69
жазда
Орал бөктеріндегі, Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығындағы кең-
байтақ жерлерде, ал қыста - Арал теңізі өңірінде, Шу, Сарысу өзендерін бойлап
және Сырдарияның төменгі ағысында көшіп жүреді».
Орда Ежен ұлысының билеушілері өздерін Алтын Орда хандарына
бағыныштымыз деп мойындаса да, дербес саясат жүргізіп, олардың құрылтайына
бармады. Ол туралы Рашид ад-Дин былай деп жазады: «Әуел бастан-ақ Орда
тұқымының қайсыбіреуінің Батый тұқымынан тараған хандарға барған кезі болған
емес, өйткені олар
бір-бірінен шалғай орналасқан, сонымен қатар өз ұлысының
тәуелсіз патшалары болып табылады. Бірақ оларды Батыйдың орынбасары кім
болса соны өзінің патшасы, әрі әміршісі санау әдеті болған және олардың
есімдерін бұлар өз жарлықтарының жоғарғы жағына жазып отырады». Сондай-ақ
Рашид ад-дин Ұлыстың Жошы ұлысының сол қанаты екенін, Ордаежен ұлысының
сұлтандарын Жошының Ұдұр, Тұқатемір,
Шингкур және Сингкум атты
ұлдарының ұрпақтарымен бірге сол қанаттың сұлтандары деп аталатынын айтады.
Іс жүзінде XIII ғасырдың ортасынан бастап Ордаежен ұлысы дербес
мемлекет болып, шығыс деректемелерінде ол Ақ Орда деп аталған. Оған билік
жүргізгендер хан атағын иеленді. Кейбір зерттеушілер Ордаежен ұлысын Алтын
Орданың құрамдас бір бөлігі деп санайды. Ал жазба дерек мәліметтерінде Алтын
Орданың хандарының Ирандағы Хұлағу әулетімен соғысып жатқан кездерінде, Ақ
Орданың хандары Хулағу ұрпақтарымен дипломатиялық байланыста болып,
елшілер алмасып отырғандығы туралы айтылады.
Ордаежен ұлысының алғашқы ханы - Ордаежен, ол өз ұлысында XIII ғ.
ортасына дейін билік құрып, 1246-1251 жылдар аралығында қайтыс болады. Одан
кейін билікке оның төртінші ұлы – Күнқыран отырады. Тақты иелену кезегі одан
кейін Ордаеженнің үлкен ұлы Сартақтайдың тұңғышы – Қонышаға өтеді. Рашид
ад-дин оның билікте ұзақ отырғанын хабарлайды. Қонышаның үлкені Байан
әкесінен соң хан болады. Байан ханның билігі тұсында Ордаежен ұлысында алғаш
рет тақ үшін күрестер басталады.
Ордаеженнің жетінші, әрі ең кіші ұлы
Хұлағудың немересі – Құблұқ Үгедейлік Хайду мен Шағатайлық Дуваның
қолдауына сүйеніп таққа таласады. Рашид ад-дин Байан мен оның қарсыласы
арасында 18 рет ұрыстың болғанын, оның ішінде 6 рет өзі тікелей ұрысқа
қатысқанын айтады. «Жами ат-тауарих» авторының қысқа ғана баяндауына
қарағанда Байан хан кезекті бір ұрыста
Құбұлықтан жеңіліс тауып, амалсыздан
Алтын Ордаға келеді. Осында қыстап шығып, көктемде құрылтайға қатысады да,
Тоқтай ханнан әскери көмек сұрайды. Тоқтай хан болса Ноғайменен ұрысып
жатқанын және Газан хан жағынан қауіптің зор екенін айтып, азар да безер
болады. Бірақ ол Хайду мен Дуваға елшілік жіберіп, Құблұқты өзіне жіберуін
талап етеді және Ұлыстың нақты билеушісі Байан
екенін дәлелдейтін жарлық
береді. 1302/03 жылы Байан хан Хұлағулық Газан ханға елші аттандырып, одан
әскери көмек сұрайды. Хайду болса хұлағулық әскерлердің Байан хан әскеріне
қосылуына мүмкіндік бергізбейді. Құблұқ өзіне көмекке келген Хайду мен
70
Дуваның және Байаннан бөлініп кеткен әскерлермен қарсыласына соққы беріп
Ұлыстың Байанға қарасты бір бөлігін басып алады. Дегенменде Ұлыстың басым
бөлігінде Байанның билігі сақталып қалынады.
Ұзаққа созылған тақ үшін ұрыстар Ұлыстың әлеуметтік және экономикалық
жағдайын қатты әлсіретіп жібереді. Рашид ад-дин Ұлыс халқының күйзеліске
түскенін және оның әскерінің бір бөлігі – атты, бір бөлігі – жаяу әскер болып
қалғанын айтады да, одан әрі соған қарамастан Байанның әлі тақта отырғанын,
оның әскерлері өте ерлікпен күресіп жатқанын, оның елшілігін Газан ханның өте
мол сыймен кері қайтарғанын жазады.
Осылайша, Ордаежен ұлысы Жошы ұлысының бір әкімшілік бөлігі ретінде
қалыптасып, көп ұзамай жеке мемлекет деңгейіне дейін көтеріледі. Ал XIII ғ. соңы
мен XIV ғ. алғашқы жылдары әулет өкілдері арасындағы тақ үшін күрестер
Ұлысты қатты күйзелтіп жібереді де, ол екіге бөлініп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: