Қызметін нормативтік реттеу



бет5/9
Дата02.01.2022
өлшемі1.32 Mb.
#452396
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Нормативтік құжаттар педагог психологтар

келесілерді реттейді:


Мектепке дейін тәрбиелеу және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, интернат ұйымдары мен қосымша білім беру

жүйесінің педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының біліктілік сипаттамалары – педагог-психолог:

  • Лауазымдық міндеттер

  • Біліктілік талаптары, соның ішінде біліктілік санатын алу үшін


! Бұйрық негізінде жер-жерде лауазымдық

нұсқаулықтар әзірленіп, онда жүктемені үлестіру және жетекшілік ететін бағыттар нақтыланады

«Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог

қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары

мен шартын бекіту туралы» ҚР БҒМ м.а. 11.05.2020 ж. 192 бұйрығы

келесіні реттейді:

  • Аттестаттаудан өткізу және біліктілік талаптары, соның ішінде педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-

зерттеуші, педагог-мастер біліктілік санаттарынан үмітті тұлғаларға қойылатын талаптар (11-тармақ)

  • Санат алу, соның ішінде мерзімінен бұрын алу ерекшеліктері

  • Құжат тапсыру ережелері және берілген санат туралы растауды алу, т.б.

  • Біліктілік тестілеуден өту ережелері

Біліктілік санатын алуға қойылатын талаптар


  1. "педагог-модератор" біліктілік санатына:

бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:

  • "педагог" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар оқытудың инновациялық түрлерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибе жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;

  1. "педагог-сарапшы" біліктілік санатына:

  • тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:

  • "педагог-модератор" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар ұйымдастырылған оқу әрекетін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларына ие, білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды, аудандық/қалалық деңгейде тәжірибе жинақтайды, аудандық/қалалық деңгейдегі олимпиадаларға, конкурстарға жарыстарға қатысушылары бар;

  1. "педагог-зерттеуші" біліктілік санатына:

  • тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде төрт жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдарм:

  • "педагог-сарапшы" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын

меңгерген, білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті айқындайды, облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибе жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін); облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға,

конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);



  • жоғарыда аталған көрсеткіштер бойынша талаптар қоюсыз, оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың республикалық сараптамасына қатысқан адамдар.

  1. "педагог-шебер" біліктілік санатына:

  • тиісті бейін бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:

  • "педагог-зерттеуші" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған авторлық бағдарламасы бар немесе уәкілетті орган бекіткен оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби қоғамдастық желісін облыс деңгейінде дамытуды жоспарлайды, республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын даярлаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет