Ж. Биембаева 2022жҚазақстан – көрікті мекенім
Жаратылыстану пәні бойынша 2-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар Апталық жүктеме 1 сағат, жылдық жүктеме 36 сағат. Алматыкітап баспасы, 2022 жыл. Авторлары: Ж.Т.Сүйіндікова, В.Н.Зворыгина, Н.А.Болтушенко, Т.В.Помогайко, О.А.Лауто, Т.Л.Яндулова «Жаратылыстану» пәні ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен бекітілген (7-қосымша) «Жаратылыстану» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады. Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәнінің мақсаты – білім алушының жаратылыстану ғылымы негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру және зерттеу біліктері мен дағдыларын дамыту. «Жаратылыстану» пәнін оқытудың ерекшеліктері: - пән мазмұнындағы деректер мен білімдер жүйесі оқушылардың қоршаған әлем туралы, атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы алғашқы білімін қалыптастырады. 88 - пән оқушының ғылыми-зерттеу дағдысын: сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу, зерттеу жоспарын дайындау және болжам жасау, сұрақтарға жауап табу үшін зерттеулер жүргізу; зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді жинақтау, өңдеу және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. - бастауыш сыныпта оқушылар пәнді меңгеру барысында дәстүрлі емес ойлау формаларына үйренеді, ақиқатпен байланысты іс-әрекеттердің жауабын табуға, сұрақтар қоюға дағдыланады, ғылыми-зерттеу тәсілдерін түсініп, ойлауға және бақылауға дағдыланады. - білім алушыны зерттеу жұмыстары мен тәжірибелер жасау арқылы тапсырманы өздігінен ізденіп орындауына және дұрыс тұжырым жасауына бағыттайды, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Жаратылыстану пәнін оқытуда қолданылатын зерттеудің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау әр тоқсанда 1 рет, тоқсандық жиынтық бағалау әр тоқсанда бір рет болады. Жаратылыстану пәнінің ерекшелігіне байланысты әр БЖБ бойынша 8-10 балл, ал ТЖБ бойынша 12-18 балл беру ұсынылады. БЖБ-ны әр бөлім бойынша тақырыптар мазмұнын ашатын тест сұрақтары түрінде беруге болады
жүктеу/скачать 175.2 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |