Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі


Білімді тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет13/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

Білімді тексеруге арналған сұрақтар: 
1 Орда Ежан ұрпақтары мен Шағатай ұрпақтарының арасында күрестің 
себептері неде? 
2 Орда Ежен ұрпақтарының дербес билік үшін күресінің сипаты мен барысын 
көрсетіңіз?
3 Орыс ханның билікке келуі және Алтын Ордамен қарым-қатынасы қалай 
өрбіді? 
4 Тоқтамыстың Ақ Ордаға қарсы жорықтарын талдаңыз?
§3 «Ақ Орда» және «Көк Орда» жөніндегі тарихи концепциялар 
XIII-XV ғасырларда өмір сүрген Жошы ұлысының тарихнамасында екі 
маңызды мәселе бойынша тарихшылар арасында ортақ пікір жоқ. Бірінші 
мәселеге - Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы мемлекет атауының осы 
ғасырларда қалай деп аталатындығы, яғни Ақ Орда, немесе Көк Орда деп
аталатындығы жөніндегі мәселелер жатса, екіншісіне – осы мемлекеттің 
мемлекеттік мәртебесі, яғни Алтын Ордаға тәуелді немесе одан дербес болды ма 
деген мәселелер жатады.
Қазіргі таңда шетелдік, ресейлік және қазақстандық тарихшылар бірінші
мәселеге қатысты, яғни Жошы Ұлысының батыс және шығыс бөліктеріндегі 
мемлекеттердің атауларына қатысты Ақ Орда мен Көк Орда терминдерін 
араластырып қолданады. Қазақстандық тарихшылар Ақ Орда атауын шығыс 
бөліктегі саяси құрылымға қатысты қолданса, ресейлік зерттеушілер, керісінше 
шығыс бөлікке қатысты Көк Орда терминін пайдаланады. 
Ақ Орда атауы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы мемлекетке қатысты 
деген пікірді жақтаушылар XV ғасырдың бірінші ширегінде жазылған Муин ад-
дин Натанзидың «Мунтахаб ат-тауарих-и Муини» (Ескендірдің анонимі) атты 
дерегіндегі мәліметтерге жүгінеді. Ол мәліметтің мазмұны мынадай: «... Жошы 


74 
Ұлысы екі бөлікке бөлінді. Сол қанатқа, яғни Ұлытау, Сегізағаш пен Қараталдан 
Түйсенге, Жент пен Баршынкентке дейінгі жерлер Ноғай ұрпақтарына қарады да, 
олар Ақ Орда сұлтандары деп атала бастады. Ал Ібір-Сібір, Русь, Либка, Үкек, 
Мажар, Бұлғар, Башқұрт және Сарай-Берке жататын оң қанаты Көк Орда 
сұлтандары деп атады». Одан әрі автор «Ақ Орда сұлтандарының тармағы» деген 
тараушада «Тоқтайдың ұлы Тоғырыл хан таққа отырған кезде Ақ Орда ұлысының 
билеушісі Ноқайдың ұлы Сасы-Бұқа оның замандасы болды» дей келе, «Ол (Сасы-
Бұқаны айтып отыр– Б.К.) Тоғырыл хан мен Өзбек ханға қызмет ету жолынан 
ауытқымады және бірде бір шақырулар мен құрылтайдан бас тартпады. Ол 
1320/1321 жылы қайтыс болды, оның моласы Сауран қаласында» - деп 
хабарлайды. Сондай-ақ Натанзи шығыс бөліктегі сұлтандардың Сарайдағы 
билікке отыруына байланысты оң қанаттық сұлтандар бірінің «Қалайша Ақ Орда 
сұлтандарының мына ұрпағы Көк Орда хандарының тағына әмірші болмақ» - деп 
наразылық білдіргенін айтып өтеді. Бұл келтірілген дерек мәліметтері автордың 
Жошы Ұлысының сол қанатын нақты Ақ Орда деп атап отырғанын көруге болады. 
Натанзидың осы мәліметтерін кейінгі ғасырларда Ахмед Казвини (XVI ғ.), Хайдар 
Рази (XVII ғ.) секілді тарихшылар өз еңбектерінде пайдаланады. 
Ал тарихшылардың келесі бөлігі 1426 жылы жазылған, авторы белгісіз 
«Муизз әл-ансаб» атты шығармадағы мәліметке сүйеніп, Көк Орда - Жошы 
ұлысының сол қанатында болған деп санайды. Шығармадағы Ордаежен туралы 
«Оның ұлдары мен ұрпақтарын Көк Орда деп атайды» деген мәлімет осы пікірге 
негіз ретінде алынып жүр. 
Әбілғазының «Түрік шежіресінде» (XVII ғ.) Ақ Ордаға қатысты мәлімет 
кездеседі. Онда Ақ Орда - ұлыс делініп, ұлысты Шибанның ұлы Бахадүр ханның 
басқарғаны айтылады. Осы ғасырдың келесі бір 
тарихшысы Махмуд бен Уәли болса, «Шибан 
ханның ұлы Бахадүрге келер болсақ, ол әкесінің 
орнына ел мен ұлысқа басшылық ете бастады. 
Жақын туыстарына, тайпаларына және төрт 
қаушынға жиналуға әмір беріп, ол қыстауы мен 
жайлауына Жүз Орда ретінде белгілі Ақ Орданы 
таңдап алды» -деп жазады.
«Ақ Орда» және «Көк Орда» атауына 
қатысты мәлімет Өтеміс қажының «Шыңғыс-
нама» еңбегінде де кездеседі. Зерттеушілердің 
пікірінше мұндағы мәліметтердің көбі біржақты, 
яғни шибанилық бағытта жазылған мәліметтер 
деген қорытынды жасайды. 
XX ғ. 60-шы жж. басына дейін тарихнамада 
Ақ Орда атауы Жошы ұлысының сол қанатына 
қолданылып келеді. М.Г. Сафаргалиев алғаш рет 


75 
мұндай қолданысқа қарсы шығып, сол қанатқа қатысты - Көк Орда, оң қанатқа 
қатысты –Ақ Орда атауының қолданылуы дұрыс деп есептейді. 60-шы жж. соңына 
таман бұл пікірді Г.А. Федоров-Давыдов одан әрі дамытады. Ол Натанзидың Ақ 
Орда әулетінің негізін қалаған Ноғай және оның ұрпақтары деген мәліметінің 
қатесін көрсете келе, «екінші бөлініс» жөнінде тұжырым айтады. Ол бойынша 
бірінші бөлініс, ол – Жошы ұлысының Ордаежен және Батый ұлыстары болып 
бөлінуі де, екінші бөлініске Батый Ұлысының Тоқта мен Ноғай арасында бөлінуі 
болған деп санайды және сонда ғана Натанзидың мәліметі шындыққа айналады. 
Натанзи мәліметінің қателігін В.Л. Егоров, В.П. Юдин, Т.И. Сұлтанов және 
басқалар баса көрсетіп, Ордаежен ұлысын – Көк Орда, Батый ұлысын – Ақ Орда 
деп жаза бастайды.
Зерттеушілердің талқылауы барысында Шибан ұлысына қатысты мәселелер 
көтеріліп, оның қай қанатқа жататыны анықталды. Әсіресе, Ақ Ордаға синоним 
болған Жүз Орда туралы материалдар ерекше қызығушылық туғызады. Жүз 
Орданың қазақ жүздерімен байланысы бар екені ескеріліп, Ақ Орда атауы 
Қазақстан аумағына қайтарыла бастайды. Т.И. Сұлтанов Ақ Орда атауы 
алғашында Шибан ұлысына қатысты айтылып, кейіннен бұл атау бүкіл 
Қазақстанға ауысқан деген қорытындыға келеді. К.И. Петров пен К.А. Пищулина 
да Шибан ұлысы мен Ордаежен ұлысының Ақ Орданың құрамына енгенін 
жазады. 
Моңғол мемлекетінің қос қанаттарындағы аумақтық-әкімшілік жүйесін 
зерттеген В.В. Трепавлов та бұл мәселеге соқпай кетпейді. Оның дәлелдеп 
көрсетуі бойынша Жошы ұлысы алғашында Ақ (Батый ұлысы) және Көк 
(Ордаежен ұлысы) Ордалар болып бөлінген де, кейіннен олардың әрқайсысы өз 
ішінде тағы да қос қанатқа жіктелген. Ордаежен ұлысының шығыс бөлігі – Көк 
Орда, батыс бөлігі Ақ Орда болған. Шибан ұлысының аумағы Ақ Орда деп 
аталған деген тұжырым жасайды. 
Жалпы, жоғарыда айтылып өткен Ақ Орда мен Көк Орда атауларына 
байланысты талас пікірлерді түйіндей келе мынадай қорытындыға келуге болады. 
Біріншіден, Жошы Ұлысының оң қанаты – Көк Орда, сол қанаты - Ақ Орда 
делінетін Муин ад-дин Натанзидың мәліметтерін зерттеушілер сынға алғаннан 
кейін дискуссия басталып, керісінше, зерттеушілер енді оң қанатты – Ақ Орда, сол 
қанатты – Көк Орда деп атай бастайды. 
Екіншіден, дискуссия барысында Қазақстан аумағында Шибан Ұлысының 
болғандығы, оның Ақ Орда (синонимі- Жүз Орда) деп аталатындығы, Шибан 
ұлысы мен Ордаежен ұлысының бірігуі Ақ Орда деп аталғаны дәлелденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет