келесілерді реттейді:
Психологиялық қызметтер жұмысының мақсаттары мен міндеттері
Негізгі жұмыс бағыттары, олардың мазмұны
Жұмыс жасау шарттарына, қадағалау мен басшылықты жүзеге асыруға, ведомствоаралық өзара әрекеттестікке қойылатын талаптар
Педагог-психологтың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
Құжаттама жүргізуге қойылатын талаптар
Өңірлерде әзірленіп жатыр.
«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне берілген (4, 6 баптар).
Мақсаттары:
Орта білім беру ұйымдарындағы
психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері
оқушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау, орта білім беру ұйымында қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат қалыптастыру және білім алу барысына қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Міндеттері:
оқушылардың, тәрбиеленушілердің тұлғалық және зияткерлік жағынан жетілуіне септесу, өзін-өзі тәрбиелеу және
өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
оқушыларға, тәрбиеленушілерге жылдам дамып келе жатқан ақпараттық қоғамда ойдағыдай әлеуметтену барысында психологиялық көмек көрсету;
әр оқушыға, тәрбиеленушіге олардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде дербес әдістеме
қолдануға септесу;
оқушыларға, тәрбиеленушілерге психологиялық диагностика жүргізу және олардың шығармашылық әлеуетін
дамыту;
оқушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық қиындықтарын және мәселелерін шешу бойынша психотүзеу
жұмысын жүргізу;
ата-аналарға (заңды өкілдерге) және педагогтарға психологиялық мәселелерді шешуде және оңтайлы оқыту-
тәрбиелеу жұмысының әдістерін таңдауда сабағаттық көмек көрсету;
білім алу барысына қатысушылардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |