Ж. Б. Аширбекова


маусымда “Таразылар мен ӛлшеуіштер туралы”



Pdf көрінісі
бет51/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

4 маусымда “Таразылар мен ӛлшеуіштер туралы” жаңа заң 
бекітілді. 
Заңның бірінші тарауы – «Ресейдің ӛлшеуіштер мен тара-
зылар жүйесі туралы» - негізгі бірліктер жүйесін анықтайды 
және Д.И.Менделеев басшылығымен шығарылған эталондарды 
сипаттайды. Масса эталонының жаңа анықтамасы – фунт енгізі-
леді. Ол ресейлік прототипті халқаралық килограммен салыс-
тыру нәтижесінде алынған және ол Таразылар мен ӛлшеуіштер 
бойынша Бас палатада сақталды. Ең алғашқы масса эталоны – 
платиналық фунт. Ол 1835 жылы ауасыз кеңістікте қарашірік 
судың салмағымен салыстыру арқылы анықталған. Осы заңға 
сәйкес ұзындық бірлігінің эталоны дәлдігі халықаралық метр-


178 
мен салыстырылған платиналы-иридийлі аршин болды. Ол 
1/1000000 дәлдікпен алынған еді. Заңның тағы да маңыздылы-
ғын дәлелдей түсетін жайт – фунт, аршин және басқа да ӛлшем 
бірліктерінің сипаттамаларын анықтауға қажетті температура-
лық ӛлшемдердің барлығы 100 градустық халықаралық сутекті 
термометрмен алынған (Цельсий шкаласымен). Осы заңда 
бұрын ешқандай заңдарда қарастырылмаған кӛптеген баптар 
енгізілді. Мысалы, заңның 5-ші бап бойынша уақыт бірлігінің 
(бір тәулікте орташа күндік уақыт бойынша 24 сағат) енгізілуі. 
Осылайша Ресей метрологиясы тарихына алғаш рет уақыт дәл 
ӛлшеу ұғымы кірді, 14-ші бап бойынша фунттың және аршин-
ның тәжі мен «1894» деген сан жазылған платиналы-иридийлік 
кӛшірмелері мен Мәскеу губерниясының гербінің белгісі бар 
никельден жасалған кӛшірмелер дайындалып, сақтау үшін 
Мәскеудің қарулық палатасына тапсырылды.
Ең маңызды жаңалық заңнама сенімдеу ісімен айналыса-
тын жаңа мемлекеттік ұйымдардың (сенімдеу орталықтары) құ-
рылуы мен сенімдеуді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың 
міндеттерін айқындап кӛрсетуі еді (19 бап).Осы заң негізінде 
1900 жылы қаршада Қаржы министрі С.Ю.Виттенің бұйрығы-
мен алғашқы сауда ӛлшеуіштерінің сенімдеу орталықтары 
Санкт-Петербургте, Москвада, Варшавада, Нижний Новгородта 
ашылды. 1901 жылы тағы да тӛрт сенімдеу орталықтары – 
Харьковта, Тулада, Нахичевани-на-Дону мен Муромада ашыл-
ды. Келесі он орталық 1902 жылы Киевте, Одессада, Вильнода, 
Екатеринодарде, Ригада, Қазанда, Саратовта, Екатеринославлда, 
Екатеринбургте, Уфада ашылды. 1905-1906 жылдары Ярославл-
де, Курскіде, Астраханда, Тифлисте және Бакуда ашылды. Осы-
лайша барлығы 25 сенімдеу орталықтары ашылды.Осы заңда 
алғаш рет сенімдеушілердің міндеттері бектітіліп, сенімдеу ор-
талықтары жыл сайын Бас палатаға сенімделген ӛлшем құрал-
дары туралы есеп беріп отыруы керек болды. Заңда ―Сауда ӛл-
шеуіштері мен таразыларын тексеру және клеймалау‖ деген жа-
ңа ереже бекітілді. ―Сауда ӛлшеуіштері мен таразыларын пайда-
лануды қадағалау‖ бӛлімінде ӛлшем мен ӛлшем құралдарын 
қадағалау ісі жүктелген мемлекеттік ұйымдардың құқықтары 
мен міндеттері анық кӛрсетілген. Орталықтың жұмыс бастауы-


179 
ның бірінші этапында сауда кірлері мен таразыларды (ондық, 
жүздік, вагондық, автоматты және т.б.), ұзындық ӛлшеуіштері 
мен басқа да ӛлшем құралдарын сенімдеу және клеймалау жүр-
гізілді. Метрлік жүйенің ӛлшемдерін және дәл ӛлшейтін құрал-
дарды сенімдеу енді басталып жатты. Осы заң бойынша ӛлшем 
құралдарын сенімдеу үш жылда бір рет жүргізілді. Кенеттен 
және қайталама ревизияларын жүргізу сенімдеу орталығы қыз-
метінің маңызды бағыттарының бірі болды, ӛйткені осының 
нәтижесінде сауда-ӛнеркәсіп орындарында заңсыз ӛлшемдердің 
қолданылуын ашып беруге мүмкіндік туды. Әрбір орталық Бас 
палатадан ревизия жүргізуге ашық қағаздар алып отырды. Реви-
зия нәтижесінде сол орынның ӛлшеу техникаларының жай-күйі, 
ақаулары мен заңсыз ӛлшемдері туралы есеп жасалды. Қортын-
дыда анықталған заң бұзушылықтар мен қателіктерді дұрыстау 
мақсатында қолданылып жүрген заңға сілтеме жасалды. Сауда-
герлер мен ӛндірушілер де ақырындап, дәл ӛлшемдердің пайда-
сын түсіне келе дұрыс ӛлшем құралдарын пайдаланып, олардың 
жай-күйін реттеу, сенімдеп тексерту үшін сенімдеу орталықта-
рына ӛздері баратын болды. Сӛйтіп сенімдеуге әкелінген ӛлшем 
мен салмақтардың саны күн сайын арта түсті, ал сәйкесінше 
ақаулы ӛлшемдердің саны кеми түсті. Мысалы, 1914 жылы 
Петроград ӛлшеу және ӛлшем құралдары орталығына сенімде-
луге түскен 60020 құралдың 57573-і ақаулы болып, 2447-і ғана 
клеймаланған болса, қайта сенімдеу кезінде 28155 құрал ішінде 
тек 1256-ының ақауы табылып, 28155-і клеймаланды. Бас палата 
жергілікті сенімдеу ұйымдарына үлгілік ӛлшем құралдарын жа-
сап, олардың жұмыс істеуіне қажетті барлық ғылыми-техника-
лық және әдістемелік құжаттамаларды дайындады. Кейіннен бас 
палатаға ӛнім сапасын арттыру мақсатында дәлірек ӛлшейтін 
ӛлшем құралдары мен әдістерін дайындауға ұсыныстар түсе 
бастады. Сондай ұсыныстардың бірі сауда және мануфактура 
Депараментінен түсті. Департамент бас палатаға шарап бӛшке-
лерінің сыйымдылығын ӛлшеудің жаңа әдісін әзірлеуді ұсынды. 
Бұның себебі, Ресейдің оңтүстігіндегі шарап ӛндіретін Бессараб 
губерниясы ертеден бері шарап бӛшкелерінің сыйымдылығы
рундштук деп аталатын ӛлшеммен ӛлшенетін еді. Ал бұл ӛл-
шем шелекпен емес, лифляндтық ӛлшемде: стекан мен фиртель-


180 
де кӛрсетілді. Оны орыс ӛлшеміне аударғанда 1 стекан=1,5 ше-
лек, ал 1 фиртель=6 штоф деп алынатын, ал шындығында 1 сте-
кан=1,56 шелек, ал 1 фиртель=6,2 штоф еді. Шраптың сапасы 
жоғары емес және арзан бағаланатын кезде, шарап ӛндірушілер 
бұл ӛлшеуіштің жетілмегендігі мен бір бӛшкеге шаққанда 5-10% 
қателіктеріне баса назар аудармаған еді. 50 шелектік бӛшкеден 
қандай да бір 5 шелегін жоғалту соншалық маңызды емес бола-
тын. Кейіннен шараптың сапасы артып, бағасы жоғарылағында 
бӛшкелерді дәлірек ӛлшеу қажеттілігі туындады. Сӛйтіп Бас 
палата қызметкері А.Н.Доброхотов шарап бӛшкелерінің сыйым-
дылығын оның сызықтық ӛлшемдері бойынша ӛлшейтін жаңа 
әдісті әзірледі. Бұл жайлы 1899 жылы ―Таразылар мен ӛлшеуіш-
тер бойынша Бас палатаның күнтізбесі‖ журналының №4 са-
нында жазылды. Осылайша аз уақыт ішінде «Таразылар мен ӛл-
шеуіштер туралы» заңның негізінде құрылған сенімдеу орта-
лықтарының абыройы айтарлықтай ӛсті. Халық оларға үлкен 
сенім артып, сапасы кепілденген орталықтың клеймасы бар жа-
ңа ӛлшем құралдарын алуды кӛздеді. 1899 жылғы 4 маусымда 
қабылданған «Таразылар мен ӛлшеуіштер туралы» Заң ел мет-
рологиясының негізін қалаған құжат болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет