212
361 000 000 шаршы километр. Құрлықтардың
теңіз деңгейінен
орташа биіктігі 860 метр болса, мұхиттардың орташа тереңдігі
3,9
километр, массасы 6,0. 1024 кг. Жер шары Күннің тӛңірегін-
де секундына 29,78 километр жылдамдықпен айналады.
Астрономиялық деректерге арқа сүйесек, Жер жыл сайын
0,5 мм ӛсіп, теңіз бен кӛлдер аздап тартылып келеді екен. Не-
гізінен, біздің құрлықта су кӛбейіп, Жер кішрейсе, онда Жерді
су басып кететін кӛрінеді. Алайда Жер шары кӛлемінің 70,8 па-
йызы мұхиттар мен теңіздер. Зерттеушілер Жердің үлкеюінің
құрлықтардың
жылжуына әсер ететінін, Африка жыл сайын
солтүстікке 5-7 сантиметр жылжып, Жерорта теңізі арқылы
Еуропаға қосылатынын,
Аустралия Азиямен тұтасатынын,
Америка құрылығы да үлкен ӛзгеріске ұшыратынын, мұның бәрі
кемінде 250-300 млн. жылдан кейін болатынын айтады. Ғалым-
дар: «Жер тӛрт қабаттан тұрады», - дейді. Бірінші қабат – құр-
лықтық тип, қалыңдығы – 33 шақырым. Екіншісі – мантия, қа-
лыңдығы – 33 шақырымнан 2900-ға дейін. Үшіншісі – жер ӛзе-
гінің (ядросының) сыртқы қабығы, қалыңдығы – 2900 шақы-
рымнан 5100-ге дейін. Тӛртіншісі – Жер ӛзегі. Ол 5100 шақы-
рымнан басталып, 6370 шақырымға дейінгі тереңдікте орналас-
қан.
Күн Құс жолының алыстау пұшпағында жатқан кәдімгі
жұлдыздардың бірі – Күн. Оның орбитасын планеталар мен ас-
тероид деп аталатын аспан денелері айналып жүреді. Күнннің
диаметрі шамамен 1,4 млн. шақырым. Ол Жерден 100 есе,
Юпитер планетасынан шамамен 10 есе үлкен. Жер мен Күннің
арақашықтығы 150 миллион шақырым шамасында.
Егерде
Алматыдан Күнге қарай жүрдек пойыз жӛнелтсек, ол белгілен-
ген межеге 170 жылда әрең жететін кӛрінеді. Негізінен, Күн
сутегіден тұрады. Ол – үздіксіз энергия бӛліп тұратын қуат кӛзі.
Ғалымдардың пайымдауынша, Күн әрбір секунд сайын 4 млн.
тонна «салмақ жоғалтады». Бұл «салмақ» аз ғана уақытта жарық
пен жылуға айналып, кеңістікке нұр болып құйылады. Күн
ядросындағы температура 15 млн. градусқа дейін кӛтеріліп, осы
ядрода атомдардың қосылу процесі жүреді де, Күн энергиясы
бӛлініп шығады, Күннің ең сыртқы қабатындағы ыстық 2 млн.
градусқа дейін тӛмендейді. Бойындағы барлық қуаты сарқылған
213
соң Күн де суық денеге айналып, Күн жүйесіндегі планеталар да
тіршілігін тоқтатады.
Күннің ішіне Жер тәрізді 109 планета сиып кетеді. Барлық
планета –
Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн,
Уран, Нептун, Плутон Күнді айналады, жылу мен жарықты
Күннен алады, Күнсіз ӛмір сүре алмайды. Күнді айналу
мерзімдері Жер Күнді бір рет 365, 2564 тәулікте, Меркурий – 87,
9693, Шолпан – 224,7008, Марс – 686,9799, Юпитер – 4322,59,
Сатурн – 10759,2, Уран – 306882,2, Нептун – 60182,3, Плутон –
90777,6 тәулікте айналып шығады.
Айдың жерден қашықтығы 356 400 – 406700 км. Жерден
Айдың бүкіл бетінің 59 пайызы кӛрінеді. Айдың орташа радиу-
сы 1738 км, массасы 7,5.1022 кг. Түнгі уақытта Ай бетінің тем-
пературасы – 1690 С-ге жетеді, ал Күн тас тӛбеге
келгенде Ай
беті + 1220 С-ге дейін қызады.
Ай-Жердің табиғи серігі, ӛзінен жарық шығармайтын
Жерге ең жақын аспан денесі. Ол Жерді эллипстік орбита бо-
йынша (1,02 км/с жылдамдықпен) айналады. Ай жер тәрізді,
диаметрі 3476 километр, Жер диаметрінен 4 еседей аз, тығыз-
дығы 3343 кг/м
3
. Ғалымдардың зерттеуінше, Ай жерден жыл
сайын қашықтай түсуде. 100-150 млн.
жылда Айдан біржолата
кӛз жазып қалуымыз ғажап емес. Ғалым Н.Н.Парийский бұл құ-
былыстың негізі Жер қабағындағы «тасу құбылысы» дейді. Пла-
нета қабығының абсолюттік нығыздылығы жоқ болғандықтан,
«тасу тӛбешігі» Жердің айналу бағытына қарай 1-2 градус ауыс-
қан кӛрінеді. Бұл сәл ғана ауытқу болғанымен, Ай оны ӛзіне
тартып, соның әсерінен Жер айналуы бәсеңдейді. Айналу жыл-
дамдығы баяулаған соң Жердің оны тартуы да әлсіреп, ай мен
Жер бір-бірінен алыстай түседі.