Тоқсандық жиынтық бағалау
|
2.5.6.1 - магниттерді қолдану аясын сипаттау;
2.1.2.7 - эксперимент жүргізу және оның нәтижелерінкестеге түсіру
|
1
|
|
|
36
|
Жазғы демалысты қалай қызықты өткізуге болады?
|
2.1.1.1 - қоршаған әлем құбылыстары, үрдістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайлардыжәнезерттеушінің тұлғалық қасиеттерін анықтау;
|
1
|
|
|
Түсінік хат
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.
Бұл оқу пәні негізгі және жоғары мектепте қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар цикл пәндерінің негізін қалай отырып, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пропедевтикалық пән.
Ол Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік өмірінің жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде оқушыларда қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.
«Дүниетану» пәні бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігі қалыптастырушы бағалау шеңберінде сұрақ-жауап нәтижелері, бақылау жұмыстарының, тест тапсырмалары, практикалық жұмыстар мен диктанттар нәтижелері бойынша кері байланыс беру және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті форматтағы сабақты құру мақсатында, сонымен қатар, рәсімдер саны нақты анықталынған жиынтық бағалау шеңберінде бағаланады және сынып журналына балл қою қарастырылады.
63-кесте – «Дүниетану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны
Сынып
|
Жиынтықбағалаурәсімдері
|
І тоқсандағы
ЖБ саны
|
ІІ тоқсандағы ЖБ саны
|
ІІІ тоқсандағы ЖБ саны
|
ІV тоқсандағы ЖБ саны
|
Әржартыжылда ТЖБ
|
2-сынып
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
«Дүниетану» оқу пәні жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан білім алушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара келісілуі туралы білім жүйесін қалыптастыруына бағытталған.
«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағатты құрайды.
Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |