Ж. Б. Аширбекова


Тәңір немесе Тенгризм жҥйесі - тҧран, оның ішінде



Pdf көрінісі
бет61/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Тәңір немесе Тенгризм жҥйесі - тҧран, оның ішінде 
тҥркі кӛшпенді халықтары ӛркениетінің негізі. Реттелген 
күнтізбе - ол ӛркениеттің негізгі белгілерінің бірі және мүшел 
оның генезисі, тарихи-мәдени мазмұны және дүниежүзілік ци-
вилизация кӛлеміндегі орнына байланысты ғылымда тенгриан 
күнтізбесі деп аталды.


208 
Ұлы діндердің арасында қандай айырмашылық болса да, 
оларға ортақ нәрсе - ӛздерінде күнтізбенің болуы. Жаңа діннің 
күнтізбесін пайдалану – оның қоғам ӛміріне сіңуінің негізгі бел-
гісі. Дін белгілі қоғамға тарағанда, ондағы дүниетаным мен 
адамдар ӛмірін ӛзгертті және ол ӛзгерістің негізгі құралының 
бірі күнтізбе болды. Осындай күрделі күнтізбе жасау үшін кӛш-
пенділер ғаламшарлар қозғалысының заңдылықтары жайында 
астрономиялық білімді болғанын кӛреміз. Уақыт туралы түсінік 
кез келген цивилизацияның базалық негізі болып табылады. Ол 
тұтас құрылымды құрайтын жан-жақты құбылыстарды уақыт-
тың ортақ кодына біріктіреді. Уақыт туралы жүйелі кӛзқарас 
адам табиғатты меңгергенде немесе жалпы еңбек ету кезінде, 
қоғамдағы ӛмірді меңгеруде Уақытты жүйелі пайдалану қажет-
тілігінен туды. Уақыттың құрылымы - ол ―барлық мәдениет са-
ласындағы ішкі байланыс тілі, морфологиялық тәсіл‖. 
М.Ысқақовтың пікірі бойынша, түркі күнтізбесі б.д.д. II-I мың-
жылдықтарда пайда болды. Белгілі еуропа түркологы 
Э.Шаваннидің еңбектеріне сүйенген ол: ―түркілерде шыққан 
мүшел Қытайға, Рим империясына, одан әрі Египетке жеткен. 
Бұл мүшел кӛптеген ӛзгерістерге ұшыраған... Мүшел есебі бұ-
дан 3000 жылдан бұрын шыққан деуге болады ...‖ дейді.
Даосизм ілімі бойынша Ұлы Аспанды жаратқан Дао. Адам 
ӛмірінің мәні Даоны түсіну, оған еріп, қосылып кету. Адам ба-
қыты да осында. Орталық доктринасы ұлы Дао туралы ілім не-
месе абсолют және жалпы заңдылықтар болатын Даосизмнің 
ӛзінде осы ілімге немесе жұмаққа баратын жол Темірқазық жұл-
дызы арқылы жүреді. Даосизмнің доктринасы кӛп жағдайда 
үнді-арийлердің Ұлы брахман туралы концепциясына ұқсас. 
Соңғы концепция мен жалпы Буддизм дінінің негізі болған 
үндіарийлердің Махабхарата, Веда сияқты эпостарына талдау 
жасағанда, оны шығарған кездегі тайпалардың Корел, Таймыр 
түбегінде немесе Беринг бұғазы деңгейінде тұрғанын кӛреміз. 
Себебі, 65-70 градустардың арасында ғана, жылда 2-3 ай жаз, 
тәулікте 7-8 сағат күн болады. Осы горизонттан қарағанда 
Темірқазық тапжылмай бір орында тұрып, басқа жұлдыздар оны 
айнала қозғалады. Ол Темірқазықтың рӛлін атқарған ертедегі 
Лираның альфасы - Вега. Веда эпосында осы жұлдыз туралы 


209 
айтылған болу керек, себебі бізге белгілі Жетіқарақшы шоқты-
ғындағы Темірқазақ жұлдызы ―жердің темірқазығы‖ ретінде жер 
осінің аспанмен иіліп бұрылуынан кейін пайда болды.
Ұлы даладағы кӛне түркілерден қалған қорғандар тікесі-
нен үш, бес, жеті қатарлы тастармен немесе террасамен бӛлін-
ген. Олар қорғанның тегіс бетінде Әлемнің тағы бір құрылым-
дық ―макетін‖ елестететін тас немесе ағашты тікесінен орнат-
қан. Тӛбесінде жоғарғы күштердің символы бар қорғандардың 
осындай кӛпқатарлы пішіні (формасы) және баспалдақтары 
Египеттегі, Таяу шығыстағы, Үндістандағы, Оңтүстік-Шығыс 
Азиядағы және Орталық Америкадағы пирамидалардың ұқсас-
тығы осы аймақтардың уақыт пен кеңістікте бір-бірінен алшақ 
жатқанына қарамастан, олардың әлемді танудағы аңыз-мифоло-
гияларының ұқсастығынан шығады. 
Ертедегі египет, үнді, ассирий, қытай, грек, түркі және т.б. 
халықтардың аңыздарында кездесетін Солтүстік тауы, ұлы ба-
ғаналар мен тіреулер – барлық жерде кездесетін осы символдық 
образдар, ежелгі дәуірден бері полюс пен Темірқазық жұлдызы 
арасындағы байланыс туралы ұғым мәңгіге қалыптасты. 
Барлық халықтарда аспандағы жұмақ ұғымының тұрақты 
сипаттамасы Эдемге баратын жол солтүстіктегі таудың шыңы 
мен Темірқазық арқылы жүреді. Осындай әртүрлі нұсқалары 
мифологиялық ұғымның ертедегі адамның ойында қалыптасып, 
есінде мәңгі қалуы үшін олар поляр аймағында жүздеген жыл 
ӛмір сүрген болу керек.
Ертедегі түркілерден басқа ешқандай тайпалардың сол 
түбектерде немесе солтүстік жартышардың сол градусында 
тұрғаны туралы әзірге жоғарыдағы эпостардан басқа ешқандай 
ғылыми деректер жоқ. А.Рустің деректерінде ертедегі монғұл 
тектес тайпалар б.д.д. XXXV-II мыңжылдықтар арасында Алеут 
аралдары және Беринг бұғазы арқылы Солтүстік Америкаға әр-
түрлі қарқынмен ӛткен. В.Штайн ―Дүниежүзілік цивилизация-
ның хронологиясында‖ бұл кӛштің б.д.д. XV-IX мыңжылдықтар
арасында жүргенін жазады. 
Ғалымдар америка үнділері ―Ұлы Азиядан‖ келді деген 
қорытынды жасады. Америкадағы ацтек, майя және инк цивили-
зациялары тілдерінде сӛйлеген халықтар мен түркі тілдерінің 


210 
шығу тегі бір, яғни үнді тайпалары түркі халықтарына жатады 
немесе сол цивилизациялар түркі ӛркениетінің құрамдас бӛлігі 
болып саналады. Оны бұл халықтардың ертедегі құдайлары мен 
діндеріндегі, аңыз-ертегілеріндегі, ертедегі астрономиялық бі-
лімі мен күнтізбелеріндегі ұқсастықтарды дәлелдеп, археология-
лық деректермен толықтыру қажет. Цивилизацияның сара жолы 
дӛңгелек пен соқаны және т.б. білмей ―мәдени вакуумда‖ дамы-
ған ацтек, майя және инк ӛркениеттері түркі тайпалары болған-
дықтан, түркілердің адамзат цивилизациясындағы орыны қайта 
қаралуы керек.
Аспанға, күнге, жұлдыздарға (Темірқазық, Үркер немесе 
Мешін - Тенгриан күнтізбесіндегі жыл аты, Құс жолы), яғни 
Тенгриге табынған ертедегі түркілердің дүниетаным ұғымдары 
азия халықтарында кеңінен тараған және ертедегі барлық халық-
тардың жұмақ пен оған баратын жол туралы ұғымдары Тенгри 
дінінің жүйесіне сай келеді. Ай мен Күннің қозғалысынан басқа, 
Юпитердің Күнді айналатын 12 жылдық циклі мен Сатурнның 
30 жылдық циклін есептеген Тенгриан күнтізбесі қазіргі белгілі 
күнтізбелердің ішіндегі ең күрделілерінің бірі және ол Аспанда-
ғы құбылыстарды мыңдаған жылдар бойы эмперикалық бақы-
лаудың нәтижесінде кем дегенде осыдан бірнеше мың жыл бұ-
рын пайда болған.
Ертедегі цивилизациялардың құпияларын, оның ішінде 
Ертедегі Египеттегі (Гиза), Камбоджадағы (Анкгор), Пасха ара-
лындағы, Америка құрлығындағы (Ацтек, Майя, Инк) ескерт-
кіштер, яғни бір-бірінен арақашықтықтары 72 градус алшақтық-
тағы, Жер шарының барлық бӛліктерінде уақыт қашықтықтары 
астрономиялық құбылыс – прецессииге сай салынған осы ес-
керткіштердің барлығына ортақ ұқсастықтар - оларды бір циви-
лизацияға жататын немесе дүниетанымдық ұғымдары бір халық-
тардың жасағанының дәлелі. Қазіргі ғылымға белгілі осы аймақ-
тардың барлығында болған жалғыз халық - кӛне түркі тайпа-
лары. Процессии қозғалысының жылдамдығы 72 жылда 1 гра-
дус, яғни Күн жұлдыздардың әрбір шоқтығында 2160 жыл 
―ӛмір‖ сүреді (72 градус х 72 жыл=2160 жыл) х 12=25920 жылда 
12 зодиакты толық айналып шығады. Гиза - Анкгор – Пасхи 
аралы – Америкадағы ескерткіштердің аралары 72 градустан.


211 
Гиза мен Анкгордың салыну уақыттарының арасы 10800 жыл : 
2160 = 5. Ол да процессииға сай келеді. Кӛне түркілерден бізге 
жазба деректер жетпегенімен, жоғарыдағы деректерге сүйеніп, 
біз олардың процессии құбылысын түсінгенін кӛреміз. Сонымен 
қатар, осы аймақтардың барлығында кӛне түркілер ғана болған. 
Сондықтан, осы тамаша ескерткіштерді салғандар кӛне түркі-
лердің Тенгриан күнтізбесіне сүйенген немесе белгілі тарихи 
кезеңде сол жерлерде түркілер болуы мүмкін деген болжам бар. 
Кӛне түркілер ӛздері барған жерлерге Тәңір дінінің жүйесін та-
ратты. Оның іздерін алдымен тұран тобындағы діндер \даосизм, 
конфуцианство, синтоизм\ жүйесін қалыптастыруда кеңінен 
қолданылғанын кӛреміз. Тенгри – ол тек дін ғана емес, сонымен 
қатар, галактикамыздағы ғаламшарлар қозғалысы заңдылықта-
рына сүйенген астрономиялық жүйе, яғни әр жылы жануарлар-
дың аттарымен аталатын ―Мүшел‖ немесе ―Шығыс күнтізбесі‖ 
деген атпен белгілі Азия және Тынық мұхиты аймағына кеңінен 
тараған күнтізбе. Жүйелі күнтізбе цивилизацияның негізгі атри-
буттарының бірі. Сонымен қатар, Тенгри кӛшпенді ғұндар, моң-
ғолдар және отырықшы \қытай\ мемлекеттерде хан, император-
лардан бастап мемлекет басқару жүйесінде кеңінен қолданылды. 
Кӛне түркілерде пайда болған құдай – Тәңір, қазіргі уақытта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет