындалмаған.



Нәтижелер көрсеткіштері:

Машина жасау саласындағы еңбек өнімділігін дамыту



Орындалмаған

Облыс бойынша машина жасау саласындағы негізгі үлесті теміржол кәсіпорындары (теміржол локомативтеріне қызмет көрсету және жылжымалы құрамы, көліктерді құру мен жөндеу және құралдар) алады.

Ауылшаруашылық техникасын құрастыру бойынша жалғыз «СП АралАзовАгромаш» ЖШС-гі болып табылады. Бірақта, өз өнімдерін іске асыруда туындаған қиындықтарға байланысты аталған кәсіпорын 2014 жылы өнім шығарумен айналыспаған.


Нәтижелер көрсеткіштері:

Өсімдік шаруашылығы өнімінің (қызмет) жалпы көлемінің индексі




Орындалмады

Көрсеткіштің төмендеуі егілген

картоп дақылының 2,6 мың гектарға, көкөніс-бақша дақылының 3,2 мың гектарға азаюы себебінен болып отыр


Нәтижелер көрсеткіштері:

Мал шаруашылығы өнімінің (қызмет) жалпы көлемінің нақты индексі



Орындалмады

Жоспарланған мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінің нақты индексінің төмендеуіне өндірілген жұмыртқаның 20,8 пайызға төмендеуі әсер еткен



Нәтижелер көрсеткіштері:

Субсидиялауға жататын су көлемі



Орындалмаған

Ауылшаруашылығы өндірушілерінен субсидия алу үшін 186,1 млн м3 тапсырыс келіп түспегендігіне байланысты аталған көрсеткіш толық көлемде орындалмаған.



Нәтижелер көрсеткіштері:

Онкологиялық аурулардан өлім-жітімді төмендету, 100 мың халыққа шаққанда



Орындалмаған

Аталған көрсеткіш бойынша онкологиялық аурулардан өлім-жітімнің жоғарылауы байқалады. Бірақта облыс бойынша осы көрсеткішті төмендету барысында нақты жұмыстар жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың қорытындысы бойынша жыл сайынғы онкологиялық аурулармен аурушаңдық азаюда. 2013 жылмен салыстырғанда, аурушаңдық көрсеткіші 138,1-ден 134,9 промильге дейін төмендеген.



Нәтижелер көрсеткіштері:

Қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемінен қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің үлесі



Орындалмаған

Облыс территориясында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін бір ғана кәсіпорын жұмыс жасайды. («ЭКО-Н Сервис» ЖШС)




Қаржы-қаражатын игеру


Қаржыландыру көздері

Жоспар,

млн. теңге



Нақты,

млн. теңге



Пайдаланбаудың себептері

1

2

3

4

Жергілікті бюджет

46953,4

43774,8

Қаражаттарды пайдаланбаудың басты себептері болып берілген жұмыстар бойынша мердігерлердің міндеттерін орындамауы табылады.

Республикалық бюджет

54120,8

54052,8

Басқа көздер

569,9

500,2

Барлығы

101644,1

98327,8





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет