Ж. Б. Аширбекова


Таразылар мен ӛлшеуіштер бойынша Бас палатның



Pdf көрінісі
бет53/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Таразылар мен ӛлшеуіштер бойынша Бас палатның 
қҧрылуы. Д.И.Менделеев дайындаған жобалар мен құжаттарды 
пайдаланып, таразылар мен ӛлшеуіштер Депосын ғылыми мет-
рологиялық орталық – Таразылар мен ӛлшеуіштер бойынша Бас 
палатаға айналдыру жарты жылға жуық мерзімді алды. 
Cӛйтіп 1893 жылы 8 маусымда Таразылар мен ӛлшеуіш-
тер бойынша Бас палатаның жалпы жағдайы мен штаттық кес-
тесі бекітілді және оның негізгі міндеттеріне тӛмендегілер кірді. 
1. Таразылар мен ӛлшеуіштердің негізгі үлгілерін (про-
тотиптерін) сақтау. 
2. Таразылар мен ӛлшеуіштердің шетелдік үлгілерінің кӛ-
шірмелерін сақтау. 
3. Сенімдеу орталықтары үшін негізгі үлгілердің дәл кӛ-
шірмесін жасау және сол кӛшірмелерді белгілі бір уақыт ара-
лығында сенімдеп отыру. 
4. Орыс және шетел ӛлшеуіштерінің салыстыру кестесін 
құру. 
5. Әртүрлі ӛлшеу деңгейлері үшін ең үлкен қателікті ор-
нату, метрологиялық және сенімдеу жұмыстарына нұсқаулықтар 
құрастыру. 
6. Таразылар мен ӛлшеуіштерге қатысты барлық мәселе-
лерді талқылау және зерттеу. 
Таразылар мен ӛлшеуіштер бойынша Бас палатаның ашы-
луы Д.И.Менделеевтің метрологиялық реформасындағы ең ал-
ғашқы табысты іс-шарасы болды.
Таразылар мен ӛлшеуіштер бойынша Бас палата Франция-
дағы халықаралық таразылар мен ӛлшеуіштер Бюросы (Париж, 


183 
1875 ж.) мен Германиядағы Физика-техникалық институттан 
(Шарлоттенбург, 1887 ж.) кейінгі әлемдегі үшінші метрология-
лық орталық болып табылды. Д.И.Менделеевтің халықаралық 
таразылар мен ӛлшеуіштер Бюросымен орнатқан берік байла-
нысы мен Бас палатаның жоғарғы дәрежелі ғылыми жұмыстары, 
сонымен қатар ӛлшеудің халықаралық метрлік жүйесіне ӛту 
Ресей ғылымының қарыштап дамуына үлкен үлес қосты. 
1931 жылы Бас палатаны Бүкілодақтық метрология және 
стандартизация институты (БМСИ), ал 1934 жылы Бүкілодақтық 
метрология ғылыми-зерттеу институты (БМҒЗИ) деген атпен 
ауыстырды. 
1945 жылы БМҒЗИ-на Д.И.Менделеев атауы берілді. 
Реформа барысында жүгізілген ғылыми жұмыстар негізгі 
шама бірліктерінің (ұзындық және масса) прототиптерін (үлгі-
лерін) қайта жаңартудан және ресейлік және метрлік эталондар 
арасындағы қатынасты дәл орнатудан басталды. Бұл істер алты 
жыл (1892-1898жж.) ішінде жүзеге асырылды.
Айта кету керек, Д.И.Менделеев метрлік ӛлшеу жүйесін 
қолдап, Ресейдің осы жүйеге ӛтуінің қажет екенін түсіне оты-
рып, елдегі прототиптердің қайта жаңартылуы керектігін талап 
етті. Бұған себеп – ғалым метрлік ӛлшеу жүйесін сол кезде қол-
данылып жүрген ең үздік үш ӛлшеу жүйелерінің (сонымен қатар 
ағылшын және француз ӛлшеу жүйелері) бірі деп есептеді. Ұлт-
тық прототиптерді алдыңғы қатарлы елдердің эталондарының 
деңгейіне жеткізу (қайта жаңарту) ресейлік ғылымның, соның 
ішінде метрологияның дамуын толықтай қалыптастыратын еді.
Ӛлшеудің жаңа жүйесіне кӛшуге үлкен кедергі болған 
фактор бұл – елде сенімдеу орталықтарының болмауы еді. Бұл 
туралы Д.И.Менделеев былай деп жазды :«Егер бізде сенімдеу 
орталықтары болмаса, онда метрлік жүйені енгізудің пайдасы 
да, қажеті де жоқ деп ойлаймын»
*
(
*
Д.И.Менделеев /Метрлік 
жүйені енгізу туралы // М., 1950. – Т. 22., 330бет).
Сӛйтіп Д.И.Менделеевтің бастамасымен алғаш рет
1900 жылы қарашада Ресейдің бірнеше қалаларында сауда ӛл-
шем құралдарын сенімдеу орталықтары ашылды. Ғалымның кӛ-
зі тірісінде 1900-1906 жылдар аралығында барлығы 25 сенімдеу 
орталықтары ашылды.


184 
Реформаның келесі сатысы жаңа - Таразылар мен ӛлше-
уіштер туралы заңды құру болды. Осы мақсатта 1897 жылы
қолданылып жүрген заңды қайта қарау үшін В.И.Ковалевский 
бастаған Мемлекеттік комиссия түзілді. Сӛйтіп комиссия
Д.И.Менделеевтің ісін жүзеге асыру үшін жаңа заң қабылдану 
керек деп шешті. 1899 жылы 4 маусымда ―Таразылар мен ӛлше-
уіштер туралы‖ Заң бекітілді. 
Д.И.Менделеевтің метрологиялық реформасын жүзеге 
асыру нәтижесінде, XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында бүкіл елде 
ӛлшем тұтастығын қамтамасыз ету мәселесін жүйелі түрде ше-
шуге арналған метрологиялық жүйе құрылды. Соның нәтиже-
сінде тӛмендегідей мәселелер шешімін тапты: 
 ресей территориясында міндетті түрде қолдануға ар-
налған физикалық шамалар жүйесі заңды түрде қабылданып, 
бекітілді; 
 қолданыстағы мемлекеттік эталонар жетілдіріліп (мас-
са мен ұзындық бірліктері қайта жаңартылды), жаңа эталондар 
(температура, қысым, уақыт эталондары) жасалды; 
 мемлекеттік эталон қорын одан әрі жетілдіру мақса-
тында ғылыми зерттеу жұмыстары ұйымдастырылды. Бас пала-
та жанынан екі жаңа ғимарат салынды. Оның бірі осында жұмыс 
істейтін қызметкерлерге арналған пәтерлер болса, екіншісі мет-
рология саласында тәжірибелік зерттеулер жүргізуге арналған 
лабораториялар болды;
 таразылар мен ӛлшеуіштер бойынша Бас палатаның 
жаңа лабораториялары және сенімдеу орталықтары сол заман-
дағы алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық құрылғылармен 
жабдықталды; 
 метрология саласында маңызы жоғары заңдық құжа-
тар қабылданды: 1893 жылы қабылданған ―Таразылар мен ӛлше-
уіштер бойынша Бас палата туралы‖ Заң және 1988 жылы қа-
былданған ―Таразылар мен ӛлшеуіштер туралы‖ Заң; 
 алғаш рет метрологиялық және сенімдеу жұмыстарын 
жүргізуге арналған ғылыми-техникалық құжаттар: инструкция-
лар, ережелер, т.б. жасалды;
 құрамына ғылыми орталық ретінде Таразылар мен ӛл-
шеуіштер бойынша Бас палата және метрологиялық, сенімдеу 


185 
жұмыстарын жүргізетін 25-ке жуық сенімдеу орталықтары кіре-
тін мемлекеттік метрологиялық қызмет орны ашылды. Олар 
мемлекеттік ӛлшеу жүйесінің ұйымдық негізін қалады; 
 Ресейді Халықаралық метрлік жүйеге ӛткізуге дайын-
дық ретінде әртүрлі іс-шаралар жүргізілді; 
 Ресейде алғаш рет метрологиялық практикада ӛнеркә-
сіп, сауда және тұрмыстық қолданыстағы ӛлшем құралдарын: 
электр, су, газ есептегіштерді, манометрлер, термометрлер, ди-
намометрлер, калориметрлер және т.б. құралдарды кең түрде 
сенімдеу мен сынау жүргізілді. Жаңадан жетілдірілген ӛлшеу 
әдістері әзірленіп, сенімдеу мен сынауды жүрізуге арналған ере-
желер жасалды; 
 метрологиялық және сенімдеу жұмыстарын жүргізу 
та-рифтері ӛңделіп, заңдастырылды; 
 таразылар мен ӛлшеуіштер бойынша Бас палатаның 
жанынан үлгілік ӛлшем құралдарын жасау мақсатында механи-
калық шеберханалар ашылды, сондай-ақ елдегі басқа да жеке 
шеберханалар мен зауыдтарды осы құралдарды ӛндіру ұйымдас-
тырылды. Мұның бәрі де, әрине отандық құрал жасау ӛндірісі-
нің негізін қалады; 
 алғаш рет Бас палатада метрологотар мен сенімдеуді 
жүргізетін кадрлар дайындалды; 
 метрология, унификацияның негізгі ұғымдары мен олар-
дың терминдері мен анықтамаларының ғылыми базасы құрылды. 
Д.И.Менделеевтің реформасының мәні мен оның Ресей 
ӛнеркәсібінің, экономикасының, ғылымы мен саудасының одан 
әрі дамуына қосқан үлесі – оны ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында
Ресейде жүргізілген мемлекеттік реформалардың ең маңыздысы 
деп есептеуге негіз бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет