Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі


Білімді тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет12/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

Білімді тексеруге арналған сұрақтар: 
1 Орда Ежен ұлысының құрылуы мен оның Алтын Орда құрамындағы 
статусын анықтаңыз?
2 Орда Ежен ұлысының ішкі құрылымы қандай болды? 
3 Ақ Орда мемлекетінің аумағын көрсетіңіз?
4 Ақ-Орданың саяси тарихы бойынша толық мәліметтер қандай деректерде 
көрсетілген? 
6 Шығыс Дешті Қыпшақтағы Барақты биліктен тайдыру қалай жүзеге асты? 
§2 Ақ Орданың XIV-XV ғғ. алғашқы жартысындағы саяси тарихы 
 XIV ғасырдың бас кезінен Ордаежен ұрпақтарының Сыр өңірінің қалалары 
мен Жетісу жайылымдары үшін Шағатай ұрпақтарымен күресі жүргізілді. 
Сонымен бірге далалық аудандардың көшпелілері мен жартылай көшпелілерінің 
және Сыр өңірі жазирасының отырықшы аудандарының халқы арасындағы сауда-
экономикалық қатынастарды қалпына келтіру үрдісі күшейді.
Ақ Орда хандары Ертістен Сырдарияға, Алтайдан Ұлытау мен Аралға 
дейінгі кең далада экстенсивті мал шаруашылығын дамытып, дәстүр бойынша 
жазғы және қысқы жайылымдарға көшіп-қонудың қалыптасқан тәртібін 
орнықтырып, Сырдарияның орта ағысының, Таластың, Шудың отырықшы-
егіншілік жазиралары мен Ұлытау даласында шаруашылық және мәдени өмірді 
қалпына келтіруге қадамдар жасайды. 
Му'ин ад-дин Натанзи Ақ Орданың кезекті ханы Сасыбұғаның ұзақ уақыт 
бойы ел басқарғанын және Сауран қаласында жерленгенін жазады. Ал оның 
мұрагері Ерзен хан Алтын Ордадағы Өзбек ханның жарлығымен таққа отырады. 
Оның тұсында Ақ Орда көркейіп, Сығанақ, Отырар, Сауран, Жент, Барышкент 
қалалары гүлденеді, көптеген ғимараттар салынады. Ұлыстың көркейгенін Му'ин 
ад-дин Натанзи: «Мұндайды ешкім де одан кейін түсінде де көрмеді» - деп 
жазады. Ерзен хан қайтыс болғаннан кейін Сығанақ қаласында жерленеді. Ал 


71 
оның ұлы Мүбарак қожа хан Ақ Орданы Алтын Ордадан бөлектеу саясатын 
жүргізеді. Деректе оның бұл саясатын «бұлғақтау» деп атайды. Бірақ оның 
саясаты жеміс бермей, ол Ақ Орданың тағынан қуылады да, Алтай жағында 
қайтыс болады.
Жәнібек ханның жарлығымен Ақ Орда тағына Мүбарак қожа ханның 
бауыры Шымтай (1344-1361) отырады. Оның билігі тұсында Алтын Ордада 20 
жылға созылған «дүрбелең жылдар» кезеңі басталады. Бердібек ханның өлімінен 
кейін Шымтайды Сарай әмірлері таққа отыруға шақырғанымен, ол ұсыныстан бас 
тартады. Оның ұлдары болса, керісінше бағыт ұстанады. 
Алтын Орданың ыдырауы* 
Енді Ақ Орда Алтын Орданың ыдырауы кезеңіндегі тарихына тоқталайық
Шымтай ханнан соң билікке оның мұрагері Орыс хан келеді. Қадырғали Жалаири, 
Му'ин ад-дин Натанзи оған батыл мінезді, күшті әрі құдіретті билеуші деп баға 
береді. Орыс хан тұсында Ақ Ордадағы хандық билік күшейіп, ол Алтын Орда 
тағына белсенді түрде ұмтыла бастайды. 1368 жылы «державаның тіректері мен 
сарай шонжарларының» қолдауына сүйенген Орыс хан Еділ бойына жорыққа 
аттанады. Ол 1374/1375 жылы Сарай қаласын алып, Қажы-Тарханды (Астраханды) 
қоршайды. 
Алайда Орыс хан Алтын Орда тағында ұзақ бола алмады. Ол Сарайдағы 


72 
билігін нығайту үшін Алтын Орданың батыс бөлігінде едәуір билікке қол 
жеткізген Алтын Орданың уақытша билеушісі, хан әулетіне күйеу болып 
саналатын Мамайды ығыстыра алмады. Орыс 1-2 жылдан соң Сырдың орта ағысы 
бойына қайтып келеді. Мұнда ол 1370 жылы Мауереннахрдың билеушісі болған
Әмір Темірдің жорықтарына қарсы тойтарыстар ұйымдастыруды қолға алады. 
Орыс хан өзін қолдамаған Маңғыстау билеушісі тұқайтемірлік Тайқожа оғланды 
жазаға тартады. Оның ұлы Тоқтамыс қашып кетіп, әмір Темірді пана тұтады. 
Мауереннахр әмірі болса өзінің жоспарын жүзеге асыру үшін Шыңғыс әулетінің 
біріне әскери көмек беріп, екіншісіне айдап салады. Тоқтамыстың Ақ Ордаға 
жасаған алғашқы жорықтары еш нәтиже бермеді. Орыс хан 1377/78 жылы қайтыс 
болып орнына үлкен ұлы Тоқтақия отырады. Оның билігі ұзаққа созылмай, 2-3 
айдан соң қайтыс болады. Орыс ханның екінші ұлы Темірмәлік таққа ие болады. 
Ол Сауран түбінде Тоқтамысты кезекті бір жеңіліске ұшыратқанымен, Темірдің 
көмегіне сүйенген Тоқтамыс ақыры 1378 жылы Орыс ханның ұлын жеңіп
Сығанақты басып алады. Сығанақта ол 1378, 1380 жылдары ақша шығарады.
Әмір Темірдің тікелей көмегімен Ақ Ордадағы билікті қолына алған 
Тоқтамыс Жошы ұлысының шығыс және батыс бөліктерін біріктіру саясатын 
ұстанады. Тоқтамыс өзін Сығанақта Ақ Орданың ханы деп жариялайды да, 1380 
жылы Жошы ұлысының батыс бөлігін тез бағындырады. Сөйтіп, Тоқтамыс 
ханның Алтын Ордадағы 15 жылдық билігі басталады. Тарихта Тоқтамыстың 
Алтын Ордадағы билік құрған жылдарын «уақытша күшею» жылдары деп атайды.
1395 жылы Тоқтамыс хан Әмір Темірден күйрей жеңіліс тауып, Сарайдан қашып 
Сібір жаққа кетеді. 
1395 жылы әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы күресіне Орыс ханның 
ұлдарының бірі Қойыршақ та қатынасады. Алтын Орда ханын жеңіліске 
ұшыратқаннан кейін Қойыршақ Мауереннахр билеушісінің қолдауымен Ақ 
Орданы иеленеді. Ешбір жазба дерек Қойыршақтың Ақ Ордада қай жылдары, 
қанша жыл билік құрғаны, қандай саясат жүргізгені жөнінде ешқандай мәлімет 
бермейді. Әбдіразақ Самарқанди 1412/13 жылы Хорезмге байланысты болған
оқиғаларды баяндау барысында Едіге бимен бірге Шыңғыс оғланның есімін 
атайды да, 1416/17 жылы Тоқтамыстың ұлы Жаппарберді сұлтанның Шыңғыс 
оғланды жеңіп, Өзбек ұлысын иеленгенін жазады. Осы мәліметке қарағанда 
Қойыршақтан кейін Едігенің қолдауымен Орыс хан ұрпақтарының бірі- Шыңғыс 
оғлан Ақ Ордада отырған болуы мүмкін. Ал осы оқиғалардан кейін Ақ Орданың 
тарихында алғаш рет Қойыршақтың ұлы – Барақтың есімі кездесе бастайды.
Ортағасырлық авторлар Барақты батыр, жігерлі тұлға ретінде сипаттайды. 
Ол XV ғасырдың 10-шы жылдарының аяғында Шығыс Дешті Қыпшақ 
аумағындағы ішкі өзара күрестерге белсене араласып, көзге түседі. 1418/19 жылы 
Барақ хан Алтын Орда тағы үшін Ұлық Мұхаммед ханмен күресіп, одан жеңіледі 
де, Ұлықбектің қолдауына сүйенуге мәжбүр болады. Әбдіразақ Самарқанди Барақ 
оғланның Самарқанға келген мезгілін 1419 жылдың мамыры деп көрсетеді. 


73 
1422/23 жылы Барақтың Алтын Орда тағын иеленгенін деректер хабарлайды. 
Бірақ та Сарайда ұзақ билік құра алмай Барақ хан 1425/26 жылы Сыр бойына 
оралады. Сыр бойындағы қалалар бұл кезде темірлік әулетке бағынышты еді. 
Ұлықбек пен Барақ хан арасында Сырдың орта ағысы бойындағы қалалар үшін 
күрес басталады. Келесі жылы екі жақ арасында үлкен шайқас болып, әскерінің 
көптігіне қарамастан Мауереннахр билеушісі жеңіліс табады. Барақ хан да Сыр 
бойында ұзақ билік жүргізе алмады. 1428 жылы ол тақ үшін таласқан 
қарсыластарының қолынан қаза табады.
Осылайша, Барақ ханның қаза табуымен Шығыс Дешті Қыпшақ 
аумағындағы Ордаежен әулетінің билігі саяси биліктен бірнеше ондаған жылдарға 
шеттетіледі. Тек қана Керей мен Жәнібек хандардың жүргізген күресі жеңіспен 
аяқталып, олардың XV ғасырдың 70-ші жылдарының басында жаңа сападағы 
мемлекет – Қазақ хандығын құруымен Ордаежендік әулет билікке қайта оралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет