Уақыт кӛші Табиғаттың таңғажайып қҧбылысы. Уа-
қыт кӛші сағат, күн, апта, ай, жылдан тұрады. Бұл - ӛмір ӛлшемі.
Оның таңғажайып сырға толылығы сол, әрбір мезгіл, кезеңінің
ӛз атауы, ерекшелігі, адамға, жануарлар әлеміне, қоршаған орта-
ға ӛз әсері бар. Ол Жердің жаратылысы табиғатына, Айдың,
221
Күннің, Жұлдыздардың ықпалына тығыз байланысты. Уақыт
кӛші – бір орында тұрмайтын, қайтып оралмайтын табиғаттың
таңғажайып құбылысы. Ол жӛнінде ғалымдардың зерттеуі, жұл-
дызнамашылардың болжамдары, данагӛйлердің айтқан маржан
ойлары кӛп. Уақыт кӛші арнайы күнтізбелермен белгіленеді.
Қазақтар уақытты қалай анықтаған? Таңғажайып «Тоғыс есебі»
Жердегі уақытты ӛлшеудің кілті аспанда. Ай, Күн, Жұл-
дыздар болмаса, Жердегі жыл мӛлшерін анықтау мүмкін болмас
еді. Ғалымдардың пайымдауынша, Жерді 400 мың шақырым
қашықтықта Айдың айналып жүруіне байланысты – Ай күнтіз-
бесі пайда болды. Ислам әлемі қолданатын бұл уақыт жүйесінде
354-355 күннің бар екені мәлім. Ал енді 149 миллион шақырым
қашықтықтағы Күнді Жердің айналып жүруіне байланысты –
Күн күнтізбесі пайда болса, онда 365-366 күн бар. Ай мен Күнге
негізделген күнтізбелерден басқа да уақытты жұлдыздар бойын-
ша есептеу болған. Оны біздің ата-бабаларымыз бен ежелгі
үнділер қолданғанды. Қазақтар бұл уақыт есебін – Тоғыс есебі
деп атайды. Ол - әлемнің бірде бір елінде кездеспейтін ӛте күр-
делі уақыт жүйесі. Мұнда жыл ӛлшемі – Күн қозғалысы бойын-
ша, айлар есебі – Ай мен Үркер жұлдыз шоғырының әрбір 27-
28 күнде бір «тоғысып» отыруы бойынша анықталады. Тоғыс
есебінің Қазақ жерінің табиғатымен керемет қабысатыны ғылы-
ми тұрғыда дәлелденген ақиқат.
Тоғысқа Үркердің таңдап алынуы Ата-бабаларымыздың
Тоғыс есебіне Үркер шоқжұлдызын таңдап алуының себептері:
1. Үркер жұлдыз шоғыры түнгі аспанда шоқтай жанып,
кӛзге айқын кӛрініп тұрады.
2. 14 мамыр мен 21 маусым аралығынан басқа уақыттарда
Үркер жұлдыз шоғыры (Торпақ шоқжұлдызының құрамында)
түнгі аспанда кӛрініп тұрады.
3. Ай батыстан туып, шығысқа қарай қозғалғанында
Үркер шығыстан туып, батысқа қарай қозғалады. «Осынау бір-
біріне қарсы қозғалған екі аспан денесінің кездескен уақыты,
яғни, «тоғысқан» мезгілі – уақытты дәл белгілеу үшін таптыр-
мас белгі», - дейді ғарышты, уақыт кӛшін зерттеушілер. Қазіргі
ғылымда бұл уақыт мӛлшері – Жұлдыздық (сидерлік) ай есебі.
27 күн, 7 сағат 43 минутының жуық мӛлшері.
222
Бұрындары бабаларымыз дәл есептейтін сағаттың жоқты-
ғынан, Жұлдыздық ай мӛлшерін 28 күн етіп, сағат, минутсыз
бӛлшектемей, бүтіндей белгілеген. Ӛздеріңізге белгілі, бір жыл
ішінде Ай мен Үркер 13 рет қана «тоғыса» алады. Мұны 28 күн-
ге кӛбейтсек, Тоғыс есебінде 364 күн болады. Ертеде ӛркениетті
деген елдердің ӛзі жыл есебін 360 күн деп белгілеген. Ал біздің
ата-бабаларымыз болса, оны 364 күн деп дәл есептеп кӛрсеткен.
Осыдан-ақ қазақтардың астрономиялық білімінің ерте заманда-ақ
басқа халықтарға қарағанда ӛте жоғары болғанын аңғаруға болады.
Тоғысудың 3 күні Ай мен Үркердің тоғысуы 3 күнге бӛлінеді:
1. «Ауыл – үй қонды». Бұл – Ай мен Үркердің бір-бірімен
жақын келген күні.
2. «Тоғандасты». Бұл – Үркердің Ай орағының немесе та-
бағының тасасында кӛрінбей қалуы.
3.«Ӛріп шықты». Бұл – Айдың Үркерді басып ӛткен үшін-
ші күні.
Бұл тоғыстың атауы – «Бес тоғыс». Осы тоғыстан соң қа-
зақ даласында жер кӛктеп, ағаштар бүршік жара бастайды. Осы-
ған дейінгі тоғыстың атауы «Жеті тоғыс» немесе «Жаңа тоғыс».
Негізінен, «Жаңа тоғыс» кӛктемнің келгенін, басталғанын білді-
реді.Ұмыт қалған уақыт жүйелері халқымызда Тоғыс есебінен
басқа да уақыт жүйелері болған. Солардың кейбірі мынандай:
1. «Тоғыз шілде»: 40 күн х 9 шілде = 360 күн; 2. «Тӛрт тоқсан»:
90 күн х 4 маусым = 360 күн; 3. «Азаматтық ай»: 30 күн х 12 ай
= 360 күн. Қазіргі біздің күнтізбеміздегі қазақша ай атаулары -
«Азаматтық ай» есімдері. Киіз үйдегі күнтізбе 1. Киіз үйдің 1 қа-
нат керегесі – 12 қанатты киіз үйде жылдың бір айын, 6 қанатты
киіз үйде жылдың екі айын білдіреді. Яғни, киіз үйдің жарты
шеңбері 6 ай жазды, екінші жарты шеңбері 6 ай қысты бейнелеп
тұр. 2. 12 айды керегенің 30 тор кӛзіне кӛбейтсек (оны 30 күн
санап), 360 күн шығады. Жыл санына жетпейтін 5 немесе 6 «қо-
нақ» күндер – киіз үйдің есігіне тиесілі. Ӛйткені қонақтар киіз
үйдің есігінен кіреді ғой.
3. Шеңбер түріндегі шаңырақтың қақ ортасы қосу белгісі
(+) тәрізді бір-бірімен айқасып тұр. Ол тӛрткүл дүниені 4 бӛлік-
ке теңдей бӛлген кӛне түркі ұғымын білдіреді. Түнде шаңырақ-
тың түндігін ашсаң, Темірқазықты айналып қозғалған жұлдыз-
223
дар кӛрінеді. Сол арқылы түнгі уақытты анықтауға болады.
Күндіз шаңырақтан ішке икс (х) белгісі тәрізді түскен кӛлеңкесі
бойынша күндізгі уақытты ажырата аласың. Яғни, шаңырақ күн
сағаты тәрізді. 4. Алты қанат керегеге әрқайсысы он-оннан бар-
лығы 60 уық байланады. Қай жағынан алып қарағанда да 60 са-
ны 6 ай жаз немесе 6 ай қысқа, 1 сағаттың ішіндегі 60 минӛтке,
360 күндік жылға немесе 360 градустық шеңберге ӛте ыңғайлы,
ол қалдықсыз бӛлінеді. 5. Астыңғы ұшы керегеге байланатын,
жоғарғы ұшы шаңырақтың арнайы тесіктеріне шаншылатын
уықтардың әрқайсының арасы күнтізбелік кӛзбен қарағанда
6 күнге, астрономиялық шеңберлік кӛзбен қарағанда тең болып
шығады: 60 уық х 6 күн немесе градус=360 күн немесе осынша-
ма градус. 6. Киіз үйдің сыртқы пошымы – жарты шарға ұқсас.
Жер шарының қай нүктесінде де адамдардың тас тӛбесінен тұ-
тас шар емес, соның тең жартысы болып саналатын жарты шар
тӛніп тұрады, дейді зерттеушілер. Қазақтардың ежелден-ақ соны
біліп, оны киіз үй пішімінде бейнелеуі ӛте таң қаларлық іс.
7. Киіз үйде үш аяқты мосы дәл ортада тұрады. Бұл жарты
шар болып кӛрінетін жерге сәулесін шашып, жылуын беріп
тұрған жарық Күнді, шаңырақтан тӛмен салбырап тұрған Айды
бейнелеп тұр. Түркілердің «Мүшел есебі» Мүшел – 12 жылдық
айналым.Жыл басы қазақша кӛктемде күн мен түннің теңелуі-
нен (22 наурыз) бастап есептеледі. Халықтық осынау жыл санау
есебінде 12 жыл аты бар. Олардың бәрі де жан-жануарлардың
атауы. Айналым Тышқан жылынан басталып, доңызбен аяқтала-
ды да қайта жалғасады. Жыл санау мен жыл қайырудың алғаш-
қы деректері VIII ғасырдағы «Күлтегін» ескерткіштері мен
ХІ ғасыр ғұламасы Махмұт Қашқаридың «Он екі жылдық мү-
шел есебі бұдан 2000 жылдай бұрын (б.з.д.1 ғасырда) Орта
Азияда пайда болған». Ғалымдардың пайымдауынша, астроно-
миялық және математикалық теория тұрғысында 12 жылдық
хайуанаттар мүшелі – басқа уақыт айналымдарынан әлдеқайда
ұтымды. «Ұзын сары» - «Бес қонақ» Қыстың басы желтоқсанда
31 күн, қаңтарда 31 күн, ақпанда 28 күн, барлығы: 31+31+28=90
күн бар. Тӛрт маусымдағы күн саны: 90 х 4 = 360. Бір жылда –
365 күн. 365-360 = 5 күн артық қалады. Ол ақпанның соңынан
бастап 18 күн ӛткенде келеді: 90+18= 108. Бұл күні «Ұзын са-
224
ры», қазақ есепшілерінің айтуынша, «Бес қонақ» келеді. Ол күн-
дер наурыздың 18, 19, 20, 21, 22-сі. Осы бес күнде аса абай бо-
лып, мал соймайды, кӛшпейді, маңызды шаруаларды атқармай-
ды. Тәулік күн ұясына кіргенде ауысады да наурыздың 23-і күні
«бес қонақ» шығып кетеді. «Ұзын сары» күннің ұзарғанын да
білдіреді. Мезгіл ӛлшемдері, атауы, сипаты Аймен ӛлшенетін
уақыт Ай – уақыт ӛлшемі, бӛлігі. Ол үш түрге ажыратылады:
1. Синодтық Ай. Ол – Айдың бірдей екі фазасы аралығындағы
шамамен 23, 53 күн тәулігіне тең уақыт; 2. Сидерлік (жұлдыз-
дық) Ай. Ол – Айдың жұлдызға қатысты Жерді толық бір рет
айналып шығатын, шамамен 29, 53 күн тәулігіне тең уақыт; 3.
Айдаһар айы. Ол – орбитаның белгілі бір нүктесінен үзіліссіз екі
рет ӛткен 27, 21 күн тәулігіне тең уақыт. Мұның үшеуі де тұр-
мысқа қолдануға қолайсыз. Ӛйткені олар бӛлшек сандармен
ӛрнектелген. Сол себепті жыл қазіргі күнтізбеде 28, 29, 30, 31
күн тәулігімен бітетін 12 Айға бӛлінген. «Ай кӛрдім, аман кӛр-
дім»... Халқымызда жылдың әр айы аяқталып, жаңа ай туға-
нында: «Ай кӛрдім, аман кӛрдім, ескі айда есіркедің, жаңа айда
жарылқа» деп ӛткен айдан аман шыққанына тәубе қылатын, жа-
ңа айдан үміт күтетін ырым қалыптасқан. Айдың алғашқы жеті
тәулігін «бір жаңасы – жеті жаңасы» деп санамалап, сегізінші
тәулігінен бастап алғашқы ширегі дейді. Ол жеті – тоғыз тәулік-
тік уақыт. Мұнан кейін толған Ай толық кӛрінеді, бұлтсыз түн-
дер сүттей аппақ жарық болады. Бір жетіден соң ай кеми бастай-
ды, бұл айдың соңғы ширегі. Айдың кеми туатын осы шағы –
«Айдың қорғалуы». Айдың ӛліарасы – ескі айдың бітіп, жаңа ай-
дың әлі кӛріне қоймаған кезі. Жаңа туған Ай шалқасынан жатса
,
қазақтар: «Ӛзіне жайлы, халыққа жайсыз», тіке тұрса «халыққа
жайлы, ӛзіне жайсыз» деп ырымдаған. Айдың үш жаңасында Ай
толығырақ, ӛңі ақ, екі ұшы доғалдау, тік кӛрінсе сол айда жа-
уын-шашын, жел-борасын аз болады деген халық болжамы бар.
Егерде Айдың екі ұшы үшкілдеу, сүйір, ӛзі ашық, шалқақ туса,
онда сол айда жауын-шашын, жел-борасын болады. Жылмен
ӛлшенетін уақыт Жердің Күнді бір айналып шығатын уақыт
аралығы – Жыл деп аталады.
225
Достарыңызбен бөлісу: |