Ақшаның сандық теориясының іргетасын қалағандар Дж.Локк, Ш.Монтескье, Д.Юм, Д.Рикардо болды. Олар ақшаның құн мөлшері қызметін жоғары бағалады. Бүл теорияны жақтаушылар құнның ақшалай құнның ақшалай өлшемі мен тауарлар бағаларының деңгейін - айналыстағы ақша массасы анықтайды деген пікірді қуаттайды. Ақшаның мөлшерлік теориясын осы заманға лайықты жетілдіруге үлес қосқандар И.Фишер мен А. Пигу болды. Ең алғаш- қағаз ақша XII ғасырда- ақ Қытайда, Ресейде Екатерина II-ң кезінде 1769 жылы пайда болды.
Ақшаның атқаратын қызметтері.
Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.
Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет
Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, дивидендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады.
Қорлану құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.
Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.
Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады.
4. Ақша жүйесі деп елде белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасқан және қабылданған заңдарға сәйкес, мемлекет-тің ақша айналысын ұйымдастыру формасын айтады. Ақша айналысы дегеніміз - айналыс құралы мен төлем құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы болып табылады.
Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:
1) ақша бірлігі, яғни елде қабылданған ақша өлшемі (теңге, сом, доллар және т.б.);
2) баға масштабы, яғни елде қабылданған ақша бірлігі мен оның құрамындағы ақша металының салмақ мөлшері (мысалы, бір сом 100 тиыннан құралады, ал 1960-80 жылдары бір руб. 0,987672 г. алтынға теңестірілді);
3) эмиссиялық жүйе, яғни ақша мен бағалы қағаздарды жасап шығаратын мекемелер (мысалы, Қазақстан Республикасында - Ұлттық банк, Ресейде - Орталық банк және т.б,);
4) ақша рәміздерінің түрлері, яғни айналымда заңды төлем құралы болып саналатын - несие қағаз ақшалар, айырбас монеталар жүйесі;
5) ақша жүйесінің ұйымдары, яғни ақша айналысын реттейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.
Металл ақшалардың айналыс жүйесі өзінің тарихи дамуында биметализм және монометализм дәуірін бастан өткерді.
Биметализм ақша ретінде екі металды - алтын мен күмісті (ХҮІ-ХІХ ғ.) пайдалануға негізделді.
Монометализм ақша ретінде тек қана алтынды пайдаланды және несие ақшалар оған еркін айырбасталатын болды. Монометализмнің - үш түрі қалыптасты:
1) алтын монеталық стандарт (1821 жылдан бірінші дүниежузілік согысқа дейін) айналыста алтын монеталардың жүруімен сипатталады, қағаз және несие ақшалар алтынға еркін айырбасталды.
2) құйма алтын стандарты (бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Англия мен Францияда қалыптасты) алтын стандарты құймасына сәйкес келетін, құн рәміздерін алтынға айырбастауды жүзеге асырды (мысалы, егер картинаның бағасы бір грамм құйма алтынның бағасына сәйкес болса, онда картина 1 грамм құйма алтынға айырбасталатын болды).
3) алтын таңбалы (алтын девизі) стандарт (XX ғ. 20-30 жж.) алтынға алмастырылатын шетелдік валюталарды (девиздерге) банкноттарды айырбастауды жүзеге асырды.
1929-1933 жж. дағдарыстан соң банкнотты алтынға айырбастау тоқтатылды, осылайша монометализм дәуірі келмеске кетті.
1930 ж. бастап алмастырылмайтын несие ақша жүйесі қалыптасты. Оның белгілері: алтынның айналыстан шеттетілуі (алтынды демонетизациялау); банкноттарға алтынды айырбастаудан бас тарту және олардың алтын құрамын жою несие ақшалардың беделін күшейтіп, айналымдарда қолма-қол емес есеп айырысуды кеңейту; ақша массасын көбейту мемлекеттің қағаз ақшаларды шығаруы мүмкіншілік берді.
Ақша айналысы мен ақшалардың эволюциясы - тауар өндірісінің тарихи объективтік даму процесі болып табылады.
5.Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық валютаны енгізу туралы Жарлыққа қол қойған кезінен бастап ұлттық теңге еліміздің экономикасына қажырлы еңбек етіп, көрші елдердің валюталарымен салыстырғанда көп жылдар бойы өзінің қаржылық тұрақтылығын дәлелдеп келеді. 2006 жылы Мемлекет басшысының бастамасы бойынша ұлттық Банк жаңа үлгідегі банкноттарды еңгізу жөнінде шешім қабылдады. Ұлттық Банк жаңа банкноттарында әлемдік тәжірибе негізінде еуро мен Ресейдің рубльдері сияқты банкноттарды портретсіз дизайын пайдаланды. Банкноттардың жаңа сериясына ақшаның номиналы бұрынғысынша қалды. Жаңа теңге экономиқалық жағынан дамыған елдердің валюталарынан кем емес,тіпті асып түседі.2007 жылғы мамыр айында Тайландта өткізген конференциясында қазақстандық 10 мың теңгелікке «үздік жаңа банкнот» аталымы бойынша бірінші орын берілді. Сондай-ак 2006 жылғы қарашада шығарылған теңгенің күрделі және жоғары дәрежеде қорғалуы атап өтілді.
Қазақ халықының өз ұлттық валютасының пайда болуы тәуелсіз ел мемлекет екендігіміздің шынайы айнасы болып табылады. Биыл Қазақстанның ұлттық валютасының айналымға еніп, тәуелсіз еліміздің символына айналғанына 21 жыл толып отыр 1993 ж. 15 қарашасынан бастап айналымға енген ұлттық валюта теңгеміз егемен ел болудың қиын-қыстау кездерін бастап кешіп, мемлекетіміздің экономикасының қарыштап дамуында зор роль атқарды. Ұлттық валютаны тәуелсіз мемлекеттің атрибуттарының бірі ретінде қарай отырып,теңгені еңгізу республикасының егемендік алуының тұтастығын түйіндейтін соңғы кезең болғандығын мойындауымыз керек. Ұлттық валютамыздың еңгізілуі ұлттық Банктің және Қазақстан үкіметінің дербес ақша-кредит саясатын жүргізуген мүмкіндік берді. Сондыңтан да ұлттық валюта-теңгенің даму кезендері- қазақстан экономикасының даму мен қалыптасу кезені. Қазақстанның өз ақшасы, ұлттық валютасы-теңге айналысқа шығып, елдің тәуелсіздігінің нығаюына, халықтың және кәсіпорындардың сеніміне ие болып, өзінің 21 жыл тарихында тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәмізі екенін дәлелдеп, мемлекеттің қаржы-несиелік саясатына орасан зор ықпалын тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |