Ж. Б. Аширбекова


Әр жылдардағы ӛлшем бірліктері туралы заңдар. 1797



Pdf көрінісі
бет48/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Әр жылдардағы ӛлшем бірліктері туралы заңдар. 1797, 
1835, 1899 жылдардағы ӛлшем бірліктері туралы заңдардың 
қабылдануы. Басқа елдердегі сияқты, Россияда да ӛлшемдер 
туралы түсінік сонау ежелгі замандарда пайда болды. Сол кездің 
ӛзінде-ақ қашықтықтарды, жер мен жайылым учаскелерін, тұр-
ғын-жай ӛлшемдерін, сусымалы және сұйық денелердің сыйым-
дылығын ӛлшеу қажеттілігі пайда болды. Алғашқы кездерде бұл 
үшін арнаулы аспаптар болмады. Бұлардың орнына адам денесі-
нің бӛліктері, мысалы, шынтақ ұзындығы, керілген қол және аяқ 
саусақтарының ара қашықтығы (сүйем, қарыс), уыс немесе тас-
ты лақтырғандағы мүмкін боларлық қашықтық («верженин»), оқ 
жетім т.с. пайдаланылады. Мұндай ӛлшеулерді (олардың кейбі-
реулері Русьте ХІV-XV ғасырларға дейін сақталып келді) дәл 
ӛлшеуіш деп санау қиын еді.
Шаруашылық ӛмірдің дамып, мәдениеттің ӛсуімен байла-
нысты ӛлшемдерді нақтылау және ӛлшеу бірліктерінің арасын-


172 
дағы байланысты орнату қажеттілігі ӛсті. Феодалдық бытыраң-
қылық кезінің ӛзінде-ақ кейбір жерлерде ӛлшеудің локальдық 
системасы қалыптасады, бұлардың кейбіреулері бұдан арғы 
жерде біріңғай жалпы орыс ӛлшемдерінің негізінде алынады. 
Алайда саяси және бытыраңқылық жағдайларында бұл процесс 
баяу ӛтіп жатты. Түрлі жерлер мен князьдіктерде ӛздерінің 
локальдық ӛлшемдері болды, ал бірнеше жерлерде немесе бүкіл 
елде қолданылған ӛлшеу бірліктерінің кӛбінесе ӛлшемдері әр-
түрлі болды. Мысалы: Новгородта жер коробья және обжалар-
мен, Вологдада плугтармен, Двинск жерінде жіп арқанмен 
ӛлшенді, пядь (табан) сияқты ұзындықтың бүкіл елге ортақ бел-
гілі Москва мен Владимирде 19 см-ге, Новгород пен Псковте 22-
23 см-ге тең еді.Ұзақ уақыт бойына түрлі мазмұнды және бір-
келкі ақша бірліктері болды. XII-XIII ғасырларда күміс гривен-
дердің екі типі болғанды. Бірі оңтүстіктік немесе киевтік, ром-
бикке ұқсас, жоғарыда және тӛменде оймыштанған жазуы бар, 
салмағы 140-160г екіншісі солтүстік немесе новгородтық, фор-
масы жағынан ладьяға ұқсас, салмағы 195-204,5 г.
XIV ғасырдың екінші жартысында жаңа ақша системасы 
қалыптасты, бұның бірлігі сом, полтина, гривна т.б. еді. Алайда 
Москва ақша есебі бойынша сом -200 ақшаға, полтина 100, 
гривна-20, ал Новгород есебі бойынша олар тиісінше 216, 108 
және 14 ақшаға теңеледі. 
Орталықтанған мемлекеттің құрылуы метролгиялық және 
ақша системаларының унификациялануына жағдай жасады.
XV ғасырдың аяғында XVI ғасырдың басында Россияда ұзын-
дықтың бірыңғай ӛлшеуі аршын пайда болды, ал жер алаңдары 
мен салық алымын ӛлшеудің негізгі бірлігі соқа болды. XVI ға-
сырдың орта кезінде бүкіл елге ортақ тӛгілетін денелердің ӛл-
шем бірлігі – осьмин бекітіледі сұйық денелер (күбі, насадка, 
шелек, кружка) мен салмақтың сыйымдылықтарын (лат, воща-
ная четверт, берковец, контарь, пуд, безмен, фунт, золотник) 
ӛлшеулерінің қалыпты системасы қалыптасты. 
Ӛте ертедегі масса ӛлшеуіштері ақша ӛлшеуіштерімен ты-
ғыз байланысты болды. Соған сәйкес массаның ӛлшеуіштері ре-
тінде Ресейде гривна (күміс) және золотник (алтын) қолданылды. 


173 
Ресейде XII ғасырға дейін заттың құны белгілі бір массасы 
бар күміс кесегімен тӛленіп, ол кесек күміске, бӛліктерге бӛліне-
тіндей етіп, таңба салыныпты. Күмістің мұндай бӛліктері гривна 
деп аталды да, олардың массасы - массасы бірлігі етіп алынды. 
Бірақ осы гривналардың ӛзі әр кезде жер-жерлерде әр түрлі бол-
ды. Кейін гривна - фунт (қазақша қадақ) деп аталатын болды. 
Ресейде осы тұста пайда болған, кейде қазіргі кезде де қолданы-
лып жүрген масса ӛлшеуіші пуд (қазақша пұт) 40 фунтқа (қа-
даққа ) тең. 
Сұйық заттардың ӛлшеуіштері ретінде кӛп тарағаны бочка 
(бӛшке), ведро (шелек) және штоф. Штоф ӛлшеуіші басқа елдер-
де де кездеседі. Қазақтар арасында ерте кезде сусымалы және 
сұйық заттарды мӛлшерлеп ӛлшеу кӛбіне тоқымалы, ағаштан 
және мал терісінен жасалған ыдыстар: дорба, қауға, ағаш шелек, 
кӛнек, аяқ, табақ, шара, топатай, қап, дағар тостаған, торсық 
(сүйретпе), саба қолданылды. Бұлардың сыйымдылығы мен кі-
шілігі үлкен-кішілігіне байланысты болады. Мысалы, торсық-
тың ӛзі жан торсыз және құты торсық деп аталады. Оларға 
әрқайсысына сәйкес 3 және 8 аяқ (литр) қымыз сияды.
*
(
*
Е.Каменцева, Н.Устюгов. Орыс метрологиясы, «Высшая шко-
ла» баспасы, М:1975ж.) 
Ресейде ӛлшеу жүйесі заңдық сипатта XVII ғасырдың со-
ңында тӛгілетін заттардың кӛлемін ӛлшеуге арналған алғашқы 
үлгілік ӛлшеуіштерді орнатқан ережелер – Двин грамотасы 
(1550 ж.), Собор Ережесі (1649 ж.), Кеден жарғысы (1653 ж.)
мен Жаңасауда жарғылары (1667 ж.) негізінде қалыптасты. 
Нәтижесінде 
ұзындық ӛлшемінің келесі жүйесі қолданылды:
–  үш аршинді сажень (қазыналық, патшалық, мӛрлік – 
216 см) екі жарты сажендерге бӛлінді;
–  аршин (72 см) – екі жарты аршинға (36 см) бӛлінді; 
–  жарты аршин – екі ширекке (18 см) бӛлінді; 
–  ширек – тӛрт вершокқа (4,5 см) бӛлінді. 
Тӛгілетін заттардың кӛлемін ӛлшеу үшін келесі ―астықты 
ӛлшемдер‖ қолданылды: ласт =12 ширек; ширек = 4 ширекше; 
ширекше = 2 осьмин. 
XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың бірінші шире-
гінде мынадай ӛлшемдер қолданылды: ласт = 6 юфт; юфт = 2 


174 
ширек; ширек = 2 осьмин; осьмин = 4 ширекше және т.б. Осы-
лардың ең кӛп қолданылатыны ширекше болды. Бидай, жарма, 
тұз және шараптарды ӛлшеуге арналған польшалық ӛлшем – 
гарнецте қолданылды.
Сұйық заттарды ӛлшейтін ӛлшеуіштердің әртүрлі болу 
себебі – олардың әрқайсысы әртүрлі заттарға (спиртті ішімдік-
тер, ӛсімдік майы, сүт, т.б.) арналған. 
Ресейге шетелдік шараптар бір мезгілде ӛздерінің ӛлше-
уіштері болып табылатын ыдыстарда (анкер, жарты анкер, жар-
ты шелек, ширектер, штоф, бӛтелке, жарты бӛтелке, ширек бӛ-
телке және канна) әкелінді. Орыстардан шыққан спиртті ішім-
діктерді (шарап, сыра) ӛлшеу үшін шелек, жарты шелек, кружка, 
жарты кружка және шараптық чаркалар қолданылды. Ал арақ-
ты ӛлшеу үшін фунтовиктер, жарты фунтовиктер және арақ чар-
калары қолданылды. Барлық сұйықтар үшін негізгі ӛлшеуіш 
шелек (12,9 л) болды. Шарапты ӛндірушіден алғанда негізінен 
үлкен бірліктер қолданылды: мерник (бӛшке, 491,97л) = 40 ше-
лек және десятня (122,9л) =10 шелек. 
XVIII ғ. басында қолданылған салмақ ӛлшемдері
Л.Ф.Магницкийдің «Арифметикасында» келтірілген. Олар: жар-
ты пұт, ширек пұт, ансырь, фунт, литра (фунттың ¾-і), осьму-
ха, золотник. Метрлік жүйеге айналдырғанда:
–  берковец = 10 =168,3кг; 
–  пұт = 40 фунт = 16,38 кг; 
–  фунт = 96 золотник = 409,5 г; 
–  золотник = 96 үлес = 4,27 г;
–  үлес = 0,04 г.
І Петрдің Ресей ӛнеркәсібін құруға, еуропа елдерімен мә-
дени, ғылыми, ӛндірістік және сауда байланыстарды кеңейтуі 
ӛлшеу саны мен дәлдігін арттыруды қажет етті. XVIII ғасырда 
ресейлік ӛлшеу жүйесінің дамуының маңызды факторы оның 
ағылшын ӛлшеміне жақындастырылуы болды. Петр І үш ар-
шинді саженді футқа жақындастырып, ӛлшеу жүйесіне ағыл-
шын ӛлшемдерін енгізді. Нәтижесінде, екі ӛлшем арасында мы-
надай қатынас орнатылды: 
– сажень = 7 фут (ағылшын) = 213,3 см
– аршин = 28 дюйм = 71,12 см


175 
– фут (ағылшын) = 12 дюйм = 30,48 см
– дюйм = 10 сызық = 2,54 см
– сызық = 10 нүкте = 2,54 мм
– нүкте = 0,254 мм 
Осы периодта тӛгілетін заттардың кӛлемін ӛлшеуді ауыс-
тыру тенденциясы байқалады. І Петрдің 1725 жылғы 16 қаңтар-
дағы Бұйрығында ―ұн, жарма және осы сияқты басқа да ұсақ-
тар... ӛлшеммен емес салмақпен сатылсын‖ делінген.
І Петр дәуірінде сатылатын тауарлардың сапасына айтар-
лықтай назар аударылған. 1719 жылғы 18 маусымдағы ―Санкт-
Петербург бойынша тәртіп пен тазалық‖ деген Сенаттық бұй-
рықта сапасыз тауар мен клеймасы жоқ ӛлшеуіш пен таразыны 
пайдаланған сатушыға айыппұл салынатыны туралы бап бар.
Ӛлшем мен ӛлшем құралдарын қадағалауды мемлекеттік ұйым-
дар – Коллегалар қолға ала бастады. Ал олардың саудада қолда-
нылуын Коммерц-коллегиялар бақылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет